«Федоров ауданы Қосарал ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша талдау анықтамасы

«Федоров ауданы Қосарал ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша талдау анықтамасы

 

2016 жылғы 19 қазандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет және мемлекеттік қызмет істері бойынша Қазақстан Республикасының Агенттігі Төрағасының № 12 Бұйрығымен бекітілген, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу Үлгілік ережелеріне сәйкес «Федоров ауданы Қосарал ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді және «Федоров ауданы Қосарал ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» 2022 жылы 03 наурыздағы № 11-ө өкімінің негізінде 2022 жылы 01 маусым және 10 маусым аралығында Қосарал ауылдық округі әкімінің аппаратында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

 

  1. Мемлекеттік мекеменің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілер:

Ауылдық округі әкімінің аппараты өз қызметін Федоров ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 23 желтоқсандағы № 304 қаулысымен бекітілген, мемлекеттік мекеме туралы Ереженің негізінде жүзеге асырады. Ережеде белгіленген ауылдық округі әкім аппаратының функциялары нормативтік құқықтық актілерге сәйкес келеді.

Ауылдық округі әкімінің аппараты өз қызметінде басшылыққа алатын негізгі нормативтік құқықтық актілер: «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік қызметтер туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Мемлекеттік сатып алулар туралы», «Құқықтық актілер туралы», «Мемлекеттік рәміздер туралы», «Қазақстан Республикасында сайлау туралы», «Лаңкестікке қарсы іс-әрекет туралы», «Жұмылдыру және жұмылдырылған дайындық туралы», «Азаматтық қорғаныс туралы», «Адвокат қызметі туралы», «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы», «Ақпаратқа қол жеткізу туралы», «Атқарушылық өндіріс және сот орындаушыларының мәртебесі туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы», «Автомобиль жолдары туралы», Қазақстан Республикасының әкімшілік іс жүргізу кодексі» Қазақстан Республикасының Заңдары, «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы», «Қазақстан Республикасының бюджет кодексі»,  «Жер кодексі», «Бюджетке салықтар және басқа да міндетті төлемдер туралы» «Еңбек кодексі» Қазақстан Республикасының Кодексі.

Ауылдық округі әкім аппаратының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді талдау қорытындылары бойынша келесі қақтығыстар мен  кемшіліктер анықталды: Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық  бұзушылықтар туралы» Кодексінде ауыл әкімдеріне бағынысты баптар бойынша жазалау дәрежесін белгілеу кезінде сыбайлас жемқорлыққа әкеліп соғатын әкімшілік жазалардың (ескерту немесе айыппұл) баламалы түрлері қарастырылған.

 

  1. Персоналды басқару

Ауылдық округі әкім аппаратының штат саны 3 бірлікті құрайды (ауылдық округінің әкімі, 2 бас маман).

Талдау өткізу кезеңінде ауылдық округі әкімінің аппараты толық жинақталған, бос орындар жоқ.

Жалданған қызметкерлердің тиістілігі, сондай-ақ мүдделер қақтығысы анықталған жоқ.

Ауылдық округі әкімінің аппаратындағы мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық нұсқаулықтарында олардың лауазымдық құқықтары мен міндеттері толық көрсетілген, қызметкерлердің міндеттерін қайталау фактілері жоқ.

Ауылдық округі әкім аппаратының қызметкерлеріне еңбек демалыстарын беру бекітілген кестеге және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңына және еңбек кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.

Қызметкерлерге сыйақы беру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Талданған кезең бойы сыйақы берілмеді.

Тәртіптік жазасы алынбаған қызметкерлерге сыйақы беру фактілері жоқ.

Талдау жүргізіліп жатқан кезеңде ауылдық округі әкім аппаратының қызметкерлерін сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық, сонымен қатар мемлекеттік қызметке кір келтіретін әрекеттер жасағаны үшін жауапкершілікке тарту фактілері болған жоқ.

 

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету

Ауылдық округі әкімінің аппараты 14 мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетеді:

 «Елді мекеннің шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру»;

 «Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу»;

«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау»;

«Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау»;

 «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»;

«Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу»;

«Азаматтық хал актілері жазбаларын жою»;

«Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу»;

«Азаматтық хал актілері жазбаларын қалпына келтіру»;

«Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу»;

«Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу»;

«Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу»;

«Жер учаскесін алу үшін кезекке тұру»;

«Жер учаскесін жеке меншікке бір уақытта немесе бөліп-бөліп  сату».

Мемлекеттік қызметтер көрсетудің тәртібі туралы тұрғындарға ақпарат беру үшін әлеуметтік желілерде орналастыратын мемлекеттік қызмет туралы брошюралар ресімделіп, сондай-ақ тұрғындарға таратылады.

