Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Жастар» аудандық мәдениет үйі» МКК-да сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша талдамалық анықтама
Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Жастар» аудандық мәдениет үйі» МКК басшысының м.а. 03.03.2022 жылғы № 17 «Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Жастар» аудандық мәдениет үйі» МКК қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» бұйрығы негізінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Жастар» аудандық мәдениет үйі» МКК өз қызметін Федоров ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 3 қаңтардағы № 3 қаулысымен бекітілген коммуналдық мемлекеттік мекеме туралы Жарғы негізінде жүзеге асырады.
Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Жастар» аудандық мәдениет үйі» МКК-ның Жарғыда белгіленген функциялары нормативтік құқықтық актілерге сәйкес келеді.
Мәдениет үйі өз қызметінде басшылыққа алатын негізгі нормативтік құқықтық актілер: Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы»; «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы»; «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы»; «Мемлекеттік сатып алу туралы»; «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы» заңдары болып табылады; Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 4 қарашадағы №939 Жарлығы «Қазақстан Республикасының мәдени саясатының тұжырымдамасы туралы», Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің м а. 2015 жылғы 31желтоқсандағы № 419 бұйрығымен бекітілген «Мәдениет, білім беру, мәдениет саласында, тілдерді дамыту, архив ісі және құжаттама, дене шынықтыру және спорт салаларындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімі»; Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 17 шілдедегі №209 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мәдениет ұйымдарының басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары»; «Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі».
Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Жастар» аудандық мәдениет үйі» МКК коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді талдау қорытындысы бойынша анықталды:
1) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік сатып алу туралы» заңда сыбайлас жемқорлық тәуекелі 39 б. 3 т. 46 т-сы., атап айтқанда: «3 т. Мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:
46 т-сы «Ммәдениет ұйымының, мәдениет саласындағы білім беру ұйымының, телерадио хабарларын тарату ұйымының сахналық қойылымдарды, өнер туындылары мен мәдени құндылықтарды көпшілік алдында орындау мен көрсетуді жүзеге асыру үшін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуы. Осы тәсілмен мемлекеттік сатып алуды жүргізу кезінде белгілі бір өнім берушіге артықшылық беруді жүзеге асырады.
2) Мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүзеге асыру кезінде орындалған жұмыстардың актілеріне қол қою кезінде Тапсырыс берушінің өнім берушімен тікелей байланысы болуы мүмкін.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің белгілері бар функциялардың болуы анықталған жоқ.
Талданып отырған кезеңде тексерулер жүргізілген жоқ.
Талданып отырған кезеңде прокурорлық ден қою актілері түскен жоқ.
Мекеме талап-арыз қызметін жүргізген жоқ.
Обращение физических и юридических лиц, поступившие в ГКП «Районный дом культуры «Жастар» отдела культуры и развития языков акимата Федоровского района. Талданып отырған кезеңде жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштердің жалпы саны-0. Талданып отырған кезеңде шағымдар түскен жоқ.
Штат саны 84,35 бірлікті құрайды: 1 басшының міндетін атқарушы (0,5 мөлшерлемесі), 1 әкімш.-шаруаш.сұрақ.жөніндегі басшының орынбасары (1 мөлшерлемесі), 5 әдіскер (4 мөлшерлемесі), 1 редактор (0,5 мөлшерлемесі), 1 редактор (0,4 мөлшерлемесі), 1бухгалтер (1 мөлшерлемесі), 1 көркем. жетекшісі (1 мөлшерлемесі), 1 дыбыс аппар.операторы (1 мөлшерлемесі), 1 статист (0,5 мөлшерлемесі), 1 Инженер программист (1 мөлшерлемесі), 6 муз.жетек. (0,5 мөлшерлемесі), 6 муз.жетек. (1 мөлшерлемесі), 10 муз.жетек. (0,4 мөлшерлемесі), 1 хореограф (1 мөлшерлемесі), 1 хореограф (0,4 мөлшерлемесі), 1 хореограф (0,5 мөлшерлемесі), 1 жарық аппарат. операторы (0,5 мөлшерлемесі), 1 костюм.меңгерушісі (1 мөлшерлемесі), 1 ғимарат.қызмет көрсету бойынша жұмыскері (0,5 мөлшерлемесі), 1 ғимарат.қызмет көрсету бойынша жұмыскері (0,4 мөлшерлемесі), 1 техникалық қауіпсіздік жөніндегі инженері (1 мөлшерлемесі),1 күзетші вахтер (1 мөлшерлемесі), аула сыпырушы (0,5 мөлшерлемесі), 1 тех. электрик (0,5 мөлшерлемесі), 2 жүргізуші (1 мөлшерлемесі),1 жүргізуші (0,5 мөлшерлемесі), 1 тех персонал (1 мөлшерлемесі), 2 еден жуушысы (1 мөлшерлемесі), 1 еден жуушысы (1,5 мөлшерлемесі), 3 түнгі күзетші (1 мөлшерлемесі).
2022 жылы жұмыстан босату, қызметкерлердің лауазымын төмендету фактілері болған жоқ.
Мәдениет үйі қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарында лауазымдық құқықтары мен міндеттері толық көрсетілген, қызметкерлердің міндеттерін қайталау фактілері жоқ.
Мәдениет үйінің қызметкерлеріне демалыс беру бекітілген кестеге сәйкес және қатаң түрде мемлекеттік қызмет туралы Заңға және Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
Қызметкерлерге сыйақы беру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Тәртіптік жазасы алынбаған қызметкерлерге сыйақы беру фактілері жоқ.
Талданып отырған кезеңде мәдениет үйінің қызметкерлерін сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар, сондай-ақ мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылықтар жасағаны үшін жауаптылыққа тарту фактілері орын алған жоқ.
Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Жастар» аудандық мәдениет үйі» МКК мемлекеттік қызмет көрсетпейді.
Бұқаралық ақпарат құралдарында қызметкерлерге қатысты жағымсыз жарияланымдар фактілері жоқ.
Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Жастар» аудандық мәдениет үйі» МКК қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген талдау нәтижелері бойынша ұйымдастыру-басқару қызметінде төмендегілер анықталды:
1) Қаржылық құжаттарға қол қою кезінде басшының өзімен келіспей басшылардың ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) пайдалануы мүмкін.
Басшының м.а. Ж. Мұхаметжанова
«15» сәуір 2022 жыл