«Мәслихаттың 2021 жылғы 11 қазандағы № 58 «Федоров ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Федоров аудандық мәслихатының шешіміне жобасы «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» 2002 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 16 - бабының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Аталған шешімнің жобасын қабылдаудың мақсаты «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мүгедек адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2022 жылғы 27 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының қабылдануына байланысты өзгерістер енгізу болып табылады.
Жоба 2022 жылғы 14 наурызда ашық нормативтік актілер порталында орналастырылған https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14032369, талқылау мерзімі 2022 ж. 14.03.- 2022 ж. 31.03.
Федоров аудандық мәслихаты аппаратының ресми интернет-ресурсында: https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-fedorov/documents/details/286223?lang=ru
Шешім жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.