«Федоров ауданы Федоров ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша талдамалық анықтама
«Федоров ауданы Федоров ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметін енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен Федоров ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 3 қаңтардағы № 438 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік мекеме туралы ереже негізінде жүзеге асырады. Ережеде айқындалған мемлекеттік мекеменің функциялары нормативтік құқықтық актілерге сәйкес келеді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына, Федоров ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 03 наурыздағы № 17-ө өкіміне сәйкес жүргізіледі.
Мемлекеттік мекеменің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер: «Қазақстан Республикасының Конституциясы», Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі», «Қазақстан Республикасының Жер кодексі», «Әдеп кодексі», «Еңбек кодексі», «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Салық кодексі, «Бюджет кодексі», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы, «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының заңы, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, «Мемлекеттік рәміздер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, «Жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, «Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, Құқықтық мониторинг жүргізу қағидалары, Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу қағидалары, Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесі, Қаржылық есептілікті жасау және ұсыну ережесі, Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну ережесі.
3.Штат саны: Талдау жүргізу кезеңінде Федоров ауылдық округі әкімінің аппараты толық жасақталған. Теріс себептер бойынша жұмыстан шығару, қызметкерлердің лауазымын төмендету фактілері тіркелген жоқ. Ауылдық округ әкімі аппаратының штат саны 8 бірлікті құрайды (ауылдық округ әкімі, 1-әкімнің орынбасары, 1 - әкімнің кеңесшісі, 4-бас маман, 1 - жетекші маман).
Мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық нұсқаулықтарында олардың лауазымдық құқықтары мен міндеттері толық көрсетілген, қызметкерлердің міндеттерін қайталау фактілері жоқ.
Ауылдық округ әкімі аппаратының қызметкерлеріне демалыс беру бекітілген кестеге сәйкес және қатаң түрде мемлекеттік қызмет туралы Заңға және Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
Қызметкерлерге сыйлықақы беру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Талданып отырған кезеңде қызметкерлерге сыйақы берілген жоқ.
Әкімшілік мемлекеттік қызметшілерді тәртіптік жауапкершілікке тарту фактілері бар, бас маман-заңгер тәртіптік жаза – сөгіс; ауылдық округ әкімі аппаратының қызметкерлерін сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар, сондай-ақ мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылықтар жасағаны үшін жауаптылыққа тарту фактілері тіркелген жоқ.
Олардың ішінде қазіргі таңда ең сұранысқа ие және өзекті 3 мемлекеттік қызмет болып табылады: елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру; сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу; жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру.
2022 жылғы 1-10 маусым аралығында жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау барысында «Федоров ауданы Федоров ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметінде үш мемлекеттік қызметте сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды: «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу»; «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру», «Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру».
Екі мемлекеттік қызмет, атап айтқанда «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу»; «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесі арқылы электрондық форматқа ауыстырылды, алайда азаматтардың көпшілігінде электрондық үкімет жүйесінде жұмыс істеу дағдылары жоқ және әкім аппаратының мамандарына жүгінеді, бұл көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушімен тікелей байланысына әкеп соғады.
Сонымен қатар, «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесінде «Федоров ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесіне өтінішті жолдау үшін қосымша парақ жоқ, осыған байланысты құжаттар қағаз нұсқада қолма-қол жіберіледі.
«Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы көрсетіледі. Алайда, «Е-gov» электрондық үкімет порталында бірінші кезеңге өтініш беру мүмкін емес, өйткені бұл қызмет қол жетімді емес. Осыған байланысты көрсетілетін қызметті алушы қағаз нұсқада өтініш беру үшін әкім аппаратына жүгінеді.
Жарты жылда бір рет интернет-ресурста көрсетілетін қызметті берушілердің, мүдделі жеке тұлғалардың және заңды тұлғалар өкілдерінің қатысуымен мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есеп орналастырылады. Халықтың мемлекеттік қызметтерге тең қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында Федоров ауданы әкімдігінің Ресми-Интернет ресурсында «Мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша есептер» бөлімінде көрсетілетін қызметті берушінің байланыс телефондары орналастырылған, олар арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратты, жауапты тұлғаларды және мемлекеттік қызметтер көрсету кестелерін алуға болады. Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған іс-шаралар тұрақты негізде жүргізіледі, бұл материалды өз бетінше зерделеу, логикалық талдау, Федоров ауданы әкімінің аппаратымен өткізілетін семинар-кеңестер, сондай-ақ осы бағыт «Құқықтық білім мектебі» сабақтарында қаралады.
