«Федоров ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қорытындылары бойынша талдамалық анықтама

 «Федоров ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қорытындылары бойынша

талдамалық анықтама

 

 

         «Федоров ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес және «Федоров ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ басшысының «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» 2022 жылғы  1 маусым №15 бұйрығы негізінде жүргізілді. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 2022 жылғы 1 маусымнан бастап 2022 жылғы 10 маусымға дейінгі кезеңде жүргізілді.

  1. Мемлекеттік мекеменің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер: Федоров ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі өз қызметін Федоров ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 17 шілдедегі № 163 қаулысымен бекітілген мемлекеттік мекеме туралы ереже негізінде жүзеге асырады. Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің Ережемен белгіленген функциялары нормативтік құқықтық актілерге сәйкес келеді.

Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі өз қызметінде: Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Заңы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы № 148 Заңы Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы, Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V ҚРЗ Мемлекеттік сатып алу туралы, Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V ҚРЗ Қазақстан Республикасынын мемелекеттік қызметі туралы, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы № 350 VI ҚРЗ Кодексі Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі, Қазақстан Республикасының Конституциясын, Заңдарды,  Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілерін, Қостанай облысы әкімдігінің қаулыларын, Федоров ауданы әкімдігінің қаулыларын, Федоров ауданы әкімінің шешімдерін және өзге де нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады.

         Бөлім қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді талдау қорытындысы бойынша: коллизиялар, олқылықтар, дискрециялық өкілеттіктер және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормалар анықталған жоқ.

         Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінде мемлекеттік сатып алуды өткізу баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен және тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден мемлекеттік сатып алу жоспарына толық сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік сатып алуды тиісінше өткізу қамтамасыз етіледі. 2021 жылдың 1-тоқсанындабұзушылықтар анықталған жоқ.

  1. Талданылатын кезеңде мемлекеттік мекемеге қатысты тексерулер жүргізілген жоқ.
  2. персоналды басқару: «Федоров ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ штат саны 7 бірлікті құрайды. Талдау жүргізу кезеңінде бөлім толық жинақталмаған, екі бос орны бар, кәсіпкерлік бойынша сектор меңгерушісі және мал шаруашылығы бойынша бас маман. Теріс себептер бойынша жұмыстан босату, лауазымын төмендету факторлары жоқ.

Жұмысқа қабылданған қызметкерлердің үлестестігі, сондай-ақ мүдделер қақтығысы анықталған жоқ.

Мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық нұсқаулықтарында олардың лауазымдық құқықтары мен міндеттері толық көрсетілген, қызметкерлердің міндеттерін қайталау фактілері жоқ.

Бөлім қызметкерлеріне еңбек демалысын беру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Тәртіптік жазасы алынбаған қызметкерлерге сыйақы беру фактілері жоқ.

Талдау кезеңінде ММ қызметкерлерін сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын, сондай-ақ теріс қылықтарды жасағаны үшін жауапкершілікке тарту фактілері, мемлекеттік қызметке кір келтіргендер жоқ.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V ҚР Заңына сәйкес көрсетіледі. Стандарттарға сәйкес «Федоров ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызметтің 4 түрін көрсетеді:

1) «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру»;

2) «Тракторлар және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдер, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдер, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру»;

3) «Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу»;

4) «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу».

Жоғарыда көрсетілген мемлекеттік қызметтердің стандарттарына сәйкес. "Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналарының, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеуден" басқа үш Мемлекеттік қызмет бойынша көрсетілетін қызметті алушыларда өтініштерді беру және нәтижелерді көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы алу мүмкіндігі бар, бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелі болып табылады, өйткені көрсетілетін қызметті алушының және көрсетілетін қызметті берушінің тікелей байланыс жүзеге асырылады

2022 жылдың 1-маусымына 728 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде: ХҚКО арқылы – 23, электрондық үкімет веб-порталы арқылы – 705.

  • Мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысты шағымдар мен өтініштер түскен жоқ.

Қызмет көрсету тәртібі туралы халықты ақпараттандыру үшін ақпараттық стенд орналастырылған, онда 21-8-76 сенім телефоны орналастырылған, ол бойынша азаматтар қызметкерлердің заңсыз әрекеттеріне шағымдана алады, ескертулер мен ұсыныстар кітабы, азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесі бар.

  1. Бақылау функциялары жоқ.
  2. Бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар: кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің қызметкерлеріне қатысты жағымсыз жарияланымдар фактілері жоқ.
  3. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері заңда белгіленген мерзімде қаралады. 2022 жылдың 1 маусымына 46 өтініш келіп түсті, барлығы мерзімінде қаралды.
  4. Прокурорлық қадағалау актілері түскен жоқ.
  5. Сот талапарызынақатысқанжоқ.

 

"Федоров ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша Мемлекеттік қызмет көрсетуде үш сыбайлас жемқорлық тәуекелі анықталды, себебі көрсетілетін қызметті алушы мен көрсетілетін қызметті берушінің тікелей байланысы жүзеге асырылатын бөлімнің кеңсесі арқылы құжаттарды беру мүмкіндігі бар.

 

 

«Федоров ауданы әкімдігінің

кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы

бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы                          А. Уразбаев

 

 

 

 

«Федоров ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қорытындылары бойынша талдамалық анықтама
Дата публикации
10 июня 2022