Федоров ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ-де сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша талдамалық анықтама

«Федоров ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ-де сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша

талдамалық анықтама

 

 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» «Федоров ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ басшысының 2022 ж. 04.03. № 7 бұйрығының негізінде Федоров ауданының жер қатынастары Бөлімінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

  1. Мемлекеттік мекеменің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер:

Федоров ауданының жер қатынастары бөлімі өз қызметін Федоров ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 28 сәуірдегі № 87 қаулысымен бекітілген мемлекеттік мекеме туралы ереже негізінде жүзеге асырады. Ережеде белгіленген Бөлімнің функциялары нормативтік құқықтық актілерге сәйкес келеді.

Бөлім өз қызметінде басшылыққа алатын негізгі нормативтік құқықтық актілер: Конституция, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілері, Қостанай облысы әкімдігінің қаулылары, Қостанай облысы әкімінің шешімдері, Федоров ауданы әкімдігінің қаулылары, Федоров ауданы әкімінің шешімдері, Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы, Бюджет кодексі, Жер кодексі, Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы, Еңбек кодексі, басқа да нормативтік құқықтық актілер, сондай-ақ Ереже.

                           

Қызметті реттейтін нормативтік құқықтық актілерді талдау қорытындылары бойынша

 

Персоналды басқару.

 

Бөлімнің штаттық саны 2 бірлікті құрайды (бөлім басшысы, бас маман).

Талдау жүргізу кезеңінде Бөлімде бос орындар жоқ.

Жұмысқа қабылданған қызметкерлердің үлестестігі, сондай-ақ мүдделер қақтығысы анықталған жоқ.

Бөлімнің мемлекеттік қызметшілерінің лауазымдық нұсқаулықтарында олардың лауазымдық құқықтары мен міндеттері толық көрсетілген, қызметкерлердің міндеттерін қайталау фактілері жоқ.

Бөлім қызметкерлеріне демалыс беру мемлекеттік қызмет туралы Заңға және Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.

Талдау кезеңінде Бөлім қызметкерлерін сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар, сондай-ақ мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылықтар жасағаны үшін жауапкершілікке тарту фактілері орын алған жоқ.

 

  1. Мемлекеттік қызметтерді көрсету.

 

          «Федоров ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ 10 мемлекеттік қызмет көрсетеді:

 

      - «Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту»;

      - «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге рұқсат беру»;

      - «Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру»;

      - «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру (мемлекеттік қызмет «Федоров ауданының сәулет, құрылыс және қала құрылысы бөлімі» ММ және ЖерҒӨО ЕМК бірлесіп көрсетіледі);

      - «Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру»;

      - «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу»;

      - «Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау»;

      - «Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру»;

      - «Жер учаскесін жеке меншікке бір рет немесе бөліп-бөліп сату»;

      - «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою».

 

      Қызмет көрсету тәртібі туралы халықты ақпараттандыру үшін ақпараттық стенд рәсімделген, онда Бөліммен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша қолданыстағы стандарттар мен регламенттер, сенім телефонының нөмірі, Бөлім басшысының азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау кестесі

 

Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша 2 мемлекеттік қызметте сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды:

 

«Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру» және «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» ЭҮП арқылы көрсетілуі тиіс, бірақ ақпараттық жүйелер интеграциясының болмауына байланысты аталған мемлекеттік қызметтер қағаз форматта көрсетіледі.

 

Мемлекеттік қызметтерді қағаз түрінде көрсету Үлкен сыбайлас жемқорлық тәуекелі болып табылады. Мемлекеттік қызметтерді қағаз форматта көрсетудің кемшіліктері:

  1. ашықтықтың болмауы;
  2. мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерін сақтамау;

 

Мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысты шағымдар мен өтініштер түскен жоқ.

  1. «Федоров ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ қатысты мемлекеттік органдармен жүргізілген тексеру нәтижелері.

Талданып отырған кезеңде тексерулер жүргізілген жоқ.

 

1). Прокурорлық ден қою актілері

Талдау кезеңінде Федоров ауданы прокуратурасының 2 ұсынысы келіп түсті, толық көлемде орындалды.

      2). «Федоров ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ- түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері:

      Талданып отырған кезеңде келіп түскен өтініштердің жалпы саны-11.

      Талданып отырған кезеңде шағымдар түскен жоқ.

 

      3). Бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар.

      Бөлім қызметкерлеріне қатысты бұқаралық ақпарат құралдарында жағымсыз жарияланымдар фактілері жоқ.

 

Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша 2 мемлекеттік қызметте сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды:

«Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру» және «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» ЭҮП арқылы көрсетілуі тиіс, бірақ ақпараттық жүйелер интеграциясының болмауына байланысты аталған мемлекеттік қызметтер қағаз форматта көрсетіледі.

 

 

«Федоров ауданының жер

қатынастары бөлімі» ММ

басшысы                                                                                               А. Шматко

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орын. Муканов К.А.

Тел. 21-8-76

Федоров ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ-де сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша талдамалық анықтама
Дата публикации
10 июня 2022