Федоров ауданы Федоров ауылдық округінің
2022 – 2024 жылдарға арналған нақтыланған
Азаматтық бюджеті
Федоров ауданы Федоров ауылдық округінің 2022-2024 жылдарға арналған Азаматтық бюджеті Федоров ауылдық округі бюджетінің негізгі көрсеткіштері, оны қалыптастыру параметрлері және бюджет қаражатын жұмсау бағыттары туралы ақпаратты қамтиды.
Бұл құжат «Бюджетті жоспарлау» бөлімін, «Әлеуметтік - экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері» және «Ауылдық округ бюджетінің түсімдері мен шығыстары» кіші бөлімдерін қамтиды.
Ауылдық округ бюджеті - бұл ауылдық округ әкімінің, оған ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржылай қамтамасыз етуге және әкімшілік - аумақтық бірліктің нақты нәтижелеріне қол жеткізуге бағытталған мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры.
Бюджеттік процесс-жоспарлау, қарау, бекіту, орындау, нақтылау, түзету, бюджеттік есепке алу мен есептілікті жүргізу, мемлекеттік қаржылық бақылау жөніндегі Қазақстан Республикасының Бюджет заңнамасымен регламенттелген қызмет.
Федоров ауданы Федоров ауылдық округінің 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті Қазақстан Республикасының Бюджет және Салық кодекстеріне, Федоров ауданы Федоров ауылдық округінің 2022-2024 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес қалыптастырылды. Аудандық мәслихат сессиясының 2021 жылғы 28 желтоқсандағы № 79 шешімімен бекітілген. Аудандық мәслихат сессиясының 2022 жылғы 14 ақпандағы № 100 шешімімен нақтыланған. Аудандық мәслихат сессиясының 2022 жылғы 23 мамырдағы № 130 шешімімен нақтыланған. Аудандық мәслихат сессиясының 2022 жылғы 25 шілдетегі № 138 шешімімен нақтыланған. Аудандық мәслихат сессиясының 2022 жылғы 4 қазандағы № 156 шешімімен нақтыланған.
Орта мерзімді кезеңге арналған ауылдық округ бюджетінің болжамды көрсеткіштерін және бюджет жобасын жоспарлауды бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдар жүзеге асырады.
1.1 «Ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері»
Бюджет көлемі
Мың теңге
|
Атауы
|
2021 жыл нақты |
2022 жыл жоспар
|
2023 жыл болжам |
2024 жыл болжам |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
|
ТҮСІМДЕР-барлығы |
199179,5 |
250585,1 |
102868,0 |
105569,0 |
|
Меншікті кірістер, оның ішінде: |
106127,9 |
53316,0 |
38906,0 |
50606,0 |
|
Салықтық түсімдер |
106112,3 |
53316,0 |
38906,0 |
50606,0 |
|
Салықтық емес түсімдер |
15,6 |
0,0 |
0,0 |
0,0 |
|
Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер |
0,0 |
0,0 |
0,0 |
0,0 |
|
Жоғары тұрған басқару органдарынан трансферттер түсімдері, оның ішінде: |
91821,2 |
197269,1 |
63962,0 |
54963,0 |
|
Ағымдағы нысаналы трансферттер |
1355,1 |
134059,9 |
0,0 |
0,0 |
|
Нысаналы даму трансферттері |
0,0 |
|
0,0 |
0,0 |
|
Аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттен субвенциялар |
70341,0 |
35878,0 |
36630,0 |
27631,0 |
|
Заңнаманың қабылдануына байланысты шығындарды өтеуге арналған трансферттер |
20125,1 |
27331,2 |
27332,0 |
27332,0 |
|
Бюджет қаражатының бос қалдықтары |
1230,4 |
56242,6 |
0,0 |
0,0 |
Федоров ауданы Федоров ауылдық округі бюджетінің кіріс бөлігі 2021 жылы 212,7%-ға орындалды. Түзетілген түсімдер жоспары кезінде 142942,6 мың теңге сомада іс жүзінде 199179,5 мың теңге түсті. Оның ішінде 1,2,3 санаттар бойынша 2021 жылы меншікті кірістер 212,7 %-ға орындалды. Түзетілген түсімдер жоспары кезінде 49891,0 мың теңге сомада іс жүзінде аудандық бюджетке 106127,9 мың теңге түсті.
