Мазмұны
Осы Заң жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыру және қорғау мақсатында олардың өтініштерін беру мен қарауға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) өтініш - адамның өз құқықтары мен бостандықтарын немесе басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын іске асыруға жәрдемдесу туралы өтінішхаты не заңдардың және өзге де нормативтік құқықтық актілердің бұзылуы, өтініштерді қарайтын субъектілердің, лауазымды адамдардың жұмысындағы кемшіліктер туралы хабарлама не олардың қызметін сынау;
2) анонимді өтініш - авторын белгілеу мүмкін емес, қолы, оның ішінде электрондық цифрлық қолтаңбасы, өтініш берушінің почталық мекенжайы жоқ өтініш;
3) қайта жасалған өтініш - бір тұлғадан бір мәселе бойынша кемінде екі рет келіп түскен, онда