1. «Федоров ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады, жергілікті экономика және бюджетті жоспарлау басқару саласында, бюджетті орындау, жергілікті бюджетті орындау бойынша бюджеттік есеп және есеп беруді жүргізу,коммуналдық меншіктегі объектілерді басқаруды жүзеге асырады.
2. «Федоров ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде ведомстволар жоқ.
3. «Федоров ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілеріне, Қостанай облысы әкімдігінің қаулыларына, Қостанай облысы әкімінің шешімдеріне, Федоров ауданының әкімдігінің қаулыларына , Федоров ауданының әкімінің шешімдеріне, және басқа да нормативтік құқықтық актілерге, сондай ақ негізгі Ережеге сәйкес жүзеге асырады.