Федоров ауданы Костряков ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ
2022 жылғы 12 айдағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мәселелері бойынша қызметі туралы есеп
|
1. Жалпы ережелер.
|
||
|
1) Қызмет беруші туралы мәлімет |
1. «Федоров ауданы Костряков ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – әкімнің аппараты) Костряков ауылдық округі әкімінің (бұдан әрі – әкім) қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.
2. Әкімнің аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Әкімнің аппараты туралы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Әкімнің аппараты мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Әкімнің аппараты өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.
5. Әкімнің аппараты заңнамаға сәйкес мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
6. Костряков ауылдық округі әкімінің аппараты туралы ережені, оның құрылымын аудан әкімдігі бекітеді.
7. Мемлекеттік органның орыс тіліндегі толық атауы – государственное учреждение «Аппарат акима Костряковского сельского округа Федоровского района», қазақ тілінде «Федоров ауданы Костряков ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Федоров ауданы, Костряков ауылы, Целинная көшесі, 56 үй.
«Федоров ауданы Костряков ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде жұмыс уақытының ұзақтығы сағат 9.00-ден бастап 18.30-ға дейін күн сайын (сенбі және жексенбіден басқа күндері), демалыс және тамақтану үшін үзіліс сағат 13.00-ден бастап 14.30-ға дейін.
8. «Федоров ауданы Костряков ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесін аудан әкімдігі құрады, қысқартады және қайта ұйымдастырады.
9. Әкімнің аппараты жергілікті бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекеме болып табылады.
10. Әкімнің аппаратына әкім аппаратының функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан кәсiпкерлiк субъектiлерімен шарттық қатынастарға түсуге жол берілмейді. |
|
|
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат: |
мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің саны |
13 |
|
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саны |
13 |
|
|
Ақысыз және (немесе) ақылы негізде көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет саны |
7 – ақысыз; 3 – ақылы; 3 – ақылы/ақысыз |
|
|
Қағаз және (немесе) электрондык нысанда көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет саны |
10 – электрондық/қағаз, 1- қағаз 3 – электрондық (толық автоматтандырылған)
|
|
|
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің бекітілген стандарттары мен регламенттерінің саны |
13 |
|
|
3) Ең талап етілген қызметтер туралы ақпарат: |
2022 жылғы 12 айда 2 мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілді – ол 2021 жылмен салыстырғанда 0,05 % төмен (2021 жылдың ұқсас кезеңінде 4026 мемқызмет). Оның ішінде:
мемлекеттік органда – 0, ХҚКО арқылы – 0
«электрондық үкімет» порталы арқылы – 2 мемқызмет немесе 100%) (2021 жылы – 4026 немесе 100%) Ең талап етілген қызметтер - «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» 5 қызмет көрсетілді немесе жалпы көресетілген қызмет көлемінің 62,5 %. |
|
|
2. Қызмет алушылармен жұмыс
|
||
|
1) Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты жеткізу орындары мен көздері туралы мәліметтер: |
Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпарат, мемлекеттік қызметтер көрсетуді регламенттейтін нормативтік-құқықтық актілер ақпараттық стендттерде және Федоров ауданы әкімдігінің ресми Интернет-ресурсында орналастырылған https://www.gov.kz › kostanai-fedotov-audany-akimat. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бөлімінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңға, жеке және заңды тұлғаларға көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне, ауданның мемлекеттік мекемелері көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізбесіне, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидаларына, Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тәртібі туралы ақпарат алуға болатын мемлекеттік көрсетілетін қызметтер органдарының байланыс телефондарына сілтемелер орналастырылған, сонымен қатар мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша Бірыңғай байланыс-орталығынан 1414, 8-800-080-77-77 телефондары арқылы ақпарат алуға болады. |
|
|
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартарының жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат |
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 11-бабына сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің құзыретіне мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартарының жобаларын жария талқылауларды өткізуі кірмейді. |
|
|
3) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалары) |
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында 2022 жылы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмысты ұйымдастыруға қатысты 15 жиын мен кеңес өткізілді , оған 175 адам қатысты |
|
|
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша қызмет
|
||
|
1) мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету барысын автоматтандыру және оңтайландыру нәтижелері |
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету барысын автоматтандыру және оңтайландыру нәтижелері мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету сапасына жақсы әсерін тигізеді. Әкімшілік тосқауылды оңтайландыру және қысқарту мақсатында 2022 жылы мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетулерді электрондық форматқа көшіру бойынша жұмыс жалғасты. Қызмет берушінің ұйымдастырушылық көмегімен, тұрғындардың қызметтерге қолжетімдігін қамтамасыз ету мақсатында «eGov mobile» мобильді қосымшасының жұмысы жалғастырылуда. |
|
|
2) мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету саласында қызметкерлер біліктілігін арттыруға бағытталған шаралар |
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсететін қызметкерлердің кәсиби біліктілігін арттыру мақсатында өзекті тақырыптар қаралатын сабақтар өткізіледі, мамандар «электрондық үкімет» веб-порталымен жұмыс жүргізуге қатысады, аудандық семинарларға қатысады, сонымен қатар аудандық деңгейде ішкі бақылау қызметімен өткізілетін семинарларға қатысады. 2022 жылғы 12-14 қыркүйек аралығында бас маман Жмайло Наталья Анатольевна мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті. 2022 жылғы 16 қыркүйектегі № KST00925 сертификаты. Әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілерінің біліктілігін арттыру «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясы» РМҚК мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру Жоспар-кестесінің негізінде жүргізіледі. |
|
|
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету сапасын бақылау
|
||
|
1) мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету мәселелері бойынша қызмет алушылардың шағымдары туралы ақпарат |
Есепті кезеңде ауылдық округі әкімінің апаратына мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету мәселелері бойынша қызмет алушылардан шағымдар түскен жоқ және қаралған жоқ. |
|
|
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету сапасына ішкі тексерудің нәтижелері |
2022 жылғы қаңтарда мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау қызметі жүргізген бақылау іс-шарасының нәтижелері бойынша есепті кезеңде қызметтер көрсетудің белгіленген мерзімдері бойынша бұзушылықтар анықталған жоқ. |
|
|
3) Уәкілетті органмен өткізілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету сапасына бағалау және бақылау бойынша, мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету сапасына бақылау нәтижелері. |
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету сапасына бағалау және бақылау бойынша, мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету сапасына бақылау уәкіл органмен 2022 жылы өткізілген жоқ. |
|