«Федоров ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен
тәртібін айқындау туралы» мәслихаттың 2014 жылғы 27 қарашадағы
№ 279 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Федоров аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасының 2-тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:
«2. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасында жалғыз тұрғынжай ретінде меншік құқығында тұрған тұрғынжайда Федоров ауданының аумағында тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):
кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;
коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;
мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.
Табысы аз отбасының (азаматтың) жиынтық табысына шекті жол берілетін шығыстар үлесі бес пайыз мөлшерінде белгіленеді.
Табысы аз отбасыларының (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады.»
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |