«Федоров ауданы Воронеж ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі талдау анықтамасы

«Федоров ауданы Воронеж ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ

сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі

талдау анықтамасы

 

«Федоров ауданы Воронеж ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына және «Федоров ауданы Воронеж ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» Воронеж ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 03 наурыздағы № 8-ө өкімінің негізінде «Федоров ауданы Воронеж ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2022 жылғы 1 және 10 маусым аралығындағы қызметіне жүргізілді.

 

  1. Мемлекеттік мекеменің қызметін реттейтін НҚА:

«Федоров ауданы Воронеж ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ өз қызметін Федоров ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 23 желтоқсандағы № 302 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік мекеме туралы ереженің негізінде жүзеге асырады. Ережеде белгіленген ауылдық округ әкімі аппаратының функциялары нормативтік құқықтық актілерге сәйкес келеді.

Ауылдық округ әкімінің аппараты өз қызметінде басшылыққа алатын негізгі нормативтік құқықтық актілер:

«Қазақстан Республикасының Конституциясы», «Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі», «Әдеп кодексі», «Еңбек кодексі», «Бюджет кодексі», «Жер кодексі», «Салық кодексі», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Жергілікті өзін-өзі басқару органдары туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Құқықтық актілер туралы», «ҚР Мемлекеттік рәміздері туралы», «ҚР сайлау туралы» Қазақстан Республикасының заңдары, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы», «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы», «Аазаматтық қорғау туралы», «Жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру туралы», «Автомобиль жолдары туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы», «Ақпаратқа қол жеткізу туралы», «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы», «Адвокаттық қызмет және заңгерлік көмек туралы» Қазақстан Республикасының заңдары.

 

  1. Персоналды басқару:

Ауылдық округ әкімі аппаратының штат саны 3 бірлікті құрайды (ауылдық округ әкімі және 2 бас маман). Ауылдық округ әкімінің аппаратындағы мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық нұсқаулықтарында олардың лауазымдық құқықтары мен міндеттері толық көрсетілген, қызметкерлердің міндеттерін қайталау фактілері жоқ. Қызметкерлерге сыйақы беру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Талдау жүргізіліп жатқан кезеңде қызметкерлерге сыйақы берілген жоқ. Ауылдық округ әкімі аппаратының қызметкерлеріне еңбек демалыстарын беру бекітілген кестеге және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңына және еңбек кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.

 

  1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

Воронеж ауылдық округі әкімінің аппараты 14 мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетеді: Мемлекеттік қызметтер «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V ҚР Заңына (25.06.2020 ж. жағдай бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілген), Федоров ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 07 сәуірдегі № 116 қаулысымен бекітілген Ережеге сәйкес көрсетіледі. Ереженің 14-т. 14) тш. сәйкес, әкім аппаратының функцияларына және Воронеж ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 12 мамырдағы № 18-ө «Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жауаптыларды тағайындау туралы» өкімінің негізінде Воронеж ауылдық округі әкімі аппаратының бас мамандары мемлекеттік қызметтер тіркелімімен регламенттелген Мемлекеттік қызметтерді көрсетеді, осы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізбесіне 14 кіреді. Әкім аппаратының қызметінде Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратты өзектендіру бойынша талаптар сақталады, көрсетілетін қызметті алушыларды мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы хабардар ету үшін әкімдіктің фойесінде үстелде қажетті құжаттар тізбесі мен оларды толтыру нысандарының үлгілері бар папкалар орналастырылған, көрсетілетін қызметті алушыларды мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы хабардар ету мақсатында Федоров ауданы әкімдігінің ресми сайтының «аудан әкімінің аппараты» бөлімінде «Федоров ауданы Воронеж ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары орналастырылды, өзгерістер мен жаңартулар барысында өзгерістер мен түзетулер енгізіледі. Сондай-ақ, интернет-ресурста жылына кемінде бір рет көрсетілетін қызметті берушілердің, мүдделі жеке тұлғалардың және заңды тұлғалар өкілдерінің қатысуымен Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есеп орналастырылады. Халықтың мемлекеттік қызметтерге тең қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында Федоров ауданы әкімдігінің ресми Интернет-ресурсында «Мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша есептер» бөлімінде көрсетілетін қызметті берушінің байланыс телефондары орналастырылған, олар арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратты, жауапты тұлғаларды және мемлекеттік қызметтер көрсету кестелерін алуға болады. Ауылдық округ әкімінің аппаратымен халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған іс-шаралар өткізіледі, бұл Федоров ауданы әкімінің аппаратымен өткізілетін материалды өз бетінше зерделеу, логикалық талдау, семинар-кеңестер, сондай-ақ осы бағыт «құқықтық білім мектебінде» қаралады. Есептік кезеңде 2 қызмет көрсетілді, Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша 4 түсіндіру іс-шарасы өткізілді, оның ішінде: жиындар – 4. Мемлекеттік қызметтерді көрсетуге жауапты мамандар қызмет алушыларды электрондық цифрлық қолтаңбаларды алу және қызметтерді электрондық форматта алу тәртібі туралы хабардар ету бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Халыққа мемлекеттік қызмет көрсетудің барлық кезеңінде қызмет алушылардан мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша әкім аппаратына және жоғары тұрған инстанцияларға шағымдар түскен жоқ. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі. Тиімділікті бағалау критерийлерінің бірі белгіленген стандарттар мен регламенттерге сәйкес мемлекеттік қызметтерді уақтылы және сапалы көрсету болып табылады.

