«2023 жылға арналған мүгедек адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» Федоров ауданы әкімдігінің қаулы жобасына
баспасөз-релизі
«2023 жылға арналған мүгедек адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» Федоров ауданы әкімдігінің қаулысының жобасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес әзірленді.
Аталған қаулы жобасын қабылдаудың мақсаты 2023 жылға арналған мүгедек адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу болып табылады.
Қаулы жобасын қабылдауы әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық теріс салдарға әкеп соқтырмайды.
Қаулы жобасы «Электрондық Үкімет» порталындағы https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcategory?id=2007054&type=2 ашық НҚА бөлімінде орналастырылды.