Шоттың ашылуынан бастап төлемге дейін
БЖЗҚ барлық ниет білдірушілерді Ашық есік күндеріне қатысуға шақырады
Ағымдағы жылдың 20 желтоқсан күні БЖЗҚ кезекті «Ашық есік күндері» шарасын өткізеді. Кездесу тақырыбы – «Цифрлық БЖЗҚ».
Бұрын хабарлағанымыздай, қызметтердің жалпы көлемінің 93% астамын БЖЗҚ өз сайтында, ұялы қосымшасында, автоматты форматта қашықтан көрсетеді. Зейнетақы қызметтерінің барлық дерлік циклі – зейнетақы шотын ашудан бастап төлем алуға дейін – қазіргі заманға сай электрондық технологиялар арқылы жүзеге асырылады. Бұл ретте БЖЗҚ сервистері үнемі жетілдіріліп отырады: тұтынушылардың сұраныстары мен заманауи трендтерге сәйкес жаңа функциялар мен мүмкіндіктер пайда болуда.
«Ашық есік күні» іс-шарасына қатысушылар халықтың зейнетақы қызметтерін толыққанды алу үшін Қордың ең өзекті және сұранысқа ие электрондық сервистерімен сайттағы «Жеке кабинетте», БЖЗҚ/ЕНПФ ұялы қосымшасында, сондай-ақ, мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде (чат-бот, телеграмм арна және т. б.) егжей-тегжейлі таныса алады.
Қор мамандары «Жеке кабинеттегі» әр қызметтің, оның ішінде «Зейнетақы калькуляторы» арқылы болжамды зейнетақыны қалай есептеу, жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірмені қарау, ерікті жарналар бойынша және 1 немесе 2 топтағы мерзімсіз мүгедектікке байланысты зейнетақы төлемдеріне электрондық өтініш беру, осы өтініштің мәртебесін бақылау және тағы басқалар бойынша түсініктеме береді.
Бұдан басқа, бөлімшелердің жауапты қызметкерлері қатысушылардың жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысты барлық сұрақтарын жауапсыз қалдырмай, қажет болған жағдайда жеке кеңес береді.
Естеріңізге саламыз, «Ашық есік күні» 20 желтоқсанда орыс тілінде сағат 10:00 (Zoom), 14:00 (Zoom), қазақ тілінде сағат 12:00 (Zoom), 16:00 (Zoom) онлайн форматта өтеді.
Іс-шараға қатысу үшін тіркелу қажет. Қатысуға өтінімді kostanay@enpf.kz электрондық мекен-жайына жолдау қажет. Онда өзіңіз туралы мәліметтерді, яғни ТАӘ, қатысу күні және WhatsApp телефон нөміріңізді (шақыру-сілтеме жіберу үшін) көрсетуіңіз қажет. Шақыру сілтемесі Сізге іс-шараның басталуына дейін жіберіледі.
«БЖЗҚ» АҚ өз салымшыларын, алушыларды және барлық ниет білдірушілерді «Ашық есік күнінде» күтеді!
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).