«Федоров ауданы Камышин ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ өз қызметін Федоров ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 23 желтоқсандағы № 301 қаулысымен бекітілген, енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен мемлекеттік мекеме туралы ереже негізінде жүзеге асырады. Ережеде айқындалған мемлекеттік мекеменің функциялары нормативтік құқықтық актілерге сәйкес келеді.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің еңбек қызметінде басшылық ету нормативтік - құқықтық актілердің тізбесі:
«Қазақстан Республикасының Конституциясы», «Әдеп кодексі», «Еңбек кодексі», «Бюдет кодексі», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», « Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңдары, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу ережесі».
2020 жылғы 2 жартыжылдық аралығындағы кезеңде жүргізілген талдау қорытындылары бойынша әкім аппараты қызметкерлерінің еңбек қызметінде мемлекеттік мекеменің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді талдау қорытындылары бойынша коллизиялар, олқылықтар, дискрециялық нормалар анықталған жоқ.
Штат саны: талдау жүргізу кезеңінде Кмышин ауылдық округі әкімінің аппараты толық жинақталған. 2020 жылғы 2 жартыжылдық аралығындағы кезеңінде теріс себептер бойынша жұмыстан шығару, қызметкерлердің лауазымын төмендету фактілері тіркелмеген. Ауылдық округ әкімі аппаратының штат саны 4 бірлікті құрайды (ауылдық округ әкімі, 3 бас маман).
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық нұсқаулықтарында олардың лауазымдық құқықтары мен міндеттері толық көрсетілген, қызметкерлердің міндеттерін қайталау фактілері жоқ.
Қызметкерлерге сыйлықақы беру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Талданып отырған кезеңде қызметкерлерге сыйақы беру жүзеге асырылған жоқ.
Ауылдық округ әкімі аппаратының қызметкерлеріне демалыс беру бекітілген кестеге және Мемлекеттік қызмет туралы Заңына және Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жүзеге асырылады. Қызметкерлерге сыйлықақы беру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.