2022 жылғы 12 айға арналған
мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша «Федоров ауданы Ленин ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметі туралы есеп
|
1. Жалпы ережелер.
|
||
|
1) Қызмет беруші туралы мәлімет |
1. «Федоров ауданы Ленин ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (Ленин ауылдық округі әкімінің аппараты – одан әрі мәтін бойынша) әкім қызметінің ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық–техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. 2. Ленин ауылдық округі әкімінің аппаратында идара жоқ, өз қызметің Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады, қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасы Заңдылыққа сәйкес жүзеге асырылады. 3. Ленин ауылдық округі әкімінің аппараты ұйымдық –құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады. 4. Ленин ауылдық округі әкімінің аппараты азаматтық –құқықтық қатынастарға өз атынан түседі. 5. Ленин ауылдық округі әкімінің аппараты егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттін атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар. 6. Ленин ауылдық округінің әкімі шешімдер мен өкімдерді шығарады. 7. Ленин ауылдық округі әкім аппаратының құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі. 9. Мемлекеттік органының толық атауы: «Федоров ауданы Ленин ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі. 10. Ереже Ленин ауылдық округі әкім аппаратының құрылтай құжаты болып табылады. 11. Ленин ауылдық округі әкім аппаратының қызметін қаржыландыру мемлекеттік бюджетінен жүзеге асырылады. 12. Ленин ауылдық округі әкімінің аппаратына кәсіпкерлік субъектілерімен «Федоров ауданы Ленин ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. |
|
|
2) Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат: |
мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің саны |
13 |
|
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саны |
13 |
|
|
Ақысыз және (немесе) ақылы негізде көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет саны |
7 – ақысыз; 3 – ақылы; 3 – ақылы/ақысыз |
|
|
Қағаз және (немесе) электрондык нысанда көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет саны |
13 – электрондық/ қағаз, 3 – электрондық (толық автоматтандырылған) |
|
|
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің бекітілген стандарттары мен регламенттерінің саны |
13 |
|
|
3) Ең талап етілген қызметтер туралы ақпарат: |
2022 жылғы 12 айға арналған мемлекеттік қызмет көрсетілген - 7, (2021 жылдың ұқсас кезеңінде – 4). оның ішінде: ауылдық округ әкімінің аппараты арқылы көрсетілген – 7, (2021 жылдың ұқсас кезеңінде – 4). - «Мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) сатып алу» - 7, (2021 жылдың ұқсас кезеңінде – 10). - «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» -3, (2021 жылдың ұқсас кезеңінде – 0). |
|
|
2. Қызмет алушылармен жұмыс
|
||
|
1) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты жеткізу орындары мен көздері туралы мәліметтер: |
Мемлекеттік қызметтерге тұрғындардың түрлі қол жетімділікті қамтамассыз ету мақсатында, Федоров ауданы әкімдігінің ресми Интернет-ресурста «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде «Ауылдық округі әкім аппараттармен көрсетілген мемлекеттік қызметтер» қосымша бетте, «Федоров ауданы Ленин ауылдық округі әкімнің аппараты» ММ мемлекеттік қызметтердің стандарттар, қызмет берушінің байланыс телефондар, олар арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат алуға болады, жауапты тұлғалар мен мемлекеттік қызметтерді ұсыну тізбелері орналастырылған. Әкім аппаратының ғимаратында нормативті-құқықтық актілермен, мемлекеттік қызмет көрсету бойынша ақпараттық-анықтамалық мәліметтермен стендтер ресімделген, сапалы мемлекеттік қызмет көрсету үшін жауапты лаузымды тұлғалар анықталған. |
|
|
2) Мемлекеттік қызметтер стандартардың жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат |
Қазақстан Республикасы 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заңының 11 бабына сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің құзыретіне мемлекеттік қызметтер стандартардың жобаларын жария талқылауларды өткізуі кірмейді соның ішінде: - «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) талап етпейтін мемлекеттік жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу» -4, (2021 жылдың осы кезеңіне – 10); - «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешім беру» - 3, (2021 жылдың осы кезеңіне - 0); |
|
|
3) мемлекеттік қызметтерді көрсету процесіннің ашықтығын қамтамассыз етуге бағытталған шаралар (түсіндіру жұмыс, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалары) |
2022 жылдың ішінде мемлекеттік қызмет көрсету сапасын көтеру бойынша әкім аппаратымен 93 түсіндіру шаралар өткізілді, олардың ішінде: жиындар – 48. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын көтеру бойынша түсіндіру шаралармен тұрғындардың қамтылуы – 899 адам.
