«Федоров ауданы Қосарал ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ
2022 жылғы 12 айдағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мәселелері бойынша қызметі туралы есеп
|
1. Жалпы ережелер.
|
||
|
1) Қызмет беруші туралы мәлімет |
1. «Федоров ауданы Қосарал ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – әкімнің аппараты) Қосарал ауылдық округі әкімінің (бұдан әрі – әкім) қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады. 2. Әкімнің аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Әкімнің аппараты туралы ережеге сәйкес жүзеге асырады. 3. Әкімнің аппараты мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, қазынашылық органдарында шоттары болады. 4. Әкімнің аппараты өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі. 5. Әкімнің аппараты заңнамаға сәйкес мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы. 6. Қосарал ауылдық округі әкімінің аппараты туралы ережені, оның құрылымын аудан әкімдігі бекітеді. 7. Мемлекеттік органның орыс тіліндегі толық атауы – государственное учреждение «Аппарат акима Косаральского сельского округа Федоровского района», қазақ тілінде «Федоров ауданы Қосарал ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Федоров ауданы, Қосарал ауылы, Механизаторлар көшесі, 2 құрылыс, пошта индексі 111906. «Федоров ауданы Қосарал ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде жұмыс уақытының ұзақтығы сағат 9.00-ден бастап 18.30-ға дейін күн сайын (сенбі және жексенбіден басқа күндері), демалыс және тамақтану үшін үзіліс сағат 13.00-ден бастап 14.30-ға дейін. 8. «Федоров ауданы Пешков ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесін аудан әкімдігі құрады, қысқартады және қайта ұйымдастырады. 9. Әкімнің аппараты жергілікті бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекеме болып табылады. 10. Әкімнің аппаратына әкім аппаратының функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан кәсiпкерлiк субъектiлерімен шарттық қатынастарға түсуге жол берілмейді. |
|
|
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат: |
мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің саны |
13 |
|
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саны |
13 |
|
|
Ақысыз және (немесе) ақылы негізде көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет саны |
7 – ақысыз; 3 – ақылы; 3 – ақылы/ақысыз |
|
|
Қағаз және (немесе) электрондык нысанда көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет саны |
10 – электрондық/ қағаз, 3 – электрондық (толық автоматтандырылған) 1- қағаз |
|
|
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің бекітілген стандарттары мен регламенттерінің саны |
13 |
|
|
3) Ең талап етілген қызметтер туралы ақпарат: |
2022 жылғы 12 айда 8 мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілді – 0, 2021 жылдың ұқсас кезеңінде 2 мемлекеттік қызмет көрсетілді. |
|
|
2. Қызмет алушылармен жұмыс
|
||
|
1) Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты жеткізу орындары мен көздері туралы мәліметтер: |
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат, мемлекеттік қызмет көрсетуді реттейтін нормативтік құқықтық актілер «Федоров ауданы Қосарал ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ақпараттық стендтерінде және Федоров ауданы әкімдігінің ресми Интернет-ресурсында орналастырылған https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay-fedorov/documents/details/287818?lang=ru Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бөлімінде «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Заңына, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне, ауданның мемлекеттік мекемелері көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізбесіне, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидаларына, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тәртібі туралы, сонымен қатар мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша Бірыңғай байланыс-орталығынан 1414, 88000807777 телефондары арқылы ақпарат алуға болады. |
|
|
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартарының жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат |
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 11-бабына сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің құзыретіне мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартарының жобаларын жария талқылауларды өткізуі кірмейді. |
|
|
3) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалары) |
Мемлекеттік қызметтерді көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік қызметтерді ұйымдастыруға қатысты мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша 18 түсіндіру іс-шарасы өткізілді, оның ішінде: ауылдық округ тұрғындарымен жиындарда - 11, мамандармен кеңестерде - 7, аудандық газеттегі мақала - 1. Халықты мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндіру іс - шараларымен қамту-2681 адам. |
|
|
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша қызмет
|
||
|
1) мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету барысын автоматтандыру және оңтайландыру нәтижелері |
Әкімшілік рәсімдерді оңтайландыру және қысқарту мақсатында 2022 жылы мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетулерді электрондық форматқа көшіру бойынша жұмыс жалғасты. Қызмет берушінің ұйымдастырушылық көмегімен, тұрғындардың қызметтерге қолжетімдігін қамтамасыз ету мақсатында eGov mobile мобильді қосымшасының жұмысы жалғастырылуда. |
|
|
2) мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету саласында қызметкерлер біліктілігін арттыруға бағытталған шаралар |
Мемлекеттік қызмет көрсететін мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында құқықтық жалпыға бірдей оқыту бойынша сабақтар өткізіледі, онда өзекті тақырыптар қаралады, сондай-ақ мамандар аудандық деңгейде ішкі бақылау қызметі өткізетін семинарларға қатысады. |
|
|
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету сапасын бақылау
|
||
|
1) мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету мәселелері бойынша қызмет алушылардың шағымдары туралы ақпарат |
Есепті кезеңде ауылдық округі әкімінің апаратына мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету мәселелері бойынша қызмет алушылардан шағымдар түскен жоқ және қаралған жоқ. |
|
|
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету сапасына ішкі тексерудің нәтижелері |
2022 жылғы 28 сәуірде өткізілген бақылау іс-шарасының нәтижелері бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау қызметі есепті кезеңде қызметтерді көрсетудің белгіленген мерзімдері бойынша бұзушылықтарды анықтаған жоқ. |
|
|
3) Уәкілетті органмен өткізілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету сапасына бағалау және бақылау бойынша, мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету сапасына бақылау нәтижелері. |
2022 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау жүргізілген жоқ. |
|
|
4) Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету сапасының қоғамдық мониторингінің нәтижелері. |
Ауылдық округ әкімі аппаратында мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізілген жоқ. |
|
|
5. Қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттанушылығын арттыру және одан әрі тиімділігінің перспективалары. |
||
|
Мемлекеттік қызметтердің сапасын арттырудың негізгі бағыттары оларды автоматтандыру және электрондық форматқа көшіру болып табылады. Жалпы, мемлекеттік қызметтер көрсету саласында электрондық үкімет порталы, Е-лицензиялау арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер санын ұлғайту бойынша оң үрдіс байқалады. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған жұмыс толығымен Мемлекеттік қызметтерді тұтынушы ретінде халықтың сұраныстарына бағытталған. Ауылдық округтің экономикалық белсенді тұрғындарының (95%) ЭЦҚ бар, олар жұмыс мерзімі аяқталғаннан кейін жаңартылады. Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы мемлекеттік органның нысаналы индикаторы-электрондық форматта көрсетілген мемлекеттік қызметтер пайызын ұлғайту, ауылдық округ тұрғындарының Smart Qostanai қосымшасын және «Onay_kyzmet» сервисін пайдалану туралы хабардар болуын қамтамасыз ету. |
||