«БЖЗҚ» АҚ барлық ниет білдірушілерді «Бірлескен зейнетақы аннуитеті» тақырыбында өткізілетін «Ашық есік күніне» шақырады
2023 жылдың 14 наурызы күні «БЖЗҚ» АҚ «Бірлескен зейнетақы аннуитеті» тақырыбында онлайн-форматта «Ашық есік күнін» өткізеді.
Іс-шараның мақсаты – қатысушыларды сақтандыру ұйымдарына, оның ішінде бірлескен (немесе отбасылық) зейнетақы аннуитетін пайдалана отырып аудару арқылы зейнетақы төлемдерін алу мүмкіндігін жүзеге асыруға болатындығы туралы хабардар ету.
Зейнетақы аннуитеті – бұл өмірді сақтандыру компаниялары (ӨСК) ұсынатын және зейнетақы жинақтары жеткілікті болған жағдайда БЖЗҚ салымшыларына (алушыларына) зейнет жасына толғаннан кейін немесе заңда белгіленген зейнет жасына дейін өмір бойғы төлемдер алуды бастауға мүмкіндік беретін өнім. Өзінің мазмұны бойынша зейнетақы аннуитеті – БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдерімен қатар, еңбек қызметі аяқталғаннан кейін басқа кіріс көздері болмауы әбден мүмкін болашақта қажеттіліктерді төлеуге арналған зейнетақымен қамсыздандыру құралы.
Салымшы (алушы) зейнетақы төлемдерін БЖЗҚ-дан ала ма, әлде ӨСК-ден ала ма, таңдауды өзі жасайды. Өткен жылы зейнетақы аннуитеті шарты бар салымшылар (алушылар) үшін зейнетақы аннуитеті шарты жасалған күннен бастап кемінде екі жылдай уақыт өткен соң зейнетақы жинақтарының бір бөлігін ӨСК-ден БЖЗҚ-ға қайтару мүмкіндігі заңнамалық түрде енгізілді.
Іс-шара барысында Қордың өңірлік бөлімшелерінің жауапты қызметкерлері салымшыларға (алушыларға) және басқа да қатысушыларға осы жаңалықтарды пайдаланудың іс-қимыл алгоритмі бойынша түсініктемелер, сұрақтарға жауаптар және жеке кеңестер береді.
Естеріңізге саламыз, «Ашық есік күні» 14 наурызда орыс тілінде сағат 10:00 (Zoom), 14:00 (Zoom), қазақ тілінде сағат 12:00 (Zoom), 16:00 (Zoom) онлайн форматта өтеді.
Іс-шараға қатысу үшін тіркелу қажет. Қатысуға өтінімді kostanay@enpf.kz электрондық мекен-жайына жолдау қажет. Онда өзіңіз туралы мәліметтерді, яғни ТАӘ, қатысу күні және WhatsApp телефон нөміріңізді (шақыру-сілтеме жіберу үшін) көрсетуіңіз қажет. Шақыру сілтемесі Сізге іс-шараның басталуына дейін жіберіледі.
«БЖЗҚ» АҚ өз салымшылары (алушылары) мен барлық ниет білдірушілерді «Ашық есік күнінде» күтеді!