"Федоров ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесі

«Федоров ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі жұмыспен қамту, әлеуметтік әріптестік, және халықты әлеуметтік қорғау саласында жергілікті мемлекеттік басқару қызметін орындауға жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

  1. «Федоров ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  2. «Федоров ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ведомстволық бағынысты Федоров ауданы әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту орталығы» мемлекеттік мекемесі бар.
  3. «Федоров ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұйымдық–құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, қазынашылық органдарында  шоттары болады.
  4. «Федоров ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық–құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
  5. «Федоров ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
  6. «Федоров ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Федоров ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
  7. «Федоров ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
  8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Федоров ауданы, Федоров ауылы, Красноармейская көшесі, 53.
  9. Мемлекеттік органының толық атауы: орыс тілінде - государственное учреждение «Отдел занятости и социальных программ акимата Федоровского района», қазақ тілінде - «Федоров ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
  10. «Федоров ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде күн сайынғы (сенбі мен жексенбіден басқа) жұмыс уақытының ұзақтығы, демалу мен тамақ ішуге арналған сағат 13.00 – ден 14.30.- ға дейінгі үзілісімен, сағат 9-00 - ден бастап 18.30 – ға дейін белгіленеді.
  11. Осы Ереже «Федоров ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
  12. «Федоров ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті (аудандық) бюджетінен жүзеге асырылады.
  13. «Федоров ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен «Федоров ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға  түсуге тыйым салынады.

Егер «Федоров ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік  бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

"Федоров ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесі
Дата публикации
21 февраля 2022