Ауылдық округі әкім аппаратымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша  әрекет ететін Стандарттары орналасқан ақпараттық стенд, сенім телефоны, ауылдық округ әкімінің азаматтар мен заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау кестесі көрсетілген.

         Мемлекеттік қызметте құқықтық кемшіліктер анықталды: «Елді мекеннің шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» электронды түрде аяқталмаған, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес көрсетілетін қызмет АҚ және АК қағаз түрінде көрсетіледі, бірақ қағаз нысаны қағидаларда және стандартта көзделмеген.

 

  1. «Федоров ауданы Қосарал ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ қатысты мемлекеттік органдармен жүргізілген тексерістердің нәтижелері.

Талданатын кезеңде тексерістер жүргізілді:

Федоров ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы, олардың мониторингі және ақпараттық технологиялар жөніндегі ішкі бақылау қызметі 2022 жылдың өткен кезеңіне мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнаманың сақталуына тексеру жүргізді.

 

  1. Прокурорлық ден қою актілері

Талданатын кезеңде актілер түспеді.

Шағымдану-талаптану қызметі

Талданатын кезеңде ауылдық округ әкімінің аппараты сот отырысында қатысқан жоқ.

 

  1. «Федоров ауданы Қосарал ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері:

Келіп түскен өтініштердің жалпы саны – 5. Өтініштерде берілген негізгі мәселелер шағын несие алу, тұрғындарды жұмыспен қамту және құжаттама болды.

Өтініштерді қараудың нәтижелері: түсіндірілді – 4, қанағаттандырылды -1.

Ауылдық округ әкіміне жеке қабылдауға 3 өтініш келіп түсті, оларға жеке қабылдау барысында ауызша түсініктемелер берілді. Жеке сот атқарушысынан және мерзімдік басылымдарға жазылу туралы ұсыныс - 2 өтініш жазбаша түрінде келді, жауап толық көлемде берілді.

Талданатын кезеңде шағымдар келіп түскен жоқ.

Азаматтардың өтініштерін талдау нәтижелері бойынша азаматтарға отбасы құрамы мен мал басы туралы шаруашылық дәптердің мәліметтерінен үзінді көшірме беруде көрсетілген мемлекеттік органның «жасырын» функциясы анықталған. Бұл функция мемлекеттік органның құзыретіне жатады, бірақ мемлекеттік қызмет ретінде реттелетін тәртібі, оны берудің реттелмеген мерзімдері, нысаны, жауап алу тәртібі және бас тарту негіздері жоқ, осы қызметті ұсынбау жағдайында бұл көрсетілетін қызметті алушылардың қызметке қанағаттанбауына және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне әкелуі мүмкін,

 

  1. Бұқаралық ақпарат құралдарында жариялымдар.

Бұқаралық ақпарат құралдарында ауылдық округі әкім аппаратының қызметкерлеріне қатысты теріс мақалалар фактілері болған жоқ.

 

«Федоров ауданы Қосарал ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдаудың нәтижелері бойынша келесі қақтығыстар мен  кемшіліктер анықталды: Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық  бұзушылықтар туралы» Кодексінде ауыл әкімдеріне бағынысты баптар бойынша жазалау дәрежесін белгілеу кезінде сыбайлас жемқорлыққа әкеліп соғатын әкімшілік жазалардың (ескерту немесе айыппұл) баламалы түрлері қарастырылған.

Мемлекеттік қызметте құқықтық кемшіліктер анықталды: «Елді мекеннің шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» электронды түрде аяқталмаған, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес көрсетілетін қызмет АҚ және АК қағаз түрінде көрсетіледі, бірақ қағаз нысаны қағидаларда және стандартта көзделмеген.

 Азаматтарға отбасы құрамы мен мал басы туралы шаруашылық дәптердің мәліметтерінен үзінді көшірме беруде көрсетілген мемлекеттік органның «жасырын» функциясы анықталған. Бұл функция мемлекеттік органның құзыретіне жатады, бірақ мемлекеттік қызмет ретінде реттелетін тәртібі, оны берудің реттелмеген мерзімдері, нысаны, жауап алу тәртібі және бас тарту негіздері жоқ, осы қызметті ұсынбау жағдайында бұл көрсетілетін қызметті алушылардың қызметке қанағаттанбауына және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне әкелуі мүмкін,

 

 

Қосарал ауылдық округінің әкімі                                         А.Байкадамова

10 маусым 2022 жыл

«Федоров ауданы Қосарал ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша талдау анықтамасы
Дата публикации
10 июня 2022