«Мәслихаттың 2022 жылғы 27 желтоқсандағы № 170
«Федоров ауданының 2023 - 2025 жылдарға арналған
аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы»
аудандық мәслихаттың шешім жобасы туралы
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 44,104,106-баптарына сәйкес Федоров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- «Мәслихаттың 2022 жылғы 27 желтоқсандағы № 170 «Федоров ауданының 2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешім жобасы 1-қосымшаға сәйкес Федоров аудандық мәслихаттың сессиясына бекітуге енгізілсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Федоров ауданы әкімінің экономика мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Т. Исабаев