«Федоров ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс
істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру,
әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік
кешен саласындағы мамандарға, ауыл, ауылдық округтер әкімдері
аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2022 жылы
әлеуметтік қолдау көрсету туралы» Федоров аудандық мәслихатының шешім жобасына пресс-релиз
«Федоров ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру,әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауыл, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2022 жылы әлеуметтік қолдау көрсету туралы» Федоров аудандық мәслихатының шешім жобасы «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 8-тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығымен бекітілген Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидаларының 3-бөлігінің 6-тармағына, 14-тармағына, «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарына, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысының 2-тармағына сәйкес әзірленді.
Шешім жобасы «Электрондық үкімет» порталының «Ашық НҚА» бөлімінде орналастырылды https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=13946377