«Федоров ауданы Камышин ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - әкім аппараты), Камышин ауылдық округі әкімінің (бұдан әрі - әкім) қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасы заңнамасымен көрсетілген басқа да қызметтерді жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.
- Әкімнің аппараты өз қызметін Конституцияға және Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, басқа да нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы әкімнің аппараты туралы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
- Әкімнің аппараты мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық нысанында заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тілде өз атауларымен мөр және мөр табандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, қазынашылық органында шоты бар.
- Әкімнің аппараты өз атынан азаматтық-құқықтық қарым-қатынасқа енеді.
- Әкімнің аппараты заңнамаға сәйкес мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынас жағынан сөз сөйлеуге құқылы.
- Камышин ауылдық округі әкімінің аппараты туралы Ереже, оның құрылымдары аудан әкімімен бекітіледі.
- Мемлекеттік органның толық атауы орыс тілінде - государственное учреждение «Аппарат акима Камышинского сельского округа Федоровского района», қазақ тілінде «Федоров ауданы Камышин ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.
Заңды тұлғаның мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Федоров ауданы, Чистый Чандак ауылы, Пионерская көшесі, 3 үй, пошта индексі 111921.
«Федоров ауданы Камышин ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіндегі жұмыс уақытының ұзақтығы күн сайын сағат 9.00-ден сағат 18.30-ға дейін, демалу және тамақтану үшін сағат 13.00-ден сағат 14.30-ға дейін (сенбі, жексенбіден басқа) үзіліспен белгіленеді.
- «Федоров ауданы Камышин ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі аудан әкімімен құрылады, таратылады және қайта құрылады.
- Әкімнің аппараты жергілікті бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекеме болып табылады.
- Әкімнің аппаратына әкім аппаратының қызметі болып табылатын міндеттерді орындауға кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынасқа тұруға тыйым салынады.