1. «Федоров ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі дене шынықтыру және спорт мәселелерін реттеу саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. «Федоров ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемеде ведомствалық Федоров ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі «Федоров аудандық балалар жасөспірімдер спорт мектебі» комуналдық мемлекеттік мекемесі бар.
3 «Федоров ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады