«Федоров ауданы Қоржынкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2022 жылғы 12 айға арналған мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есеп
|
1. Жалпы ережелер.
|
||
|
1) Қызмет беруші туралы мәлімет |
1. «Федоров ауданы Қоржынкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - әкім аппараты), Қоржынкөл ауылдық округі әкімінің (бұдан әрі - әкім) қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасы заңнамасымен көрсетілген басқа да қызметтерді жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады. 2. Әкімнің аппараты өз қызметін Конституцияға және Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, басқа да нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы әкімнің аппараты туралы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 3. Әкімнің аппараты мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық нысанында заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тілде өз атауларымен мөр және мөр табандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, қазынашылық органында шоты бар. 4. Әкімнің аппараты өз атынан азаматтық-құқықтық қарым-қатынасқа енеді. 5. Әкімнің аппараты заңнамаға сәйкес мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынас жағынан сөз сөйлеуге құқылы. 6. Қоржынкөл ауылдық округі әкімінің аппараты туралы Ереже, оның құрылымдары аудан әкімімен бекітіледі. 7. Мемлекеттік органның толық атауы орыс тілінде - государственное учреждение «Аппарат акима Коржинкольского сельского округа Федоровского района», қазақ тілінде «Федоров ауданы Қоржынкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі. Заңды тұлғаның мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Федоров ауданы, Лесное ауылы, Юбилейная көшесі, 13-үй, пошта индексі 111912. «Федоров ауданы Қоржынкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіндегі жұмыс уақытының ұзақтығы күн сайын сағат 9.00-ден сағат 18.30-ға дейін, демалу және тамақтану үшін сағат 13.00-ден сағат 14.30-ға дейін (сенбі, жексенбіден басқа) үзіліспен белгіленеді. 8. «Федоров ауданы Қоржынкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі аудан әкімімен құрылады, таратылады және қайта құрылады. 9. Әкімнің аппараты жергілікті бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекеме болып табылады. 10. Әкімнің аппаратына әкім аппаратының қызметі болып табылатын міндеттерді орындауға кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынасқа тұруға тыйым салынады. |
|
|
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат: |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің саны |
13 |
|
- «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсеткен мемлекеттік қызмет саны |
13 |
|
|
Тегін және (немесе) ақылы негізінде көрсеткен мемлекеттік қызмет саны |
7 – тегін; 3 – ақылы; 3 –тегін/ақылы |
|
|
Қағаз және (немесе) электрондык нысанында мемлекеттік қызмет саны |
10 – электрондық/ қағаз, 3 - қағаз |
|
|
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерінің бекітілген стандарттар мен регламеттердің саны |
13 стандарттар |
|
|
3)Ең талап етілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат: |
2022 жылғы 12 айда көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет саны – 4; Оның ішінде: «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» -2, «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» - 2. |
|
|
2. Қызмет алушылармен жұмыс
|
||
|
1) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты жеткізу орындары мен көздері туралы мәліметтер: |
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат, мемлекеттік қызмет көрсетуді реттейтін нормативтік құқықтық актілер "Федоров ауданы Қоржынкөл ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ ғимаратының ақпараттық стендтерінде және Федоров ауданы әкімдігінің ресми Интернет-ресурсында орналастырылған https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay-fedorov «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сілтемелер, жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізілімі, ауданның мемлекеттік мекемелері көрсететін мемлекеттік қызметтердің тізбесі, Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидалары, Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпаратты алуға болатын көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік органдардың Байланыс телефондары орналастырылған, ал сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8-800-080-77-77 телефондары арқылы алуға болады. |
|
|
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартардың жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат |
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 11-бабына сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің құзыретіне мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартардың жобаларын жария талқылауларды өткізуі кірмейді. |
|
|
3) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету процесіннің ашықтығын қамтамассыз етуге бағытталған шаралар (түсіндіру жұмыс, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалары) |
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында 2022 жылы қызмет алушылармен 19 жиын және мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмысты ұйымдастыруға қатысты мемлекеттік қызмет көрсететін мамандармен 7 кеңес өткізілді, оларға 287 адам қатысты. |
|
|
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша қызмет.
|
||
|
1) мемлекеттік қызмет көрсету барысын автоматтандыру және оңтайландыру нәтижелері |
Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері оларды көрсету сапасына оң әсерін тигізеді. Әкімшілік рәсімдерді оңтайландыру және қысқарту мақсатында 2022 жылы Мемлекеттік қызметтерді электрондық форматқа көшіру бойынша жұмыстар жалғастырылды. |
|
|
2) мемлекеттік қызмет көрсету саласында қызметкерлер біліктілігін көтеруге бағытталған шаралар |
Мемлекеттік қызмет көрсететін мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында сабақтар өткізіледі, онда өзекті тақырыптар қаралады, мамандар «электрондық үкімет» веб-порталымен жұмысқа қатысады, сондай-ақ аудандық деңгейде ішкі бақылау қызметі өткізетін семинарларға қатысады. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша біліктілікті арттыру курстарынан мамандар өткен жоқ. |
|
|
4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бақылау. |
||
|
1) мемлекеттік қызмет көрсету сұрақтар бойынша қызметалушылардың шағымдар туралы ақпарат |
Есепті кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету сұрақтар бойынша қызметалушылардан шағымдар ауылдық округі әкімінің апаратына түскен жоқ және қарастырылмаған. |
|
|
2) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы үшін ішкі тексерудің нәтижелері |
2022 жылғы 30 мамырдағы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау қызметі жүргізген бақылау іс-шарасының нәтижелері бойынша есепті кезеңде қызметтер көрсетудің белгіленген мерзімдері бойынша бұзушылықтар анықталған жоқ. |
|
|
3) Уәкіл органмен өткізілген мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бағалау және бақылау бойынша, мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бақылау нәтижелері. |
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган 2022 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылауды жүргізген жоқ. |
|
|
4) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасының қоғамдық мониторингінің нәтижелері. |
«Федоров ауданы Қоржынкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік қызмет көрсету сапасының қоғамдық мониторингі жүргізілген жоқ. |
|
|
5. Қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттанушылығын арттыру және одан әрі тиімділігінің перспективалары. |
||
|
Мемлекеттік қызметтердің сапасын арттырудың негізгі бағыттары оларды автоматтандыру және электрондық форматқа көшіру болып табылады. Жалпы, мемлекеттік қызмет көрсету саласында электрондық үкімет порталы арқылы көрсетілген қызметтер санының өсуі бойынша оң үрдіс байқалады. Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік органның нысаналы индикаторы электрондық форматта және мерзімдерін бұзбай көрсетілген мемлекеттік қызметтер үлесін ұлғайту, сондай-ақ экономикалық белсенді халықтың ЭЦҚ-мен қамтамасыз ету болып табылады. Мемлекеттік қызметтерді тұтынушы ретінде халықтың сұрау салуына тұтастай бағдарлана отырып, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған жұмыс жалғастырылатын болады. |
||