|
|
|
3. Мемлекеттік қызмет көрсету барысын мүлдесі бойынша әрекет.
|
||
|
1) мемлекеттік қызмет көрсету барысын автоматтандыру және оңтайландыру нәтижелері |
Мемлекеттік қызмет көрсету барысын автоматтандыру және оңтайландыру нәтижелері мемлекеттік қызмет көрсету сапасына жақсы әсерін тигізеді. Мемлекеттік қызмет көрсету рәсім жеңілденеді, мемлекеттік қызмет көрсету барысында әкімшілік барьерлер және мезгілі азайланады. |
|
|
2) мемлекеттік қызмет көрсету саласында қызметкерлер біліктілігін көтеруге бағытталған шаралар |
Мемлекеттік қызмет көрсететін қызметкерлердің кәсиби біліктілігін көтеру мақсатында, құқықтық жалпыға міндетті оқыту бойынша сабақтар өткізіледі, сол сабақтарда маңызды тақырыптар қарастырылады, және мамандар аудан семинарларда қатысады. Мемлекеттік қызмет көрсету сұрақтар бойынша біліктілігін көтеру курстарды өткен тұлғалардың саны-1. Ауылдық округі әкім аппаратының мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін көтеру мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін көтеру Жоба-кестенің негізінде жүзеге асырылады. |
|
|
4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бақылау.
|
||
|
1) мемлекеттік қызмет көрсету сұрақтар бойынша қызметалушылардың шағымдар туралы ақпарат |
Есепті кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету сұрақтар бойынша қызметалушылардан шағымдар ауылдық округі әкімінің апаратына түскен жоқ және қарастырылмаған |
|
|
2) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы үшін ішкі тексерудің нәтижелері |
Федоров ауданы әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшесі «Федоров ауданы Ленин ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ ішкі бақылаудың бір іс-шарасын жоспарлады және өткізді. Ауылдық округ әкімі аппаратында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жоқ. |
|
|
3) Уәкіл органмен өткізілген мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бағалау және бақылау бойынша, мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бақылау нәтижелері. |
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бағалау және бақылау бойынша, мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бақылау уәкіл органмен өткізілген жоқ.
|
|
|
4) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасының қоғамдық мониторингінің нәтижелері. |
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасының қоғамдық мониторинг ауылдық округінің әкім аппаратында өткізілген жоқ.
|
|
|
5. Қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасымен қанағатын көтеру және онан әрі тиімділігінің келешегі. |
||
|
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттырудың негізгі бағыттары оларды автоматтандыру және Мемлекеттік корпорацияға аудару болып табылады. Ауылдық округтің экономикалық белсенді тұрғындарының 95 % - ында ЭСҚ бар, олар жұмыс мерзімі аяқталғаннан кейін жаңартылады. Мемлекеттік қызметтерді тұтынушы ретінде халықтың сұрау салуына тұтастай бағдарлана отырып, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған жұмыс жалғастырылатын болады. Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік органның нысаналы индикаторы-Мемлекеттік корпорация және «электрондық үкімет порталы» арқылы электрондық форматта көрсетілген мемлекеттік қызметтердің пайызын ұлғайту. Сондай-ақ, ЭСҚ бар экономикалық белсенді халық санын 99 пайызға дейін арттыру. |
||