Бір жылға нақтыланған жоспар 22892,0 мың теңге болған кезде көзден салық салынбайтын табыстардан жеке табыс салығы іс жүзінде 71140,9 мың теңге түсті, бұл орындаудың 310,8% -ын құрады.
Жеке тұлғалардан алынатын мүлік салығы 150,5%-ға орындалды. Есепті жылға түсімдер жоспары кезінде 712,0 мың теңге, іс жүзінде 1071,4 мың теңге түсті.
Есепті жылға арналған жоспар 1400,0 мың теңге болған кезде 104302 коды бойынша елді мекендердің жерлеріне жеке тұлғалардан жер салығы іс жүзінде 1795,2 мың теңге түсті, бұл 128,2% - ды құрады.
Есепті кезеңге түсетін түсімдер жоспары 8990,0 мың теңге болған кезде заңды тұлғалардан көлік құралдарына салынатын салық іс жүзінде 9601,4 мың теңге түсті, бұл орындаудың 106,8% -ын құрайды.
Жеке тұлғалардан алынатын көлік құралдарына салынатын салық, бір жылға түсімдер жоспары 15649,0 мың теңге болғанда, іс жүзінде 22008,5 мың теңге түсті, бұл орындаудың 140,6% - ын құрады.
105430 «Қалалық, аудандық маңызы бар ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің аумағы арқылы өтетін республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде жарнаманы стационарлық орналастыру объектілерінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы» коды бойынша бір жылға нақтыланған жоспар бойынша 238,0 мың теңге, іс жүзінде 494,9 мың теңге түсті, бұл орындаудың 207,9% құрайды.
201510 «Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық меншігін жалға беруден түсетін кірістер» коды бойынша бір жылға нақтыланған жоспар бойынша 10,0 мың теңге, іс жүзінде 0,2 мың теңге түсті.
206109 «Жергілікті бюджетке басқа салықтық емес түсімдер» коды бойынша жоспар 0,0 мың теңге болған кезде іс жүзінде 15,4 мың теңге түсті.
402303 «Субвенциялар» коды бойынша жоспар бойынша 70341,0 мың теңге орындалу 70341,0 мың теңгені құрады. Жоғары тұрған бюджеттен субвенция бөлінді.
402301 «Нысаналы ағымдағы трансферттер» коды бойынша жоспар бойынша 1355,1 мың теңге, орындалуы 1355,1 мың теңгені құрады. Жоғары тұрған бюджеттен трансферттер бөлінді.
402304 «Заңнаманың қабылдануына байланысты шығындарды өтеуге арналған трансферттер» коды бойынша 20125,1 мың теңге жоспарында орындау 20125,1 мың теңгені құрады. Жоғары тұрған бюджеттен трансферттер бөлінді.
Ауылдық округ бюджетінің шығыстары
|
Атауы
|
2021 жыл нақты |
2022 жыл жоспар
|
2023 жыл болжам |
2024 жыл болжам |
|
ШЫҒЫСТАР – барлығы,мың теңге оның ішінде: |
142534,3 |
306827,7 |
102868,0 |
105569,0 |
|
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер |
36561,0 |
50555,1 |
44745,0 |
45301,0 |
|
Білім беру |
|
|
|
|
|
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық |
53899,6 |
51591,2 |
17472,0 |
18685,0 |
|
Көлік және коммуникация |
31948,6 |
142734,9 |
13319,0 |
14251,0 |
|
Басқалар |
|
33409,8 |
|
|
|
Қарызға қызмет көрсету |
20125,1 |
27331,2 |
27332,0 |
27332,0 |
|
Трансферттер |
|
0,8 |
|
|
|
Бюджеттік кредиттер |
|
0,0 |
|
|
|
Бюджет тапшылығы (профициті) |
|
-56242,6 |
|
|
|
Тапшылықты қаржыландыру (профицитті пайдалану) |
|
56242,6 |
|
|
|
Бюджеттік кредиттерді өтеу |
|
0,0 |
|
|
|
Бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары |
|
56242,6 |
|
|
2022 жылы республикалық және облыстық бюджеттерден бөлінген трансферттер
Мың теңге
|
- Азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің жалақысын арттыруға |
2677,5 |
|
- Ауылдық округтің кентішілік жолдарына орташа жөндеу жүргізуге |
131002,8 |
|
- Елді мекендерді абаттандыруға және көгалдандыруға |
0,0 |