Федоров ауданы әкімі аппараты бөлімдерінің анықтамасы
Федоров ауданы әкімінің кеңесшісі
Сложеникина Ольга Юрьевна
Телефон: 8(71442)21443
Негізгі функциялары:
Аудан әкімінің халық пен жергілікті мемлекеттік органдар арасындағы ұйымдастырушылық және ақпараттық байланысын қамтамасыз етеді. Тұрақты диалог алаңдарын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
Азаматтардың сындарлы сауалдарына жедел және тиімді ден қоюды қамтамасыз етеді.
Азаматтарға мемлекеттік әлеуметтік саясаттағы, оның ішінде атаулы әлеуметтік көмек көрсетудегі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу жөніндегі реформаларды түсіндіруді қамтамасыз етеді.
БАҚ, әлеуметтік желілер және мессенджерлер арқылы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз етеді.
Ауылдық округ әкімдері аппараттарының жұмысын үйлестіреді, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бойынша әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді.
Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін түсіндіруді қамтамасыз етеді.
Әлеуметтік желілерде белсенді жұмыс жүргізеді.
Құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі
Бөлім басшысы - Рец Виктория Александровна
Телефон:8(71442)21443
Бөлімнің негізгі міндеттері:
кіріс және шығыс құжаттардың, оның ішінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қозғалысын ұйымдастыру мәселелерінде мемлекеттік басқаруды қамтитын жұмыстар кешенін орындау. Ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттардың құжаттама қағидаларына сәйкестігіне сараптама жүргізу. Қаулыларды, шешімдерді, өкімдерді тираждау және тарату, келіп түскен құжаттардың орындалу мерзімдерінің сақталуын бақылау, жеке және заңды тұлғалардың құжат айналымы мен өтініштерінің мониторингі, «Тұлғалардың өтініштерін бірыңғай есепке алу» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі бағдарламасымен жұмыс.
Бөлім қызметкерлерінің тізімі:
бас маман - Койшыгулова Мадина Кенжибаевна
бас маман - Герасименко Ирина Николаевна
телефон: 8(71442) 21443
Ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімі
Бөлім басшысы - Бодопрост Валентина Викторовна
Телефон: 8(71442)21406
Бөлімнің негізгі міндеттері:
аудан әкімінің қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді, аудан әкімінің жергілікті атқарушы билік органдарымен ұйымдастырушылық және ақпараттық байланысын жүзеге асыру. Аудан әкімдігінің отырыстарын дайындау, аудан әкімінің әкімдік отырыстары мен кеңестерінің хаттамаларын ресімдеу, аудан әкімінің қатысуымен іс-шараларды дайындау және өткізу, жоғары тұрған органдар мен лауазымды тұлғалардың құжаттарының, сондай-ақ аудан әкімінің тапсырмаларының орындалуын бақылау жүйесін ұйымдастыру. Аудан сайлаушыларының деректер базасын қалыптастыру.
Бөлім қызметкерлерінің тізімі:
жетекші маман – Сейсенгалиева Жулдызай Ермековна
Заң бөлімі
Бөлім басшысы – Умертаев Батыржан Амантаевич
Телефон: 8(71442)21748
Бөлімнің негізгі міндеттері:
аудан әкімдігі мен әкімінің, әкім аппаратының және оның бөлімдерінің қызметінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету. Әкімнің, аудан әкімі аппаратының жергілікті атқарушы органының мүліктік және өзге де заңды құқықтары мен мүдделерін заңды құралдармен қорғау. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын насихаттау және түсіндіру, , сондай-ақ заңдық сипаттағы басқа да құжаттардың жобаларын әзірлеуге қатысу, құқықтық жалпы білім беруді ұйымдастыру, құқықтық актілердің, келісім-шарттардың, іс жүргізу құжаттарының, сондай-ақ басқа да құқықтық сипаттағы құжаттарды әзірлеуге қатысу.
Бөлім қызметкерлерінің тізімі:
бас маман – Недбайло Ольга Григорьевна
бас маман – Салыкова Зауре Сабировна
Қаржылай қамтамасыз ету бөлімі
Бөлім басшысы – Кулбулова Татьяна Вадимовна
Телефон: 8(71442)21600
Бөлімнің негізгі міндеттері:
Шығыстар сметасын орындау бойынша бухгалтерлік есепті жүргізу, құжаттардың уақтылы және дұрыс ресімделуіне алдын ала бақылауды жүзеге асыру, материалдық құндылықтарды есепке алу және аудан әкімдігінің қызметін қамтамасыз ету, бюджеттік бағдарламалардың паспорттарына және қаржыландырудың жеке жоспарларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу.
