Федоров ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындысы бойынша Федоров аудандық сайлау комиссиясының хабарламасы

ХАБАРЛАМА

2023 жылғы 30 сәуірде Федоров сайлау округтері бойынша Федоров ауданының Федоров ауылдық округінің әкімін сайлау өткізілді.

Федоров аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының                      9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-баптарына сәйкес, Федоров ауданының Федоров ауылдық округінің әкімі сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлауды қорытындылады:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 6 287 азамат енгізілді, олардың         4 886 дауыс берді. Жарамсыз бюллетень саны – 32, «Барлығына қарсымын» жолағында белгісі бар – 36.

Әр кандидатқа берілген дауыс саны:

Вишневский В.В. – 901; Воробкало В.Г. – 3 375; Куантаев А.Д. – 542.

Федоров ауылдық округінің әкімі болып Воробкало Виталий Геннадьевич сайланды, 1976 жылы туған, Федоров ауылдық округінің әкімі, Федоров ауданының Федоров ауылында тұрады, «AMANAT» партиясы» ҚБ өңірлік филиалы ұсынды.

                                               Федоров аудандық сайлау комиссиясы

Федоров ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындысы бойынша Федоров аудандық сайлау комиссиясының хабарламасы
Дата публикации
01 мая 2023