«Федоров ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекеме туралы Ереже

1. «Федоров ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында жергілікті мемлекеттік басқару қызметін орындауға жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. «Федоров ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ведомстволар жоқ.
3. «Федоров ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

Общие положения
Дата публикации
29 мая 2020