Бөлім қызметкерлерінің тізімі
бас маман – Жуган Виктория Владимировна
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын ішкі бақылау,
мониторингі және ақпараттық технологиялар қызметі
Бөлім басшысы – Умертаева Гульшат Бекболатовна
Телефон: 8(71442)22524
Бөлімнің негізгі міндеттері:
Ауданның мемлекеттік мекемелері, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары көрсететін мемлекеттік қызметтерге мониторинг жүргізу, мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметтер көрсетуін автоматтандыратын Ақпараттық жүйелерді пайдалануды қамтамасыз ету бойынша жұмыс, Интернеттің ашықтығы мен қолжетімділігіне мониторинг жүргізу- облыс әкімі аппаратының ақпараттық технологиялар және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мониторингі бөлімімен ұйымдастырушылық және ақпараттық байланысты жүзеге асыру, «электрондық әкімдік» инфрақұрылымын дамыту жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, аудан әкімінің сайты мен блогын әкімшілендіру және дамыту, ауданның мемлекеттік мекемелерінде электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесін енгізу жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру, ақпараттық қауіпсіздік саясатын жүргізу, аудан әкімінің корпоративтік желі туралы ақпарат және оның ресурстарын қорғау, әкімдіктің құрылымдық бөлімшелерімен, ауданның мемлекеттік мекемелерімен мемлекеттік органдардың Интернет-порталын пайдалануды қамтамасыз ету-.
Бөлім қызметкерлерінің тізімі
бас маман – Беркеев Айдархан Аскарович
Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі)
Бөлім басшысы - Кизима Василий Владимирович
Телефон: 8(71442)22528
Бөлімнің негізгі міндеттері:
Мемлекеттік органның персоналды басқарудың тұтас жүйесін, мемлекеттік органның кадр құрамын қалыптастыру және конкурстық іріктеуді ұйымдастыру, мемлекеттік органның персоналды басқарудың тұтас жүйесі шеңберінде мемлекеттік қызметтен өтуді қамтамасыз ету, корпоративтік мәдениетті қалыптастыру және мемлекеттік органда қолайлы әлеуметтік - психологиялық еңбек ахуалын дамыту.
Бөлім қызметкерлерінің тізімі:
Бас маман - Рыбак Татьяна Владимировна
Терроризм профилактикасы,
жұмылдыру дайындығы, төтенше жағдайлар,
азаматтық және аумақтық қорғаныс бөлімі
Бөлім басшысы – Шашков Александр Георгиевич
Телефон: 8(71442)215-07
Бөлімнің негізгі міндеттері:
Терроризм профилактикасы, жұмылдыру дайындығы, төтенше жағдайлар, азаматтық және аумақтық қорғаныс бөліміне жалпы басшылықты жүзеге асырады.
Терроризмге қарсы комиссияның жұмысын ұйымдастырады.
Аудан әкімдігі қаулыларының, аудан әкімінің – терроризмге қарсы комиссия төрағасының шешімдері өкімдері мен тапсырмаларының орындалу барысын бақылауды жүзеге асырады.
Аумақтық бөлімшелер мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың терроризмнің алдын алу, терроризмнің салдарын барынша азайту және (немесе) жою жөніндегі қызметін үйлестіреді.
Бөлім қызметкерлерінің тізімі:
Бас маман – Сейткереева Кымбат Сабитбековна.
Бас маман Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның хатшысы
Бочкарев Владимир Сергеевич
Телефон: 8(71442)21406
Негізгі функциялары:
Кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру, кәмелетке толмағандардың қараусыздығына, панасыздығына, құқық бұзушылықтарына және қоғамға жат әрекеттеріне ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою жөніндегі шараларды жүзеге асырады. Мемлекеттік органдардың кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қараусыздықтың, панасыздықтың және қоғамға жат әрекеттердің алдын алу, оларды әлеуметтік оңалту жөніндегі қызметін жетілдіруге бағытталған бағдарлама мен әдістемені әзірлеу жөнінде материалдар дайындайды