«Федоров ауданы әкiмiнің аппараты»
мемлекеттік мекемесі туралы ереже
«Федоров ауданы әкiмiнің аппараты» мемлекеттік мекемесінде күн сайынғы (сенбі және жексенбіден басқа) жұмыс уақытының ұзақтығы, демалу мен тамақ ішуге арналған сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі үзілісмен, сағат 9.00-ден бастап 18.30-ға дейін белгіленеді.
Егер «Федоров ауданы әкiмiнің аппараты» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер мемлекеттік бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.
1) Қазақстан Республикасы Президентінің мемлекеттiк егемендiктi, конституциялық құрылысты қорғау мен нығайту, Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгi мен аумақтық тұтастығын, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету жөнiндегi саясатын іске асыру;
2) Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық даму стратегиясын іске асыру, мемлекеттік, әлеуметтiк-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын жүзеге асыру, ауданның әлеуметтік және экономикалық процестерін басқару, осы мақсатта жергілікті атқарушы органдардың барлық органдарының келісіліп қызмет етуді қамтамасыз ету;
3) заңдылық пен құқық тәртiбiн нығайту, азаматтардың құқықтық санасын және елдің қоғамдық-саяси өміріндегі белсенді азаматтық ұстанымын арттыру жөніндегі шараларды жүзеге асыру;
4) ауданның әлеуметтiк-экономикалық дамуын, азаматтардың құқығын қорғау олардың заңды мүдделерін қанағаттандыру мәселесі бойынша аудандық мәслихатпен өзара әрекет ету;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де міндеттері.
1) аппараттың жұмысын, әкімдік отырысын өткізуді, отырыстар, семинарлар мен басқа да іс-шараларын өткізуді жоспарлайды, олардың дайындығын және өткізуін ұйымдастырады;
2) әкімдіктің қаулыларының жобаларын және аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобаларын әзірлейді;
3) Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, облыс әкімі мен әкімдігінің және аудан әкімі мен әкімдігінің актілерінің орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
4) заңнамаларды сақтамау, анықталған бұзушылықтарды жою бойынша шара қолдану;
5) аудан әкімдігіне ведомстволық бағынысты жергілікті басқару органдарының қызметкерлерін кәсіптік дайындығы деңгейін, кадрлар саясаты мен мемлекетік қызметтің жағдайына талдау жүргізеді;
6) лауазымға тағайындау және босату кезінде материалдарды ресімдеу, мемлекеттік қызметті өткерумен байланысты басқа да мәселелерді шешеді, кадрларды іріктеу және орналастыру, олардың жеке істерін жүргізу;
7) аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілерін, аудан әкімдігіне ведомстволық бағынысты атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерін біліктілігін арттыру мен қайта даярлауын, тағылымдамадан өтуін, тәлімгерлікті ұйымдастырады;
8) аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілерін, аудан әкімдігіне ведомстволық бағынысты атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерін аттестациялауды ұйымдастырады және жүргізеді;
9) әкімдік пен әкім шығаратын актілерге тіркеу жүргізеді, оларға нөмір береді;
10) әкімдіктің және әкімнің, консультативтік кеңесші органдарының актілерін тиісті ресімделіп таралуын қамтамасыз етеді;
11) құжаттамалық қамтамасыз етуді, соның ішінде тиісті құжат айналымын ұйымдастыру, ақпараттық технологияларды ендіру және дамыту, іс қағаздарын жүргізу ережелерін сақтау және мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту жолымен жүзеге асырады;
12) жеке және заңды тұлғаларды қабылдауын ұйымдастырады;
13) аудан әкіміне бағынысты мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіруді және өзара әрекет етуді қамтамасыз етеді;
14) аудан әкімдігінің жанындағы консультативті-кеңесші органдарының қызметін қамтамасыз етеді;
15) прогрессті және діни жандандыру негізінде қоғамды біріктіру мақсатында қоғамдық ұйымдармен және бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара әрекет етеді;
16) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету сапсына ішкі бақылау жүргізеді;
17) азаматтық хал актілерін тіркеуді жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте жеке тұлғалар туралы мемлекеттік базасына тіркеу туралы мәліметтер енгізеді
18) туу туралы куәлікті беру кезінде жеке сәйкестендіру нөмірлерін қалыптастырады;
19) терроризмнің прфилактикасы және аудан аумағында терроризмге қарсы комиссиясы арқылы терроризм салдарын азайту (немесе) жою жөніндегі қызметті ұйымдастырады;
20) әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлардың профилактикасына сондай-ақ аудан аумағында олардың салдарын азайту (немесе) жоюына қатысады;
21) қолданыстағы заңнамаларға сәйкес басқа да функцияларды жүзеге асырады.
1) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшыларына, ауылдық округтардың әкімдеріне тапсырма беруге;
2) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, кәсіпорындардан, лауазымды тұлғалардан «Федоров ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне қойылған міндеттерде атқаруға байланысты мәселелер бойынша ақпаратты белгіленген тәртіпте (келісім бойынша) сұратады және алады;
3) тиісті аумақта мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен, ұйымдармен өзара іс-әрекет жасайды;
4) соттарда, тиісті аумақты басқару тиімділігін арттыру мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен, ұйымдармен өзара қарым-қатынаста аудан әкімінің, әкімдігінің, аудан әкімі аппаратының мүдделерін білдіру;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.
1) мемлекеттік органдарда, басқа да ұйымдарда және азаматтармен өзара қарым-қатынаста «Федоров ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесін білдіреді;
2) «Федоров ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басшылық жасайды жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуына дербес жауапты болады;
3) «Федоров ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелерінің қызметіне жалпы басшылық жасау мен үйлестіруді жүзеге асырады, олар туралы ережені бекітеді, қызметкерлердің міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;
4) мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға және еңбек заңнамасына сәйкес кадрлармен жұмысты бақылайды;
5) «Федоров ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құзыреті шегінде қызметтік құжаттарға қол қояды;
6) жеке және заңды тұлғаларды жеке қабылдауын жүзеге асырады;
7) аудан әкімінің кадрлар саясатын іске асыруын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
8) аппараттың қызметкерлеріне міндетті орындауы үшін нұсқамалар береді;
9) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету бойынша «Федоров ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде жүргізілген жұмыстарға дербес жауапты болады;
10) әкім жүктеген басқа да функцияларды орындайды;
11) «Федоров ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшы болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімінің басшысы атқарады.