«Федоров ауданы Первомай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі талдамалық анықтама
«Федоров ауданы Первомай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес және «Федоров ауданы Первомай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» Первомай ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 03 наурыздағы № 9-ө өкімінің негізінде 2022 жылғы 01 маусым мен 10 маусым аралығында Первомай ауылдық округі әкімінің аппаратында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
«Федоров ауданы Первомай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ ауылдық округ әкімінің «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» 2022 жылғы 03 наурыздағы № 9-ө өкімінің негізінде 2022 жылғы 01 маусым мен 10 маусым аралығында Первомай ауылдық округі әкімінің аппаратында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Ішкі талдаумен ауылдық округ әкімі аппаратының 2022 жылғы 01 қаңтардан бастап 31 мамырға дейінгі жұмыс кезеңі қамтылды.
Ауылдық округ әкімінің аппараты өз қызметін Федоров ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 23 желтоқсандағы № 300 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік мекеме туралы ереженің негізінде жүзеге асырады. Ережеде белгіленген ауылдық округ әкімі аппаратының функциялары нормативтік құқықтық актілерге сәйкес келеді.
Ауылдық округ әкімінің аппараты өз қызметінде басшылыққа алатын негізгі нормативтік құқықтық актілер: «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Құқықтық актілер туралы», «Мемлекеттік рәміздер туралы», «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы», «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы», «Жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру туралы», «Азаматтық қорғау туралы», «Адвокаттық қызмет туралы», «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы», «Ақпаратқа қол жеткізу туралы», «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы», «Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңдары, «Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі», «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі, «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі», «Жер кодексі», «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы», «Еңбек кодексі».
Ауылдық округ әкімі аппаратының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді талдау қорытындылары бойынша коллизиялар, дискрециялық нормалар анықталған жоқ. Мемлекеттік қызметтердің белгілері бар функциялар анықталған жоқ.
Ауылдық округ әкімі аппаратының штат саны 4 бірлікті құрайды (ауылдық округ әкімі, 1 бас маман, 2 жетекші маман).
Талдау өткізу кезеңінде ауылдық округ әкімінің аппараты толық жинақталған. 2022 жылдың өткен кезеңінде қызметкерлерді қызметінен босату, лауазымын төмендету фактілері болған жоқ.
Жұмысқа қабылданған қызметкерлердің аффилирленгендігі, сонымен қатар мүдделер қақтығысы анықталған жоқ.
Ауылдық округ әкімінің аппаратындағы мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық нұсқаулықтарында олардың лауазымдық құқықтары мен міндеттері толық көрсетілген, қызметкерлердің міндеттерін қайталау фактілері жоқ.
Ауылдық округ әкімі аппаратының қызметкерлеріне еңбек демалыстарын беру бекітілген кестеге және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы заңына және еңбек кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
Қызметкерлерді еңбек демалысынан қайта шақырып алу фактілері болған жоқ.
Қызметкерлерге сыйақы беру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Талдау жүргізіліп жатқан кезеңде қызметкерлерге сыйақы берілген жоқ. Тәртіптік жазасы алынбаған қызметкерлерге сыйақы беру фактілері жоқ.
Талдау кезеңінде ауылдық округ әкімі аппаратының қызметкерлерін сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық, сонымен қатар мемлекеттік қызметке кір келтіретін әрекеттер жасағаны үшін жауапкершілікке тарту фактілері болған жоқ.
Талдау кезеңінде ауылдық округ әкімі аппаратының қызметкерлері тәртіптік жазаға тартылған жоқ.
Ауылдық округ әкімінің аппараты 14 мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетеді:
3.«Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу»;
2022 жылдың өткен кезеңінде 0 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Қызметтер көрсетудің тәртібі туралы тұрғындарға ақпарат беру үшін ақпараттық стенд ресімделіп, онда ауылдық округ әкімінің аппаратында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің Стандарттары мен Регламенттері, сенім телефоны, ауылдық округ әкімінің азаматтар мен заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау кестесі көрсетілген.
Ағымдағы жылдың 5 айында тексеру жүргізілген жоқ.
Талдау кезеңінде прокурорлық ден қою актілері келіп түскен жоқ.
Талдау кезеңінде ауылдық округ әкімінің аппараты сот отырысына қатысқан жоқ.
Талдау кезеңінде келіп түскен өтініштердің жалпы саны – 3. Өтініштердің негізгі мәселелері тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, білім беру болды. Өтініштерді қарау нәтижелері: түсіндірілді-2, қанағаттандырылды-1.
Ауылдық округ әкімінің жеке қабылдауына 2 өтініш келіп түсті, оларға жеке қабылдау барысында ауызша түсініктеме берілді.
Талдау қорытындысы бойынша мемлекеттік органның жер учаскесінің шекараларын бекіту жөніндегі «жасырын» функциясы анықталды. Бұл функция мемлекеттік органның құзыретінде бар, бірақ мемлекеттік қызмет ретінде реттелген тәртіп, оны берудің реттелмеген мерзімдері, жауап алу нысаны, тәртібі және бас тарту негіздері жоқ, бұл көрсетілетін қызметті алушылардың наразылығына, осы қызмет көрсетілмеген жағдайда және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне алып келуі мүмкін.
Талданып отырған кезеңде шағымдар түскен жоқ.
Бұқаралық ақпарат құралдарында ауылдық округ әкімі апаратының қызметкерлеріне қатысты теріс мақалалар фактілері болған жоқ.
«Федоров ауданы Первомай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдаудың нәтижелері бойынша мемлекеттік органның жер учаскесінің шекараларын бекіту жөніндегі «жасырын» функциясы анықталды. Бұл функция мемлекеттік органның құзыретінде бар, бірақ мемлекеттік қызмет ретінде реттелген тәртіп, оны берудің реттелмеген мерзімдері, жауап алу нысаны, тәртібі және бас тарту негіздері жоқ, бұл көрсетілетін қызметті алушылардың наразылығына, осы қызмет көрсетілмеген жағдайда және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне алып келуі мүмкін.
Первомай ауылдық округінің әкімі М.Л. Турмин
«10» маусым 2022 жыл