2022 жылғы 12 айға арналған мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша «Федоров ауданы Камышин ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметі туралы есеп
|
1. Жалпы ережелер.
|
||
|
1) Қызмет беруші туралы мәлімет |
1. «Федоров ауданы Камышин ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - әкімінің аппараты), Камышин ауылдық округі әкім (бұдан әрі - әкім) қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасы заңнамасымен көрсетілген басқа да қызметтерді жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады. 2. Әкімнің аппараты өз қызметін Конституцияға және Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, басқа да нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы әкімнің аппараты туралы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 3. Әкімнің аппараты мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық нысанында заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тілде өз атауларымен мөр және мөр табандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, қазынашылық органында шоты бар. 4. Әкімнің аппараты өз атынан азаматтық-құқықтық қарым-қатынасқа енеді. 5. Әкімнің аппараты заңнамаға сәйкес мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынас жағынан сөз сөйлеуге құқылы. 6. Камышин ауылдық округі әкімінің аппараты туралы Ереже, оның құрылымдары аудан әкімімен бекітіледі. 7. Мемлекеттік органның толық атауы орыс тілінде - государственное учреждение «Аппарат акима Камышинского сельского округа Федоровского района», қазақ тілінде «Федоров ауданы Камышин ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі. Заңды тұлғаның мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Федоров ауданы, Чистый Чандак ауылы, Пионерская көшесі, 3 үй, пошта индексі 111921. «Федоров ауданы Камышин ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіндегі жұмыс уақытының ұзақтығы күн сайын сағат 9.00-ден сағат 18.30-ға дейін, демалу және тамақтану үшін сағат 13.00-ден сағат 14.30-ға дейін (сенбі, жексенбіден басқа) үзіліспен белгіленеді. 10. Әкімнің аппаратына әкім аппаратының қызметі болып табылатын міндеттерді орындауға кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынасқа тұруға тыйым салынады. |
|
|
2) Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат: |
Мемлекеттік қызметтердің сапасы |
13 |
|
«Үкімет азаматтар үшін» мемлекеттік корпорация арқылы көрсеткен мемлекеттік қызмет саны;
|
13
|
|
|
Тегін және (немесе) ақылы негізінде көрсеткен мемлекеттік қызмет саны |
7 – тегін; 3– ақылы; 3 –тегін/ақылы |
|
|
Қағаз және (немесе) электрондык нысанында мемлекеттік қызмет саны |
10– электрондык/ қағаз, 3– электрондык (толық автоматтандырылған)
|
|
|
Мемлекеттік қызметтерінің бекітілген стандарттар мен регламеттердің саны |
13 ережелер
|
|
|
3) Ең талап етілген қызметтер туралы ақпарат: |
2022 жылғы 12 айға 2 мемлекеттік қызмет көрсетілді, бұл 2021 жылға қарағанда 29%-ға аз (2021 жылдың ұқсас кезеңінде 7 мемлекеттік қызмет). Оның ішінде: ММ-0; (2021 жылдың ұқсас кезеңінде 0 мемлекеттік қызмет); Электрондық үкімет -0 порталы арқылы; Е-лицензиялау арқылы -2; (2021 жылдың ұқсас кезеңінде 7 мемлекеттік қызмет); Оның ішінде: «Мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) сатып алу»-2; Ең талап етілген қызметтер - ««Мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) сатып алу»- көрсетілген қызметтердің жалпы көлемінің 2 немесе 100 % ; |
|
|
2. Қызмет алушылармен жұмыс
|
||
|
1) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты жеткізу орындары мен көздері туралы мәліметтер: |
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат, мемлекеттік қызмет көрсетуді реттейтін нормативтік-құқықтық актілер "Федоров ауданы Камышин ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ ақпараттық стендтерінде және Федоров ауданы әкімдігінің ресми интернет ресурсында орналастырылған https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay-fedorov/documents/details/290402. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бөлімінде «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Заңына, Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне, ауданның мемлекеттік мекемелері көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізбесіне, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидаларына, көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік органдардың байланыс телефондарына олар арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат алуға болады, сілтемелер орналастырылған, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414, 88000807777 телефондары арқылы алуға болады. |
|
|
2) Мемлекеттік қызметтер стандартардың жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат |
Қазақстан Республикасы 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 11-бабына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларына жария талқылаулар өткізу облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің құзыретіне кірмейді. |
|
|
3) мемлекеттік қызметтерді көрсету процесіннің ашықтығын қамтамассыз етуге бағытталған шаралар (түсіндіру жұмыс, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалары) |
Мемлекеттік қызмет көрсету үрдісінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша 23 түсіндіру іс-шарасы өткізілді, оның ішінде: ауылдық округ тұрғындарымен жиналыс - 13, мамандармен кеңестер -9, аудандық газетте-1 мақала. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын көтеру бойынша түсіндіру шаралармен тұрғындардың қамтылуы –2527 адам. |
|
|
3. Мемлекеттік қызмет көрсету барысын мүлдесі бойынша әрекет.
