ХАБАРЛАМА

ХАБАРЛАМА

2023 жылғы 12 ақпанда Первомай сайлау округтері бойынша Федоров ауданының Первомай ауылдық округінің әкімін сайлау өткізілді.

Федоров аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының                      9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-баптарына сәйкес, Федоров ауданының Первомай ауылдық округінің әкімі сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлауды қорытындылады:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 578 азамат енгізілді, олардың        471 дауыс берді. Жарамсыз бюллетень саны – 0, «Барлығына қарсымын» жолағында белгісі бар – 3.

Әр кандидатқа берілген дауыс саны:

Кизима В.В. – 50; Сложеникина О.Ю. – 77; Турмин М.Л. – 341.

Первомай ауылдық округінің әкімі болып Турмин Максим Леонидович сайланды, 1981 жылы туған, Первомай ауылдық округінің әкімі, Федоров ауданының Первомай ауылында тұрады, «AMANAT» партиясы» ҚБ өңірлік филиалы ұсынды.

Федоров аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 45-бабына сәйкес, 2023 жылғы 13 ақпанда шешімімен 2023 жылғы 12 ақпанда сайланған Федоров ауданының Первомай ауылдық округінің әкімін тіркеді.

                                               Федоров аудандық сайлау комиссиясы

ХАБАРЛАМА
Дата публикации
13 февраля 2023