«Федоров ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-де сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша талдамалы анықтама
«Федоров ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысының «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» 2021 жылғы 06 сәуірдегі № 35 бұйрығы негізінде Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде 2022 жылғы 01 маусымнан бастап 2022 жылғы 10 маусым аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі өз қызметін Федоров ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 18 сәуірдегі № 79 қаулысымен бекітілген Ережеге сәйкес жүзеге асырады. Ережеде белгіленген бөлімнің функциялары нормативтік құқықтық актілерге сәйкес.
1995 ж. 30.08. Қазақстан Республикасының Конституциясы,
2008 ж. 04.12. № 95-I. ҚР Бюджет кодексі,
2001 ж. 23.01. № 148 «ҚР жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР Заңы,
2015 ж. 23.11. № 416-V «Мемлекеттік қызмет туралы» ҚР Заңы,
2007 ж. 12.01. № 221 «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» ҚР Заңы,
2015 ж. 04.12. № 434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңы,
2015 ж. 31.12. № 1193 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» ҚР Үкіметінің қаулысы,
2016 ж. 06.04. № 482-V «Халықты жұмыспен қамту туралы» ҚР Заңы,
2005 ж. 13.04. № 39 «ҚР мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» ҚР Заңы,
2022-2025 жылдары халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде азаматтарды кәсіпкерлікке тарту жөніндегі міндеттерді іске асыру туралы 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы,
Федоров ауданы әкімдігінің «Федоров аудандық мәслихатының 2021 жылғы 27 желтоқсандағы № 75 «Федоров ауданының 2022 - 2024 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» шешімін іске асыру туралы» 2022 жылғы 6 қаңтардағы № 1 қаулысы,
Федоров аудандық мәслихатының «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2020 ж. 07.09. № 465 шешімі,
мәслихаттың «Федоров ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» 2021 жылғы 11 қазандағы № 58 шешімі ,
мәслихаттың «Федоров ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» 2014 жылғы 27 қарашадағы № 279 шешімі,
«Жалақыны, стипендияны, зейнетақыларды, жәрдемақыларды және бюджет қаражаты есебінен басқа да ақшалай төлемдерді төлеу тәртібін, сондай-ақ акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындар мен акционерлік қоғамдарға жалақы және басқа да ақшалай төлемдерді төлеу тәртібін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» ҚР Үкіметінің 1999 ж. 09.28 № 1464 қаулысы,
«Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық - педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» 2002 ж. 11.07. № 343 ҚР Заңы,
«Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» 2008 ж. 29.12. № 114-IV ҚР Заңы,
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің «Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы» 2015 ж. 22.01. № 26 бұйрығы, ҚР Үкіметінің «Мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) қозғалыс құралдарының тізбесін бекіту туралы» 2005 ж. 20.07. № 754 қаулысы,
«ҚР Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» 2005 ж.12.04. № 36 ҚР Заңы,
«Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2009 ж. 03.14 № 330 қаулысы,
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» 2020 жылғы 28 мамырдағы №197 бұйрығы.
«Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы»,
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің «Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2015 ж. 26.03. № 165 бұйрығы,
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің «Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2015 ж. 26.03. № 165 бұйрығы,
«Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2009 ж.12.30 № 2314 қаулысы,
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» 2001 ж. 17.07. № 246 ҚР Заңы,
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 05 мамырдағы № 320 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидалары,
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеу ережесін бекіту туралы» 2009 ж. 28.07. № 237-б бұйрығы,
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 ж. 18.11. № 410-V ҚР Заңы.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді талдау қорытындысы бойынша коллизиялар, олқылықтар, дискрециялық нормалар анықталған жоқ. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің белгілері бар функциялардың болуы анықталған жоқ.
Бөлімнің штаттық саны 6 бірлікті құрайды (бөлім басшысы, 1 сектор меңгерушісі, 4 бас маман).
Талдау жүргізу кезеңінде бөлім толығымен жасақталған.
Жұмысқа қабылданған қызметкерлердің үлестестігі, сондай-ақ мүдделер қақтығысы анықталған жоқ.
Бөлімнің мемлекеттік қызметшілерінің лауазымдық нұсқаулықтарында олардың лауазымдық құқықтары мен міндеттері толық көрсетілген, қызметкерлердің міндеттерін қайталау фактілері жоқ.
Бөлім қызметкерлеріне еңбек демалысын беру бекітілген кестеге сәйкес және қатаң түрде «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңға және Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
Қызметкерлерге сыйақы беру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Тәртіптік жазасы алынбаған қызметкерлерге сыйақы беру фактілері жоқ.
