2023 жылғы 17 мамырда «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» № 4 үлгілік базалық бағытын іске асыру шеңберінде Федоров ауданының әдеп жөніндегі уәкілі А.С. Умуртаева Федоров ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілерімен семинар өткізді.
Семинарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес нормативтік құқықтық актілер жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізуді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды сақтауды қамтитын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының жүйесі қаралды.