«Федоров ауданы Ленин ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-де сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша
талдамалық анықтама
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үлгілік қағидаларына сәйкес «Федоров ауданы Ленин ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде жүргізілді, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген және «Федоров ауданы Ленин ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» Ленин ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 3 наурыздағы № 5-ө өкімінің негізінде 2022 жылғы 1 маусым мен 2022 жылғы 10 маусым аралығында.
«Федоров ауданы Ленин ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ өз қызметін Федоров ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 23 желтоқсандағы № 306 қаулысымен бекітілген мемлекеттік мекеме туралы ережесінің негізінде жүзеге асырады. Ережеде белгіленген Ленин ауылдық округі әкімі аппаратының функциялары нормативтік құқықтық актілерге сәйкес келеді.
«Ленин ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ өз қызметінде басшылыққа алатын негізгі нормативтік құқықтық актілер: ҚР Конституциясы, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңдары, «Мемлекеттік қызметтер туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Құқықтық актілер туралы», «Мемлекеттік рәміздер туралы», «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы», «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы», «Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы», «Азаматтық қорғау туралы», «Адвокаттық қызмет туралы», «Бюджет кодексі», «Жер кодексі», «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы», «Еңбек кодексі», «Бухгалтерлік есепті жүргізу қағидаларын бекіту туралы»
Ленин ауылдық округі әкімі аппаратының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді талдау қорытындысы бойынша коллизиялар, олқылықтар, дискрециялық нормалар анықталған жоқ. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің белгілері бар функциялар анықталған жоқ.
Штат саны 5 бірлікті құрайды (әкім, 2 бас маман, 2 жетекші маман).
Қызметкерлердің лауазымын төмендету фактілері болған жоқ.
Жұмысқа қабылданған қызметкерлердің үлестестігі, сондай-ақ мүдделер қақтығысы анықталған жоқ.
Мекеменің мемлекеттік қызметшілерінің лауазымдық нұсқаулықтарында олардың лауазымдық құқықтары мен міндеттері толық көрсетілген, қызметкерлердің міндеттерін қайталау фактілері жоқ.
Қызметкерлерге демалыс беру бекітілген кестеге сәйкес және қатаң түрде мемлекеттік қызмет туралы Заңға және Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
Қызметкерлерге сыйлықақы беру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Талданып отырған кезеңде қызметкерлерге сыйақы берілмеді.
Талданып отырған кезеңде әкім аппаратының қызметкерлерін сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар, сондай-ақ мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылықтар жасағаны үшін жауаптылыққа тарту фактілері орын алған жоқ.
Талданып отырған кезеңде мекеме қызметкерлерін тәртіптік жауапкершілікке тарту фактілері жетекші маманға жүктелді.
Әкім аппаратымен мемлекеттік қызметтің 14 түрі көрсетіледі:
Халыққа қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат беру үшін ақпараттық стенд ресімделді, онда Ленин ауылдық округі әкімі аппараты көрсететін мемлекеттік қызметтер бойынша қолданыстағы қағидалар мен стандарттар, сенім телефонының нөмірі, округ әкімінің азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау кестесі орналастырылған.
2 мемлекеттік қызметте: «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» және «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» көрсетілетін қызметті алушы мен көрсетілетін қызметті берушінің тікелей байланысы.
Талданып отырған кезеңде тексерулер жүргізілген жоқ.
Талданып отырған кезеңде прокурорлық ден қою актілері түскен жоқ.
Өткізілген: 3 - азаматтарды жеке қабылдау, 1-сұраныс, 1 - ұсыныс. Ауызша түсініктеме және поштаға жауаптар берілді.
Талданып отырған кезеңде шағымдар түскен жоқ.
«Федоров ауданы Ленин ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ қызметкерлеріне қатысты бұқаралық ақпарат құралдарында теріс жариялау фактілері жоқ.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша «Федоров ауданы Ленин ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ қызметінде 2 мемлекеттік қызметте сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды: «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» және «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» (көрсетілетін қызметті алушы мен көрсетілетін қызметті берушінің тікелей байланысы).
Ленин ауылдық округінің әкімі ____ Сейдахметов А. А.
2022 жылғы «10» маусым