«Федоров ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен
тәртібін айқындау туралы» мәслихаттың 2014 жылғы 27 қарашадағы
«Федоров ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» мәслихаттың 2014 жылғы 27 қарашадағы № 279 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Федоров аудандық мәслихатының шешімінің жобасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-3-тармағына сәйкес әзірленді.
Аталған шешімнің жобасын қабылдаудың мақсаты табысы аз отбасының (азаматтың) жиынтық табысына шекті жол берілетін шығыстар үлесін тұрғын үй көмегінің мөлшерін есептеу кезінде оннан бес пайызға дейін азайту бөлігінде өзгеріс енгізу болып табылады.
Жоба ашық нормативтік актілер порталында орналасқан https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14150474, талқылау мерзімі 2022 ж.13.07. -2022 ж. 28.07.
Федоров ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында
https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay-fedorov/documents/details/325312?lang=kk
Шешім жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.