«Федоров ауданы Первомай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ
2022 жылғы 12 айдағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мәселелері бойынша қызметі туралы есеп
|
1. Жалпы ережелер.
|
||
|
1) Қызмет беруші туралы мәлімет |
1. «Федоров ауданы Первомай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі әкімнің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. 2. «Федоров ауданы Первомай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ, өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 3. «Федоров ауданы Первомай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады. 4. «Федоров ауданы Первомай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі. 5. «Федоров ауданы Первомай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамаға сәйкес мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы. 6. «Федоров ауданы Первомай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі. 7. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Федоров ауданы, Первомай ауылы, Достық көшесі, 2, пошта индексі 1119116 Тел. 8 (714-42) 93-1-22 (факс), 8(714-42)93-7-36, e-mail: pеrvomaikakafed@mail.kz 8. Мемлекеттік органның орыс тіліндегі толық атауы – государственное учреждение «Аппарат акима Первомайского сельского округа Федоровского района», қазақ тілінде «Федоров ауданы Первомай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі. 9. Осы Ереже «Федоров ауданы Первомай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады. 10. «Федоров ауданы Первомай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі жергілікті бюджет есебінен ұсталады. 11. «Федоров ауданы Первомай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне «Федоров ауданы Первомай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер «Федоров ауданы Первомай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі. |
|
|
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат: |
мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің саны |
13 |
|
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саны |
13 |
|
|
Ақысыз және (немесе) ақылы негізде көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет саны |
7 – ақысыз; 3 – ақылы; 3 – ақылы/ақысыз |
|
|
Қағаз және (немесе) электрондык нысанда көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет саны |
10 – электрондық/ қағаз, 3 – электрондық (толық автоматтандырылған) |
|
|
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің бекітілген стандарттары мен регламенттерінің саны |
13 |
|
|
3) Ең талап етілген қызметтер туралы ақпарат: |
2022 жылғы 12 айда 0 мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілді, 2021 жылдың ұқсас кезеңінде 1 мемлекеттік қызмет көрсетілді. |
|
|
2. Қызмет алушылармен жұмыс
|
||
|
1) Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты жеткізу орындары мен көздері туралы мәліметтер: |
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат, Ережелер мен Стандарттар «Федоров ауданы Первомай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ ғимаратындағы ақпараттық стендтерде және Федоров ауданы әкімдігінің ресми Интернет-ресурсында орналастырылған https://www.gov.kz › kostanai-fedotov-audany-akimat. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету тізілімі, ауданның мемлекеттік мекемелері көрсететін мемлекеттік қызметтердің тізбесі, мемлекеттік қызметтердің ережелері, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат алуға болатын мемлекеттік қызмет көрсетуші органдардың байланыс телефондары орналастырылған, сонымен қатар мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша Бірыңғай байланыс-орталығынан 1414, 8-800-080-77-77 телефондары арқылы ақпарат алуға болады. |
|
|
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартарының жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат |
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 11-бабына сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің құзыретіне мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартарының жобаларын жария талқылауларды өткізуі кірмейді. |
|
|
3) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалары) |
2022 жылы мемлекеттік қызметтерді ұйымдастыруға қатысты мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру бойынша 20 түсіндіру іс-шарасы өткізілді, оның ішінде: ауылдық округ тұрғындарымен жиындар - 11, мамандармен кеңестер-9, аудандық газеттегі мақала 1, халықты мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндіру іс-шараларымен қамту – 2641 адам. |
|
|
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша қызмет
|
||
|
1) мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету барысын автоматтандыру және оңтайландыру нәтижелері |
Әкімшілік тосқауылды оңтайландыру және қысқарту мақсатында 2022 жылы мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетулерді электрондық форматқа көшіру бойынша жұмыс жалғасты. Қызмет берушінің ұйымдастырушылық көмегімен, тұрғындардың қызметтерге қолжетімдігін қамтамасыз ету мақсатында «eGov mobile» мобильді қосымшасының жұмысы жалғастырылуда. |
|
|
2) мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету саласында қызметкерлер біліктілігін арттыруға бағытталған шаралар |
Мемлекеттік қызмет көрсететін мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында өзекті тақырыптар қаралатын сабақтар өткізіледі, сондай-ақ мамандар аудандық деңгейде ішкі бақылау қызметі өткізетін семинарларға қатысады. Мемлекеттік қызмет көрсету саласында қызметкерлердің біліктілігін арттырудан 1 адам өтті. |
|
|
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету сапасын бақылау
|
||
|
1) мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету мәселелері бойынша қызмет алушылардың шағымдары туралы ақпарат |
Есепті кезеңде ауылдық округі әкімінің апаратына мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету мәселелері бойынша қызмет алушылардан шағымдар түскен жоқ және қаралған жоқ. |
|
|
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету сапасына ішкі тексерудің нәтижелері |
Есепті кезеңде мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері бойынша қызмет көрсетудің белгіленген мерзімдері бойынша бұзушылықтар анықталған жоқ. |
|
|
3) Уәкілетті органмен өткізілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету сапасына бағалау және бақылау бойынша, мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету сапасына бақылау нәтижелері. |
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету сапасына бағалау және бақылау бойынша, мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету сапасына бақылау уәкіл органмен 2022 жылы өткізілген жоқ. |
|
|
4) Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету сапасының қоғамдық мониторингінің нәтижелері. |
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету сапасының қоғамдық мониторингі «Федоров ауданы Первомай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде өткізілген жоқ. |
|
|
5. Қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттанушылығын арттыру және одан әрі тиімділігінің перспективалары. |
||
|
Мемлекеттік қызметтердің сапасын арттырудың негізгі бағыттары оларды автоматтандыру және электрондық форматқа көшіру болып табылады. Жалпы, мемлекеттік қызметтер көрсету саласында электрондық үкімет порталы, Е-лицензиялау арқылы көрсетілген қызметтер санын ұлғайту бойынша оң үрдіс байқалады. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған жұмыс толығымен мемлекеттік қызметтерді тұтынушы ретінде халықтың сұраныстарына бағытталған. Ауылдық округтің экономикалық белсенді тұрғындарының (97%) ЭЦҚ бар, олар жұмыс мерзімі аяқталғаннан кейін жаңартылады. Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы мемлекеттік органның нысаналы индикаторы-электрондық форматта көрсетілген мемлекеттік қызметтер пайызын ұлғайту, ауылдық округ тұрғындарының Smart Qostanai қосымшасын және «Onay_kyzmet» сервисін пайдалану туралы хабардар болуын қамтамасыз ету. |
||