Шығ.3-05/08
15.06.2022 ж.
«Федоров ауданы әкімдігінің
мәдениет және тілдерді дамыту
бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
басшысы
А.Т.Салпеноваға
«Федоров ауданы әкімдігінің тілдерді оқыту орталығы» КММ
2022 жылдың І жартыжылдығына сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне
ішкі талдау жүргізу бойынша анықтамасы.
«Федоров ауданы әкімдігінің Тілдерді оқыту орталығы» КММ өз қызметін Федоров ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 11 қаңтардағы № 7 қаулысымен бекітілген коммуналдық мемлекеттік мекеме туралы ереже негізінде жүзеге асырады. Ережеде белгіленген, нормативтік құқықтық актілерге сәйкес орталықтың функциялары.
Оқыту орталығы өз қызметінде басшылыққа алатын негізгі нормативтік құқықтық актілер: «Мәдениет туралы»; «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы»; «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы»; «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңдары; «Қазақстан Республикасының мәдени саясат тұжырымдамасы туралы», Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 4 қарашадағы №939 Жарлығы; «Қазақстан Республикасының мәдениет саясатының тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 4 қарашадағы № 939 Жарлығы; Мәдениет, тілдерді дамыту, мұрағат ісі және құжаттама, дене шынықтыру және спорт саласындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 419 бұйрығы.
«Федоров ауданы әкімдігінің тілдерді оқыту орталығы» КММ коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді талдау қорытындысы бойынша олқылықтар, дискрециялық нормалар анықталған жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсету белгілері бар функциялар анықталған жоқ.
Қызметкерлерді басқару.
Орталықтың штаттық саны 5 бірлікті құрайды (орталық басшысы, 1 қазақ және 1 ағылшын тілі оқытушысы, 1 әдіскер (0,5 мөлшерлеме), 1 оқытушы (0,5 мөлшерлеме), 1 бухгалтер (0,5 мөлшерлеме), 1 техқызметкер).
Талдау жүргізу кезеңінде орталық толық жинақталмаған, орталық басшысының орны бос болды.2022 жылдың І жартыжылдығында қызметкерлерді лауазымын төмендету фактілері болған жоқ.
Жұмыс орнының бос болуына байланысты І тоқсанда 1 адам (қазақ тілі оқытушысы), ІІ тоқсанда 1 адам (ағылшын тілі оқытушысы) болып жұмысқа қабылданды. Жұмысқа қабылданған қызметкердің аффилиирленуі, сондай-ақ мүдделер қақтығысы анықталған жоқ.
Орталық қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарында олардың лауазымдық құқықтары мен міндеттері толық көрсетілген, қызметкерлердің міндеттерін қайталау фактілері жоқ.
Орталық қызметкерлеріне демалыс беру бекітілген кестеге сәйкес және Мемлекеттік қызмет туралы Заңға және Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне қатаң сәйкес жүзеге асырылады.
Қызметкердің (бухгалтер) еңбек демалысынан кері шақырылуы фактісі бар. Жазбаша келісімі бар.
Қызметкерлерге сыйлықақы беру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Тәртіптік жазасы алынбаған қызметкерлерге сыйақы беру фактісі жоқ.
Талданып отырған кезеңде орталық қызметкерлерін сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар, сондай-ақ мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылықтар жасағаны үшін жауапкершілікке тарту фактілері болған жоқ.
«Федоров ауданы әкімдігінің Тілдерді оқыту орталығы» КММ мемлекеттік қызмет көрсетпейді.
Талданып отырған кезеңде тексеру жүргізілген жоқ.
1.Прокурорлық ден қою актілері.
Талданып отырған кезеңде прокурорлық ден қою актілері келіп түскен жоқ.
Мекеме талап-арыз қызметін жүргізген жоқ.
Жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштердің жалпы саны - 0. Талданып отырған кезеңде шағымдар түскен жоқ.
Қызметкерлерге қатысты бұқаралық ақпарат құралдарында жағымсыз жарияланымдар фактілері жоқ.
«Федоров ауданы әкімдігінің тілдерді оқыту орталығы» КММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген талдау нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
Басшының міндетін атқарушы С. Абдуллина
«15» маусым 2022 жыл