«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша талдау анықтамасы.

 «Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша талдау анықтамасы.

 

«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ және «Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық - кітапханалық жүйесі» КММ 2022 жылғы 30 мамырдағы №25 бұйрығы негізінде 1 маусымнан бастап  10 маусым аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

 

  1. Мемлекеттік мекеменің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілер:

«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ өз қызметін Федоров ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 1 шілде № 82 қаулысымен бекітілген мемлекеттік мекеме туралы ереже негізінде жүзеге асырады. Орталықтың функциялары, ережеде белгіленген нормативтік құқықтық актілерге сәйкес.

Мекеме өз қызметін ұйымдастыруда басшылыққа алатын негізгі нормативтік құқықтық актілер: Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы»; «Қазақстан Республикасының тілдер туралы»; «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы»; «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Қазақстан Республикасының мәдени саясатының тұжырымдамасы туралы»; Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің м. а. 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 419 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының мәдениет, білім беру, мәдениет саласының, тілдерді дамыту, мұрағат ісі және құжаттама, дене шынықтыру және спорт саласындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімі»; Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 17 шілдедегі №209 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік мәдениет ұйымдарының басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары.

«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ мемлекеттік мекемесінің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді талдау қорытындысы бойынша олқылықтар, дискрециялық нормалар анықталған жоқ.

Мемлекеттік қызмет көрсету белгілері бар функциялар анықталған жоқ.

 

  1. «Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту

бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» ММ қатысты мемлекеттік органдармен жүргізілген тексеру нәтижелері.

Талданып отырған кезеңде тексеру жүргізілген жоқ.

  1. Прокурорлық ден қою актілері.

Талданып отырған кезеңде прокурорлық ден қою актілері келіп түскен жоқ.

  1. Талап-арыз қызметі.

Мекеме талап-арыз қызметін жүргізген жоқ.

  1. «Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері.

Жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштердің жалпы саны - 0. Талданып отырған кезеңде шағымдар түскен жоқ.

 

  1. Қызметкерлерді басқару.

Мекеменің штаттық саны 31,86 бірлікті құрайды (1 басшы, 2 әдіскер, 1 библиограф, 1 балалар кітапханасының меңгерушісі, 11 кітапханшы (1 мөлшерлеме), 13 кітапханашы (0,5 мөлшерлеме), 1 бас есепші, 1 аудармашы, 1 инженер жүйе технигі, 1 ғимаратқа қызмет көрсету жөніндегі жұмысшы (0,5мөлшерлеме), 5 техникалық қызметкер (5,86мөлшерлеме).

Талдау жүргізу кезеңінде ұйым толық жинақталмаған, басшының, кітапханашының бос орындары бар. Жұмыстан босату, қызметкерлердің лауазымын төмендету фактілері болған жоқ. Бос мемлекеттік лауазымдарға орналасу фактілері болған жоқ.

Қызметкерлердің  лауазымдық нұсқаулықтарында олардың лауазымдық құқықтары мен міндеттері толық көрсетілген, қызметкерлердің міндеттерін қайталау фактілері жоқ.                                                                           

Қызметкерлерге  демалыс беру бекітілген кестеге сәйкес және Мемлекеттік қызмет туралы Заңға және Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес қатаң жүзеге асырылады.

Қызметкерлерге сыйлықақы беру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Тәртіптік жазасы алынбаған  қызметкерлерге сыйақы беру фактісі жоқ.

Талданып отырған кезеңде жүйе қызметкерлерін сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар, сондай-ақ мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылықтар жасағаны үшін жауапкершілікке тарту фактілері болған жоқ.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету.

«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ мемлекеттік қызмет көрсетпейді.

  1. Бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланым сандары.

Қызметкерлерге қатысты бұқаралық ақпарат құралдарында жағымсыз жарияланымдар фактілері жоқ.

«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің  орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген талдау нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

 

 

Басшының м.а.                                                                  Каракпаева А.О.

 

 

«10» маусым  2022 жыл

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша талдау анықтамасы.
Дата публикации
10 июня 2022