Федоров ауданының 2022 жылғы қаңтар-маусым айлары ішіндегі
әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары
туралы ақпарат
Есептік кезең ішінде аудандық бюджеттің кіріс бөлігі 2942,1 млн. теңгені құрады, оның ішінде трансферттер 608,1 млн. теңге, субвенция 1506,9 млн. теңге.
1, 2 және 3 санаттағы кірістер 827,1 млн. теңге жоспар бойынша, 1068,7 млн. теңге сомасына немесе 129,2 % атқарылды, жоспардан тыс 241,6 млн. теңге келіп түсті.
Есептік кезең ішінде бюджеттің шығыс бөлігі 1179,6 млн. теңге жоспар бойынша, 1179,5 млн. теңгеге немесе 100 % атқарылды.
2022 жылғы 1 шілдеге өнеркәсіп өнімдерінің НКИ 94,6 % құрайды.
Өнеркәсіп өнімдерін өндіру көлемі 1490,5 млн. теңгені құрайды, бұл 2021 жыл деңгейінен 835,2 млн. теңгеге көбірек. Ауданның облыс өнеркәсіптік өнімі көлеміндегі үлес салмағы 0, 1 % құрайды.
Есептік кезеңде ауыл шаруашылық өнімдерінің нақты көлем индексі 91,9 % құрайды.
Барлық санаттар бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы 7118,3 млн. теңгені құрайды, бұл 2021 жылғы деңгейден 707,8 млн. теңгеге артық (2021 жылы – 6410,5 млн. теңге). Оның ішінде:
Мал мен құстың барлық түрлері бойынша ет (тірі салмақта) 2867 тонна немесе 2021 жылдың деңгейіне 98,6 %, сүт 19829,1 тонна немесе 85,1 %, жұмыртқа 3686,6 мың дана немесе 92,1 % өндірілді.
2022 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша ІҚМ саны 1134 басқа азайды және 30,4 мың басты немесе 2021 жылдың деңгейіне 96,4 %, оның ішінде сиыр басы 1482 басқа азайды және 2021 жылдың деңгейіне 90,3 % құрайды. Жылқы басы 5,7 % көбейді және 4,8 мың басты құрайды, шошқа басы 1447 басқа немесе 13,1 % азайды және 13,1 мың басты құрайды.
2022 жылдың қаңтар-маусым айлары ішіндегі көтерме тауар айналымының көлемі 668,4 млн. теңгені құрайды, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңінен 226,9 млн. теңгеге көбірек. НКИ 67,1 % құрайды.
2022 жылдың қаңтар-маусым айлары ішіндегі бөлшектік тауар айналымының қөлемі 1940,6 млн. теңгені құрайды, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңінен 268,1 млн. теңгеге көбірек. НКИ 103,6 % құрайды.
Экономикалық өсуді айқындайтын түйінді нысаналы индикаторлардың бірі инвестициялар тарту болып табылады
Негізгі капиталға түсетін инвестициялардың нақты көлем индексі 110,7 % құрайды.
Облыстың жалпы көлеміндегі аудан инвестицияларының үлесі 2,3 % құрайды. Ауданға 4073 млн. теңге капиталды құрайтын инвестиция салынды, бұл 2021 жылдан 636 млн. теңгеге көбірек (2021 жылы-3437 млн.теңге). Республикалық бюджет есебінен 1063 млн. теңге, жергілікті бюджет есебінен 101 млн.теңге салынды, кәсіпорындар қаражаты есебінен 2321 млн. теңге салынды, банктің кредиттері мен басқа да қарыз қаражаттары 588 млн. теңгені құрады.
Құрылыс кешені қызметінің негізгі көрсеткіші – тұрғын үйді пайдалануға беру.
2022 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша тұрғын үйлерді пайдалануға беру 2169 шаршы метрді құрады, бұл 2021 жылғы деңгейден 43 шаршы метрге көбірек. НКИ 102,0 % құрады.
2022 жылғы 1 шілдеге құрылыс жұмыстарының көлемі 1106,0 млн. теңгені құрайды, бұл 2021 жылдан 20 млн. теңгеге көбірек (2021 жылы – 1086,0 млн. теңге).
Өмір деңгейі. Статистикалық деректер бойынша 2022 жылдың 1 тоқсанында орташа айлық жалақы 162287 теңгені құрады, бұл 2021 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 27257 теңгеге немесе 20,2 % артық.
«Федоров ауданының экономика
және қаржы бөлімі» ММ басшысы С. Завощенко