«Федоров ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

1. «Федоров ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық қоғамының институттармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, діни ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау, мемлекеттік жастар саясатын іске асыру саласында жергілікті мемлекеттік басқару қызметін орындауға жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. «Федоров ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. «Федоров ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

Федоров ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
Дата публикации
29 мая 2020