|
||
|
1) мемлекеттік қызмет көрсету барысын автоматтандыру және оңтайландыру нәтижелері |
Әкімшілік рәсімдерді оңтайландыру және қысқарту мақсатында 2022 жылы Мемлекеттік қызметтерді электрондық форматқа көшіру бойынша жұмыстар жалғастырылды. Қызмет көрсетушілердің көмегімен халықтың мемлекеттік қызметтерге қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында eGov mobile қосымшасы бойынша жұмыс жалғасуда. |
|
|
2) мемлекеттік қызмет көрсету саласында қызметкерлер біліктілігін көтеруге бағытталған шаралар |
Мемлекеттік қызмет көрсететін қызметкерлердің кәсиби біліктілігін көтеру мақсатында, құқықтық жалпыға міндетті оқыту бойынша сабақтар өткізіледі, сол сабақтарда маңызды тақырыптар қарастырылады, және мамандар аудандық деңгейде ішкі бақылау қызметімен өткізілетін аудан семинарларда қатысады. Мемлекеттік қызмет көрсету сұрақтар бойынша біліктілігін көтеру курстарды өткен тұлғалардың саны-1. |
|
|
4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бақылау.
|
||
|
1) мемлекеттік қызмет көрсету сұрақтар бойынша қызметалушылардың шағымдар туралы ақпарат |
Есепті кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету сұрақтар бойынша қызметалушылардан шағымдар ауылдық округі әкімінің апаратына түскен жоқ және қарастырылмаған |
|
|
2) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы үшін ішкі тексерудің нәтижелері |
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау қызметі 2022 жылғы 28 қыркүйекте жүргізген бақылау іс-шарасының нәтижелері бойынша есепті кезеңде қызметтер көрсетудің белгіленген мерзімдері бойынша бұзушылықтар анықталған жоқ. |
|
|
3) Уәкіл органмен өткізілген мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бағалау және бақылау бойынша, мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бақылау нәтижелері. |
2022 жылда мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бағалау және бақылау бойынша, мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бақылау уәкіл органмен өткізілген жоқ.
|
|
|
4) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасының қоғамдық мониторингінің нәтижелері. |
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасының қоғамдық мониторинг ауылдық округінің әкім аппаратында өткізілген жоқ.
|
|
|
5. Қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасымен қанағатын көтеру және онан әрі тиімділігінің келешегі. |
||
|
Мемлекеттік қызметтердің сапасын арттырудың негізгі бағыттары оларды автоматтандыру және электрондық форматқа көшіру болып табылады. Жалпы, мемлекеттік қызметтер көрсету саласында электрондық үкімет порталы, Е-лицензиялау арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер санын ұлғайту бойынша оң үрдіс байқалады. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған жұмыс толығымен мемлекеттік қызметтерді тұтынушы ретінде халықтың сұраныстарына бағытталған. Ауылдық округтің экономикалық белсенді тұрғындарының ішінен (95%) ЭЦҚ бар, олар жұмыс мерзімі аяқталғаннан кейін жаңартылады. Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы мемлекеттік органның нысаналы индикаторы-электрондық форматта көрсетілген мемлекеттік қызметтер пайызын ұлғайту, ауылдық округ тұрғындарының Smart Qostanai қосымшасын және «Onay_kyzmet» сервисін пайдалану туралы хабардар болуын қамтамасыз ету. |
||