«Федоров ауданы Первомай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ ауылдық округ әкімінің «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» 2020 жылғы 27 қарашадағы № 20-ө өкімінің негізінде 2020 жылғы 01 желтоқсан мен 28 желтоқсан аралығында Первомай ауылдық округі әкімінің аппаратында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Ішкі талдаумен ауылдық округ әкімі аппаратының 2020 жылғы 01 қаңтар және 28 желтоқсан аралығындағы жұмыс кезеңі қамтылды.
Бұдан бұрын ауылдық округ әкімінің аппаратында ішкі талдау 2016 жылдан бастап өткізіледі, талдаумен ауылдық округ әкімі аппаратының 2017, 2018, 2019 жылдардың өткен кезеңіндегі, 2020 жылдың бірінші жартыжылдығы жұмыс кезеңі қамтылды.
Ауылдық округ әкімінің аппараты өз қызметін Федоров ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 23 желтоқсандағы № 300 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік мекеме туралы ереженің негізінде жүзеге асырады. Ережеде белгіленген ауылдық округ әкімі аппаратының функциялары нормативтік құқықтық актілерге сәйкес келеді.
Ауылдық округ әкімінің аппараты өз қызметінде басшылыққа алатын негізгі нормативтік құқықтық актілер: «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңдары.
Ауылдық округ әкімі аппаратының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді талдау қорытындылары бойынша коллизиялар, дискрециялық нормалар анықталған жоқ. Мемлекеттік қызметтердің белгілері бар функциялар анықталған жоқ.
Ауылдық округ әкімі аппаратының штат саны 4 бірлікті құрайды (ауылдық округ әкімі, 1 бас маман, 2 жетекші маман).
Талдау өткізу кезеңінде ауылдық округ әкімінің аппараты толық жинақталған. 2020 жылдың өткен кезеңінде қызметкерлерді қызметінен босату, лауазымын төмендету фактілері болған жоқ.
Жұмысқа қабылданған қызметкерлердің аффилирленгендігі, сонымен қатар мүдделер қақтығысы анықталған жоқ.