«Мәслихаттың 2020 жылғы 7 қыркүйектегі № 465 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Федоров аудандық мәслихатының шешімінің жобасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-3-тармағына сәйкес әзірленді.
Аталған шешімнің жобасын қабылдаудың мақсаты «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мүгедек адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2022 жылғы 27 маусымдағы № 129-VII Қазақстан Республикасы Заңының қабылдануына байланысты өзгерістер енгізу болып табылады.
Жоба ашық нормативтік актілер порталында орналасқан https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14002069, талқылау мерзімі 2022 ж.15.02. -2022 ж. 01.03.
Федоров ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында
https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay-fedorov/documents/details/277683?lang=ru.
Шешім жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.