Талдау кезеңінде бөлім қызметкерлерін сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар, сондай-ақ мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылықтар жасағаны үшін жауапкершілікке тарту фактілері орын алған жоқ.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету
Бөліммен мемлекеттік қызметтің 15 түрі көрсетіледі. 2022 жылғы 01 маусымнан бастап 2022 жылғы 10 маусымға дейінгі кезеңде барлығы - 6, оның ішінде:
|
- мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау - 0; |
|
- жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау - 2; - Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру - 0, Мемлекеттік корпорация арқылы-0; -мүгедектерге протездік – ортопедиялық көмек ұсыну үшін Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттарды ресімдеу - 0, ЭҮП-0; - мүгедектерді техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу-1 (проактивті қызмет) - жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің қызметін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды ресімдеу-0, – мүгедектерді есту бойынша ымдау тілі маманының қызметтерімен Мемлекеттік корпорация арқылы қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу - 0, ХҚКО-0; |
|
– Мемлекеттік корпорация арқылы мүгедектерді арнайы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу - 0; |
|
- ХҚКО арқылы мүгедектерді және мүгедек балаларды санаторлық – курорттық емдеумен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу - 0, ЭҮП - 1; |
|
- үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттарды ресімдеу - 0, Мемлекеттік корпорация арқылы - 0; ЭҮП - 0; - Мемлекеттік корпорация арқылы медициналық – әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу - 0; |
|
|
|
- өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру - 0, Мемлекеттік корпорация арқылы – 0; |
|
- тұрғын үй көмегін Мемлекеттік корпорация арқылы тағайындау - 0, ХҚКО-0; |
|
-мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу – 0, Мемлекеттік корпорация арқылы - 0; - ақталған адамға куәлік беру - 0; |
Қызмет көрсету тәртібі туралы халықты ақпараттандыру үшін ақпараттық стенд рәсімделген, онда бөліммен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің қолданыстағы стандарттары, сенім телефонының нөмірі, Бөлім басшысының азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау кестесі орналастырылған.
Талданып отырған кезеңде тексерулер жүргізілген жоқ.
Талап қою-қуыным бойынша қызмет
Талданып отырған кезеңде Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі кәмелетке толған әрекетке қабілетсіз азаматтарға қорғаншылық және қамқоршылық органының мүдделі тұлғасының өкілі ретінде сот отырыстарына қатыстысқан жоқ ( қатысулар).
Талданып отырған кезеңде келіп түскен өтініштердің жалпы саны-2. Жүгіну мәселесі кәмелетке толған әрекетке қабілетсіз азаматтарға қамқоршылық белгілеу, семинарға қатысуға шақыру.
Өтініштерді қарау нәтижелері: қарастыруда
Талданып отырған кезеңде шағымдар түскен жоқ.
Бөлім қызметкерлеріне қатысты бұқаралық ақпарат құралдарында жағымсыз жарияланымдар фактілері жоқ.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша «Федоров ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ және Федоров ауданы әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ ведомстволық бағынысты ұйымының қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды.
«Мемлекеттің қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 382 қаулысы (жасырын қызмет)
6-тармақ. Аудандардың, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары кәмелетке толмағандарға қатысты – халықты әлеуметтік қорғаудың уәкілетті органдары арқылы қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асырады. Бұл ретте қажетті құжаттар пакеті белгіленбеген.
Кәмелетке толмаған адамдарға және олардың мүлкіне қорғаншылық белгілеу жөніндегі мемлекеттік қызметті мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізу: ЖАО
«Ақталған адамға куәлік беру қағидалары» (құқықтық коллизиялар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 184 қаулысы Қағидалардың 3-тармағына сәйкес ақталған адамға бірыңғай үлгідегі куәлік беру туралы өтінішті саяси қуғын-сүргіндерге ұшыраған ақталған адам жеке өзі не өкілі арқылы уәкілетті органға береді. Сонымен қатар, «Ақталған адамға куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілі – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ
Уәкілетті органға емес, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ өтініш беру бөлігінде өзгеріс енгізу
«Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, оларға біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу және жеңілдіктер мен өтемақы алу құқығын растайтын куәліктер беру қағидалары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 20 ақпандағы № 110 қаулысы.
Қағидалардың 1,2-тармақтарында Семей сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу және оларға куәліктер беру үшін әкімдердің арнайы комиссиялар құруы көзделген. Сонымен қатар, «Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушілер қалалар мен аудандардың жұмыспен қамту бөлімдері болып табылады шешімге шағымдану тәртібі Стандарттың 3-тарауында қамтылған
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде арнайы комиссиялардың қызметін алып тастау бөлігінде қағидаларға өзгерістер енгізу.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары» 2020 жылғы 28 мамырдағы № 197 бұйрығы
Талдау анықтамасын құрастырды:
«Федоров ауданы әкімдігінің
жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі» ММ басшысы Т.Решетникова
2022 жылғы «10 » маусым