Есепті кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі бақылау жүргізу кезінде келесі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды:

- екі мемлекеттік көрсетілетін қызметте: «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» және «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» қызмет алушы мен қызмет беруші тікелей байланыста болады.

- Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде, мысалы «сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі барлық құжаттарды (өтініштер, өтінішке қосымшалар, жер комиссиясының хаттамасы, ауылдық округ әкімінің шешімі) көрсетілетін қызметті алушы және көрсетілетін қызметті беруші электрондық түрде алады. Алайда жер учаскесі бойынша құжаттарды одан әрі ресімдеу үшін кейбір ұйымдар (халыққа қызмет көрсету бойынша – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалы) әкімнің көк мөрімен қағаз түрінде ауылдық округ әкімінің шешімін сұратады. Мұнда көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушімен тікелей байланысы бар, Қағидаларда қағаз нұсқасы көзделмеген.

Есепті кезеңде мемлекеттік қызметтер көрсетуге өткізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша:

мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылды – 0,

көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына шағымдар саны – 0,

белгіленген мерзімдерді бұзып көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны – 0.

 

ММ қызметіне қатысты НҚА

2022 жылғы 01 маусымға «Федоров ауданы Воронеж ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-де 34 нормативтік-құқықтық актілер қабылданды, оның ішінде 25 - өкім, 9 - шешім, осы кезеңде әділет органдарында тіркеу жүргізілген жоқ. Қостанай облысы әділет департаментімен құқықтық мониторинг жүргізу кезінде құқық нормаларында кемшіліктер анықталған жоқ.

Талдау жүргізу кезеңінде Воронеж ауылдық округі әкімінің аппараты толық жасақталған. 2022 жылдың есептік кезеңінде теріс себептер бойынша жұмыстан босату, қызметкерлердің лауазымын төмендету фактілері тіркелген жоқ.

 

«Федоров ауданы Воронеж ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ қатысты мемлекеттік органдармен жүргізілген тексерулердің нәтижелері.

Есепті кезеңде «Федоров ауданы Воронеж ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік мекемесіне қатысты: 2022 жылғы 29 сәуірде 2022 жылғы 5 қаңтардан 2022 жылғы 26 сәуірге дейінгі кезеңде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнаманың сақталуы мәселесі бойынша тексеру жүргізілді.

 

Бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

Воронеж ауылдық округі әкімі аппаратының қызметкерлеріне қатысты бұқаралық ақпарат құралдарында теріс жариялау фактілері тіркелген жоқ.

 

Жеке және заңды тұлғалар өкілдерінің өтініштері

2022 жылдың есептік кезеңінде «Воронеж ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ барлығы 7 өтініш түсті (жеке тұлғалар). Оның ішінде жеке қабылдауда - 7 өтініш, шағымдар - 0. Заңды тұлғалардың өкілдерінен – 0. Барлық өтініштер заңда белгіленген мерзімде қабылданды, тіркелді және қаралды. Келіп түскен өтініштердің жалпы санынан құзыреті бойынша басқа мемлекеттік мекемелерге қайта бағыттау жүргізілген жоқ. Оның ішінде 7 қарау нәтижесі бойынша түсіндірілді. Есепті кезеңде өтініштерді қарау мерзімдерінің бұзылуы анықталған жоқ. Өтініштердің сипаттамасы: еңбек және жұмыспен қамтудың жалпы мәселелері; микрокредит беру, ауыл шаруашылығы, ветеринария, жер қатынастары, азаматтарды құжаттандыру, азаматтарды тіркеу және шығару, жылжымайтын мүлік мәселелері

Жылдың есепті кезеңінде прокурорлық қадағалау актілері түскен жоқ.

Талданып отырған кезеңде сот актілері түскен жоқ.

Талап-арыз қызметі

Талдау кезеңінде «Воронеж ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ сот отырыстарында талапкер немесе жауапкер ретінде әрекет етпеді. Көрсетілген кезеңде мемлекеттік мекемеге талап қою талаптары қойылмады.

«Федоров ауданы Воронеж ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ қызметіне өткізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды. Екі мемлекеттік көрсетілетін қызметте: «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» және «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» қызмет алушы мен қызмет беруші тікелей байланыста болады.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде, мысалы «сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі барлық құжаттарды (өтініштер, өтінішке қосымшалар, жер комиссиясының хаттамасы, ауылдық округ әкімінің шешімі) көрсетілетін қызметті алушы және көрсетілетін қызметті беруші электрондық түрде алады. Алайда жер учаскесі бойынша құжаттарды одан әрі ресімдеу үшін кейбір ұйымдар (халыққа қызмет көрсету бойынша – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалы) әкімнің көк мөрімен қағаз түрінде ауылдық округ әкімінің шешімін сұратады. Мұнда көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушімен тікелей байланысы бар, Қағидаларда қағаз нұсқасы көзделмеген.

 

 

Воронеж ауылдық округінің әкімі                                     Дубко Л.З.

 

10 маусым 2022 жыл

«Федоров ауданы Воронеж ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі талдау анықтамасы
Дата публикации
10 июня 2022