Есептік кезеңде 33 мемлекеттік қызмет көрсетілді, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша 28 түсіндіру іс-шарасы өткізілді, оның ішінде: жиындар-16 (есептік кездесулер; қаңтар, мамыр айлары), кеңестер – 12, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндіру іс-шараларымен халықты қамту-374.
Әкімшілік рәсімдерді оңтайландыру және қысқарту мақсатында 2022 жылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электрондық форматқа көшіру жөніндегі жұмыс жалғастырылды. Мемлекеттік қызметтерді көрсетуге жауапты мамандар қызмет алушыларды электрондық цифрлық қолтаңбаларды алу және қызметтерді электрондық форматта алу тәртібі туралы хабардар ету бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Халыққа мемлекеттік қызмет көрсетудің барлық кезеңінде қызмет алушылардан мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша әкім аппаратына және жоғары тұрған инстанцияларға шағымдар түскен жоқ. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері бойынша бас тарту, шағым, белгіленген мерзімдерді бұза отырып көрсетілген мемлекеттік қызмет саны тіркелген жоқ.
Нормативтік-құқықтық актілер: есепті кезеңде «Федоров ауданы Федоров ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде қабылданған нормативтік құқықтық актілер – 109, оның ішінде өкімдер – 62, шешімдер-47.
Мемлекеттік сатып алу: Мемлекеттік сатып алу бойынша 55 шарт жасалды, Қазынашылық - клиент жүйесінде 311 төлем шоты жіберілді, жеке қаржыландыру жоспарына өзгерістер енгізу туралы 12 анықтама, шарттар бойынша МӨҚ тіркеуге 25 өтінім қалыптастырылды. Мемлекеттік сатып алуды өткізу мемлекеттік сатып алу жоспарына сәйкес ашық конкурс, баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен және тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден жүзеге асырылады. Осылайша, мемлекеттік сатып алуды заңды түрде өткізу қамтамасыз етіледі.
Салықтар: салықтық алымдар бойынша жоспар: жеке табыс салығы – 5468,0 мың теңге, мүліктік салық - 80,0 мың теңге, жер салығы – 400,0 мың теңге, көлік салығы-7922,0 мың теңгені құрайды. Салық жинау жоспары 100% орындалды.
5.Бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар.
«ТоболИнфо» ақпараттық агенттігінде 09.04.2022 жылы Федоров ауылдық округі әкімі аппаратының қызметкерлеріне қатысты ақпаратты жариялау фактісі бар.
Есепті кезеңде барлығы «Федоров ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне 54 өтініш келіп түсті. Оның ішінде жеке қабылдауда - 6 өтініш, жазбаша – 49; өтініштер - 43, шағымдар - 0; басқалары – 6 (сұраныс). Заңды тұлғалардың өкілдерінен-0. Барлық өтініштер заңда белгіленген мерзімде қабылданды, тіркелді және қаралды. Келіп түскен өтініштердің жалпы санынан құзыреті бойынша басқа мемлекеттік мекемелерге 1 өтініш қайта жолданды, 2 өтініш заңды негіздерде қабылданбады.
Есепті кезеңде өтініштерді қарау мерзімдерін бұзуға жол берілген жоқ.
03.03.2022 жылғы № 2-0920-22-00335 заңдылықтың бұзылуын жою туралы ұсыныс, ИӨС базасындағы статистикалық деректерде сәйкессіздіктер анықталды.
Талданып отырған кезеңде «Федоров ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында жауапкер ретінде қатысты.
2022 жылғы 1-10 маусым аралығында жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау барысында «Федоров ауданы Федоров ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметінде үш мемлекеттік қызметте сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды: сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу; жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру, елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру.
Екі мемлекеттік қызмет, атап айтқанда «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу»; «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесі арқылы электрондық форматқа ауыстырылды, алайда азаматтардың көпшілігінде электрондық үкімет жүйесінде жұмыс істеу дағдылары жоқ және әкім аппаратының мамандарына жүгінеді, бұл көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушімен тікелей байланысына әкеп соғады. Сонымен қатар, «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесінде «Федоров ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесіне өтінішті жолдау үшін қосымша парақ жоқ, осыған байланысты құжаттар қағаз нұсқада қолма-қол жіберіледі.
«Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы көрсетіледі. Алайда, «Е-gov» электрондық үкімет порталында бірінші кезеңге өтініш беру мүмкін емес, өйткені бұл қызмет қол жетімді емес. Осыған байланысты көрсетілетін қызметті алушы қағаз нұсқада өтініш беру үшін әкім аппаратына жүгінеді.
Федоров ауылдық округінің әкімі В.Воробкало
«10» маусым 2022 жыл