«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінде 2022 жылдың І жартыжылдығындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы аналитикалық ақпарат
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау «Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінде Төрағаның Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың үлгі ережелеріне сәйкес және «Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының «2022 жылғы І жартыжылдықтағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» 2022 жылғы 3 наурыздағы № 3 бұйрық негізінде жүзеге асырылды.
Бұрын бөлімде ішкі талдау 2021 жылдың І тоқсанында жүргізілді, талдау бөлімнің 2021 жылдың І тоқсанындағы жұмыс кезеңін қамтыды.
«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Федоров ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 1 сәуірдегі № 68 қаулысымен бекітілген мемлекеттік мекеме туралы ереженің негізінде жүзеге асырады. Ережеде айқындалған бөлімнің функциялары нормативтік құқықтық актілерге сәйкес келеді.
Бөлім өз қызметінде басшылыққа алатын негізгі нормативтік құқықтық актілер: Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы» заңдары; «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы»; «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы»; «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы» мемлекеттік сатып алу туралы; «Қазақстан Республикасының мәдени саясат тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 4 қарашадағы № 939 Жарлығымен; «Мәдениет, білім, мәдениет саласындағы білім беру, тілдерді дамыту, мұрағат ісі және құжаттама, дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік қызметшілердің лауазымдарының тізілімі» әрекет етуші бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №419; Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 17 шілдедегі №209 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік мәдени ұйымдардың басшылары, мамандары және басқа да қызметкерлерінің лауазымдарының типтік біліктілік сипаттамалары; Қазақстан Республикасының еңбек кодексі.
«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді талдау нәтижелері бойынша қақтығыстар, олқылықтар, дискрециялық нормалар анықталған жоқ.
Талданатын кезеңде «Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ қатысты тексерулер жүргізілген жоқ.
Мекемеге шағымдар мен әрекеттер болған жоқ.
Талдану жүргізу кезінде жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштердің жалпы саны-5. Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының жеке қабылдауында 4 өтініш (ұсыныс) келіп түсті, олар жеке қабылдау кезінде қанағаттандырылды. Талданатын кезеңде шағымдар түскен жоқ.
3.Қызметкерлерді басқару
Бөлімнің штаттық саны 2 бірлік (бөлім басшысы, 1 бас маман). Талдау кезеңінде Бөлімнің құрамы толық болды. 2022 жылдың І жартыжылдығында қызметкерлерді жұмыстан босату фактісі болған жоқ. 2022 жылдың І жартыжылдығында жұмысқа қабылдау болған жоқ. Жалдамалы қызметкердің қарым-қатынасы, сондай-ақ мүдделер қақтығысы анықталған жоқ.
Бөлімнің мемлекеттік қызметшілерінің лауазымдық нұсқаулықтары олардың қызметтік құқықтары мен міндеттерін толық көрсетеді, қызметкерлердің міндеттерін қайталау фактілері жоқ.
Бөлім қызметкерлерін демалыстармен қамтамасыз ету бекітілген кестеге сәйкес және қатаң түрде мемлекеттік қызмет туралы заңға және Қазақстан Республикасының еңбек кодексіне сәйкес жүзеге асырылады. Қызметкерлерге сыйлықақы беру жүзеге асырылған жоқ. Шығарылмаған тәртіптік жазасы бар қызметкерлерге сыйақы беру фактілері жоқ.
Талданатын кезеңде Бөлім қызметкерлерін сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін жауапкершілікке тарту фактілері, сондай-ақ мемлекеттік қызметке нұқсан келтіретін заңсыз іс-әрекеттер болған жоқ.
«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызмет көрсетпейді.
БАҚ-та қызметкерлерге қатысты жағымсыз жарияланымдар туралы фактілер жоқ.
«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық қауіптері анықталған жоқ.
Басшы А. Салпенова
«7» маусым 2022 жыл