Федоров ауданы Воронеж ауылдық округінің 2022-2024 жылдарға арналған азаматтық бюджеті

Федоров ауданы Воронеж ауылдық округінің

2022-2024 жылдарға арналған

азаматтық бюджеті

 

 

Федоров ауданы Воронеж ауылдық округінің 2022-2024 жылдарға арналған азаматтық бюджеті Воронеж ауылдық округі бюджетінің негізгі көрсеткіштері, оны қалыптастыру өлшемдері және бюджет қаражатын жұмсау бағыттары туралы ақпаратты қамтиды.

Бұл құжат «Бюджетті жоспарлау» бөлімінен, «Әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері» және «Ауылдық округ бюджетінің түсімдері және шығындары» деген кіші бөлімдерінен тұрады.

Ауылдық округтің бюджеті – бұл ауылдық округ әкімінің, оған ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржылық қамтамасыз етуге және әкімшілік-аумақтық бірліктің нақты нәтижелеріне қол жеткізуге бағытталған мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған қаражат қоры.

Бюджеттік процесс – бұл Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасымен реттелетін жоспарлау, қарау, бекіту, атқару, нақтылау, түзету, бюджеттік есепке алу және есеп беру, мемлекеттік қаржылық бақылау жөніндегі қызмет.

Федоров ауданы Воронеж ауылдық округінің 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті Қазақстан Республикасының Бюджет және Салық кодекстеріне, Федоров ауданы Воронеж ауылдық округінің 2022-2024 жылдарға әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамдарына сәйкес қалыптастырылған. Аудандық мәслихаттың 2021 жылғы 28 желтоқсандағы № 79 шешімімен бекітілген. Аудандық мәслихат сессиясының 2022 жылғы                14 ақпандағы № 100 шешімімен нақтыланған. Аудандық мәслихат сессиясының 2022 жылғы  23 мамырдағы № 130 шешімімен нақтыланған. Аудандық мәслихат сессиясының 2022 жылғы  25 шілдетегі № 138 шешімімен нақтыланған. Аудандық мәслихат сессиясының 2022 жылғы           4 қазандағы № 156 шешімімен нақтыланған.

 

  1. «Бюджетті жоспарлау»

Ауылдық округ бюджетінің болжамды көрсеткіштерін орта мерзімді кезеңге және бюджеттің жобасын жоспарлауды бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдар жүзеге асырады.

1.1 «Ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бюджеттің көлемі

 

 

 

Мың теңге

Атауы

 

 

2021 жыл

іс жүзінде

 

2022 жыл

болжам

2023 жыл

болжам

2024 жыл болжам

1

2

3

4

5

ТҮСІМДЕР – барлығы

22460,0

80475,7

25539,0

26023,0

Жеке кірістер, оның ішінде:

3667,0

2360,0

2675,0

3099,0

Салықтық түсімдер

3517,0

2149,0

2464,0

2888,0

Салықтық емес түсімдер

150,0

211,0

2110

211,0

Негізгі капиталды сатудан түсімдер

0,0

 

 

 

Жоғары тұрған басқару органдарынан трансферттердің түсімдері, оның ішінде:

18793,0

78115,7

22864,0

22924,0

Ағымдағы нысаналы трансферттер

4032,0

55356,7

0,0

0,0

Дамуға арналған нысаналы трансферттер

0,0

0,0

0,0

0,0

Субвенция

14791,0

22759,0

22864,0

22924,0

 

Федоров ауданы Воронеж ауылдық округі бюджетінің кіріс бөлігі 2021 жылы 110,3 % атқарылды. Түсімдердің түзетілген жоспары 16828,0 мың теңге сомасында болса, іс жүзінде 24881,1 мың теңге түсті. Оның ішінде 2021 жылы 1,2,3 санаттар бойынша жеке кірістері 163,3% атқарылды. Түсімдердің түзетілген жоспарының соммасы 3667,0 мың теңге болса, іс жүзінде аудандық бюджетке 5988,1 мың теңге түсті.

Төлем көзінен салық салынбайтын кірістерге жеке табыс салығы, жылға нақтыланған жоспар 1119,0 мың теңге, іс жүзінде 2872,6 мың теңге түсті, бұл атқарудың 256,7% құрады.

Жеке тұлғалардың мүлік салығы 104,9% атқарылды. Есепті жылға түсімдер жоспары 176,0 мың теңге, іс жүзінде 184,6 мың теңге түсті.

104302 коды бойынша жеке тұлғалардан елді мекендердегі жерлерге жер салығы есепті жылға 164,0 мың теңге, іс жүзінде 207,6 мың теңге, бұл 126,6% құрады.

Заңды тұлғалардан көлік салығы есепті кезеңдегі түсімдер жоспары 158,0 мың теңге, іс жүзінде 158,6 мың теңге келіп түсті, бұл атқарудың 100,4% құрайды.

Жеке тұлғалардан көлік салығы есепті кезеңдегі түсімдер жоспары 1900,0 мың теңге, іс жүзінде 2310,2 мың теңге келіп түсті, бұл атқарудың 121,6% құрады.

201510 «Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің басқаруындағы мемлекеттік мүлікті жалға беруден түсетін кірістер» коды бойынша нақтыланған жоспар 150,0 мың теңге, іс жүзінде 254,2 мың теңге түсті, 169,7% орындалды.

402203 «Субвенциялар» коды бойынша жоспар 14761,0 мың теңге, атқару 14761,0 мың теңгені құрады. Жоғары тұрған бюджеттен субвенция бөлінді.

«Ағымдағы нысаналы трансферттер» коды бойынша жоспар 4132,0 мың теңге, атқару 4132,0 мың теңгені құрады. Факторлы-балдың еңбек ақы төлеу жүйесіне ауысуға байланысты мемлекеттік қызметшілерге еңбек ақы төлеуге аудандық бюджеттен трансферттер бөлінді.

 

 

 

Федоров ауданы Воронеж ауылдық округінің бюджетінің шығыстары

 

 

Атауы

2021 жыл

іс жүзінде

2022 жыл болжам

2023 жыл болжам

2024 жыл болжам

ШЫҒЫНДАР- барлығы,

 

оның ішінде:

25406,5

82797,4

25539,0

26023,0

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

22577,4

22845,1

23307,0

23617,0

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

28290

7037,8

1162,0

1261,0

Көлік және коммуникациялар

 

1000,0

1070,0

1145,0

Басқалар

 

51914,5

0,0

0,0

Трансферттер

0,1

0,0

0,0

0,0

Бюджеттік кредиттер

0,0

0,0

0,0

0,0

Бюджет дефициті (профицит)

-2946,5

-2321,7

0,0

0,0

Дефицитті қаржыландыру (профицитті пайдалану)

2946,5

2321,7

0,0

0,0

Бюджеттік кредиттерді өтеу

0,0

0,0

0,0

0,0

Бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары

2946,5

2321,7

0,0

0,0

 

 

 

 

Федоров ауданы Воронеж ауылдық округінің 2022-2024 жылдарға арналған азаматтық бюджеті
Дата публикации
06 октября 2022