«Федоров ауданы Қоржынкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі талдау анықтамасы

«Федоров ауданы Қоржынкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі

талдау анықтамасы

 

«Федоров ауданы Қоржынкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы «Федоров ауданы Қоржынкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ әкімінің 2022 жылғы 11 наурыздағы №14-ө өкімінің негізінде 2022 жылғы 1 маусымнан бастап 2022 жылғы 10 маусым аралығында «Федоров ауданы Қоржынкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

 

  1. Мемлекеттік мекеменің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілер:

«Федоров ауданы Қоржынкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ өз қызметін Федоров ауданы әкімдігінің 2019 жылғы «23» желтоқсандағы № 307 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік мекеме туралы ереженің негізінде жүзеге асырады. «Федоров ауданы Қоржынкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ Ережеде белгіленген функциялары нормативтік құқықтық актілерге сәйкес келеді.

«Федоров ауданы Қоржынкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ өз жұмысында басшылыққа алатын негізгі нормативтік құқықтық актілер мыналар: Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңдары, «Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдарында азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы.

Жүргізілген талдаудың нәтижелері бойынша «Федоров ауданы Қоржынкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерде дискрециялық уәкілеттіктер мен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға ықпал ететін нормалар анықталған жоқ. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің белгісі бар функциялар анықталған жоқ.

 

  1. Персоналды басқару

«Федоров ауданы Қоржынкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ штат саны 3 бірлік (әкім, бас маман, 1 бас маман-бухгалтер).

Талдау өткізу кезеңінде «Федоров ауданы Қоржынкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ толық жинақталған, бос орындар жоқ. Жұмысқа қабылданған қызметкерлердің аффилирленуі, сонымен қатар мүдделер қақтығысы анықталған жоқ.

«Федоров ауданы Қоржынкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік қызметшілерінің лауазымдық нұсқаулықтарында олардың лауазымдық құқықтары мен міндеттері көрсетілген, қызметкерлердің міндеттерін қосарлау фактілері жоқ. «Федоров ауданы Қоржынкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ қызметкерлеріне еңбек демалыстарын беру бекітілген кестеге сәйкес және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңы мен Еңбек кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.

Қызметкерлерге сыйақы беру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Талдау жүргізілетін кезеңде қызметкерлерге сыйақы беру жүзеге асырылмаған.

Талдау жүргізілетін кезеңде «Федоров ауданы Қоржынкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ қызметкерлерін сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын, сонымен қатар мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар жасағаны үшін жауапкершілікке тарту деректері жоқ.

Талдау кезеңінде «Федоров ауданы Қоржынкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ тәртіптік жазаға тарту деректері болған жоқ.

 

  1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету

 

Ауылдық округ әкімінің аппараты 14 мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрін көрсетеді:

 

 р/с 

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы

1

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау

2

Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау

3

Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру

4

Мемлекеттік меншікте орналасқан жер учаскелеріне құқықтарды сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) сатып алу

5

Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге рұқсат беру

6

Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу

7

Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу

8

Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу

9

Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу

10

Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу

11

Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру

12

Азаматтық хал актілері жазбаларын жою

13

Жер учаскесін алуға кезекке қою

14

Жер учаскесін жеке мегшікке бір уақытта немесе бөліп төлеуге сату

Тұрғындарға қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпарат беру үшін ақпараттық стенд ресімделген, онда «Федоров ауданы Қоржынкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша қолданыстағы Стандарттар, сенім телефонының нөмірі, ауылдық округ әкімінің азаматтарды жеке қабылдау кестесі орналастырылған.

 

  1. Мемлекеттік органдардың «Федоров ауданы Қоржынкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ қатысты өткізген тексерістерінің нәтижелері

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнаманы сақтау мәселесі бойынша.

Федоров ауданы әкімінің аппараты басшысының № 28 бұйрығы.

Тексерілетін кезеңде бұзушылықтар анықталған жоқ.

 

  1. 1. Прокурорлық ден қою актілері

 

Қабылданған нормативтік құқықтық актілер бөлігінде анықталған заң бұзушылықтарды жою туралы Федоров ауданы прокуратурасының 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 2-0920-22-00564 ұсынымы.

 

  1. Шағымдану-талап ету қызметі

Талдау жүргізілген кезеңде «Федоров ауданы Қоржынкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ шағымдану-талап ету қызметіне қатысқан жоқ.

 

  1. «Федоров ауданы Қоржынкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері

Талдау жүргізілген кезеңде келіп түскен өтініштердің жалпы саны – 17. Жеке қабылдауда - 9 өтініш, өтініштер - 7, ұсыныс - 1. Өтініштердің негізгі мәселелері жер учаскелерін беру және тұрғын үй-тұрмыстық мәселелер болды.

Талдау жүргізілген кезеңде шағымдар болған жоқ.

 

  1. Бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Федоров ауданы Қоржынкөл ауылдық округі әкімі аппаратының қызметкерлеріне қатысты бұқаралық ақпарат құралдарында теріс жариялау болған жоқ.

 

          "Федоров ауданы Қоржынкөл ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдаудың нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелі анықталды. "Өзіндік қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру" талабы, бұл анықтама беріледі, бірақ аталған мемлекеттік қызмет тізілімінде жоқ (жасырын функция).

 

 

Қоржынкөл ауылдық

округінің әкімі                            Уристимбаев Анатолий Тохтарбаевич

 

«Федоров ауданы Қоржынкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі талдау анықтамасы
Дата публикации
10 июня 2022