«Федоров ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ-нің 2021 жылғы 12 айға мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есеп

«Федоров ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ-нің  2021 жылғы 12 айға мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есеп

 

 

1. Жалпы ережелер.

 

1) Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер

         1. «Федоров ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі мәтін бойынша – сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі) ауданның сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жергілікті мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

          2. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің ведомстволары жоқ, өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады, оны Федоров ауданының әкімдігі құрады, таратады және қайта ұйымдастырады.

3. Федоров ауданының әкімдігі Федоров ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің құрылтайшысы болып табылады.

4. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы, мөрі мен мөртаңбалары бар, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген үлгідегі бланкілері, қазынашылық органдарында шоттары бар.

5. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

6. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, Федоров ауданы әкімдігінің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

7. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

8. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
          9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 111900, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Федоров ауданы, Федоров ауылы, Красноармейская көшесі,   53-үй.
          10. Мемлекеттік органның толық атауы – «Федоров ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

          11. Ереже сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің құрылтай құжаты болып табылады.               12. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің қызметін қаржыландыру Федоров ауданының бюджет қаражатынан жүзеге асырылады.

          13. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөліміне кәсіпкерлік субъектілерімен сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:

мемлекеттік қызметтер саны

5

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны

2

«e-gov электрондық үкімет порталы» арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны

 

5

 

тегін және (немесе) ақылы негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны

 

5 – тегін

 

 

қағаз және (немесе) электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны

3        - электронды

2- қағаз

 

3) Неғұрлым талап етілетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:

2021 жылдың 12 айында Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау бойынша анықтама беру қызметі сұранысқа ие болды – 4335 анықтама.

 

2. Қызмет алушылармен жұмыс

 

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер:

Халықтың мемлекеттік қызметтерге тең қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында Федоров ауданы әкімдігінің ресми Интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сілтемелер, Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізілімі, Федоров ауданы әкімдігінің мемлекеттік мекемелері көрсететін мемлекеттік  қызметтер тізбесі, Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары, регламенттері, Федоров ауданының мемлекеттік қызмет көрсетуші органдарының байланыс телефондары орналастырылған, олар арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат алуға болады.

Бөлімде мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша нормативтік құқықтық актілермен, ақпараттық-анықтамалық материалдармен стендтер ресімделлді, мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсетуге жауапты лауазымды тұлғалар анықталған.

2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларын жария талқылау туралы ақпарат

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларына жария талқылаулар өткізу облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің құзыретіне кірмейді.

3) Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және т. б.)

2021 жыл ішінде бөлімде мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсетуге қатысты 2 семинар сабағы өткізілді.

 

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет.

 

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері

   Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері оларды көрсету сапасына оң әсерін тигізеді. Мемлекеттік қызметтер көрсету рәсімі оңайлатылады, мемлекеттік қызметтер көрсету процесінде мерзімдер мен әкімшілік кедергілер қысқартылады.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар

     Мемлекеттік қызмет көрсететін мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында құқықтық жалпы оқыту бойынша сабақтар өткізіледі, онда өзекті тақырыптар қаралады, мамандар халыққа қызмет көрсету орталықтарының интеграцияланған ақпараттық жүйесімен жұмыс жөніндегі семинарларға қатысады.

      Федоров ауданы әкімдігінің мемлекеттік қызметшілерінің біліктілігін арттыру Қостанай облысы әкімдігінің «Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлаудың және олардың біліктілігін арттырудың өңірлік орталығы» КМҚК мемлекеттік қызметшілерінің біліктілігін арттырудың жоспар-кестесі негізінде жүзеге асырылады.

 

4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау

 

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.

    Есепті кезеңде қызмет алушылардан бөлімге мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдар түскен жоқ және қаралған жоқ.

2)Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.

    2021 жылға арналған мемлекеттік қызмет көрсету сапасын ішкі мемлекеттік бақылаудың бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес, Федоров ауданы әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшесі, бөлімде ішкі бақылаудың 2 іс-шарасын жоспарланды және өткізілді.

      Бақылау іс-шараларының нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталды, оларды жою үшін ұсынымдар берілді.

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері.

    Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті (бұдан әрі-Департамент) 2021 жылы тексеру жүргізген жоқ.

4)Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері.

    Федоров ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі - мемлекеттік органда мемлекеттік қызмет көрсету сапасының қоғамдық мониторингі жүргізілген жоқ.

5. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттануын арттыру.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттырудың негізгі бағыттары оларды автоматтандыру және Мемлекеттік корпорацияға аудару болып табылады. Жалпы, мемлекеттік қызметтер көрсету саласында мемлекеттік корпорация және «электрондық үкімет порталы» арқылы көрсетілген қызметтер санының өсуі, оның ішінде ақпараттық жүйелер арқылы рұқсат беру құжаттарын беру бойынша оң үрдіс байқалады. Мемлекеттік қызметтерді тұтынушы ретінде халықтың сұрау салуына тұтастай бағытталған,  көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған жұмыс жалғастырылатын болады.

 

«Федоров ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ-нің 2021 жылғы 12 айға мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есеп
Дата публикации
13 апреля 2022