«Федоров ауданы Вишневый ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-де сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша талдамалық анықтама
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес және 2022 жылғы 1 маусымдағы бастап 2022 жылғы 10 маусымдағы аралығында «Федоров ауданы Вишневый ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-де «Федоров ауданы Вишневый ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» Вишневый ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 3 наурыздағы № 6-ө өкімінің негізінде Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау «Федоров ауданы Вишневый ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде жүргізілді.
«Федоров ауданы Вишневый ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ өз қызметін Федоров ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 23 желтоқсандағы № 303 қаулысымен бекітілген мемлекеттік мекеме туралы ереже негізінде жүзеге асырады. «Федоров ауданы Вишневый ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің Ережеде айқындалған функциялары нормативтік құқықтық актілерге сәйкес келеді.
«Федоров ауданы Вишневый ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ өз қызметінде басшылыққа алатын негізгі нормативтік құқықтық актілер болып табылады: ҚР Конституциясы, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңдары, Мемлекеттік қызметтер туралы, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі, Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы, Мемлекеттік мүлік туралы, Мемлекеттік сатып алу туралы, құқықтық актілер туралы, Мемлекеттік рәміздер туралы, Мемлекеттік қызмет туралы, Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы, Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы, жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру туралы Азаматтық қорғау туралы, Адвокаттық қызмет туралы, Бюджет кодексі, Жер кодексі, Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы, Еңбек кодексі, Бухгалтерлік есеп жүргізу ережесін бекіту туралы.
«Федоров ауданы Вишневый ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді талдау қорытындысы бойынша коллизиялар, олқылықтар, дискрециялық нормалар анықталған жоқ. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің белгілері бар функциялардың болуы анықталған жоқ.
Әкім аппаратында мемлекеттік сатып алуды өткізу баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу жоспарына толық сәйкес және тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден жүзеге асырылады. Мемлекеттік сатып алуды тиісінше өткізу қамтамасыз етіледі, бұзушылықтар анықталған жоқ.
«Федоров ауданы Вишневый ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ қатысты мемлекеттік органдармен жүргізілген тексерулердің нәтижелері.
Талданып отырған кезеңде тексерулер жүргізілген жоқ.
Штатная численность ГУ «Аппарат акима Вишневого сельского округа Федоровского района» составляет 3 единицы (аким, 2 главных специалиста).
"Федоров ауданы Вишневый ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ талдау жүргізу кезеңінде толық жасақталмаған, бас маманның бос орны бар.
«Федоров ауданы Вишневый ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік қызметшілерінің лауазымдық нұсқаулықтарында олардың лауазымдық құқықтары мен міндеттері толық көрсетілген, қызметкерлердің міндеттерін қайталау фактілері жоқ. «Федоров ауданы Вишневый ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ қызметкерлеріне демалыс беру бекітілген кестеге сәйкес және қатаң түрде мемлекеттік қызмет туралы Заңға және Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
Қызметкерлерге сыйақы беру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Талданып отырған кезеңде қызметкерлерге сыйақы берілмеді.
Талданып отырған кезеңде «Федоров ауданы Вишневый ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ қызметкерлерін сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар, сондай-ақ мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылықтар жасағаны үшін жауаптылыққа тарту фактілері болған жоқ.
Талданып отырған кезеңде «Федоров ауданы Вишневый ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ қызметкерлерін тәртіптік жауапкершілікке тарту фактілері болған жоқ.
Жұмысқа қабылданған қызметкерлердің үлестестігі, сондай-ақ мүдделер қақтығысы анықталған жоқ.
«Федоров ауданы Вишневый ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік қызметтің 14 түрі көрсетіледі:
Халыққа қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат беру үшін ақпараттық стенд ресімделді, онда «Федоров ауданы Вишневый ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ көрсететін мемлекеттік қызметтер бойынша қолданыстағы стандарттар, сенім телефонының нөмірі, азаматтарды жеке қабылдаудың бекітілген кестесі орналастырылған.
Талдау қорытындысы бойынша 2 мемлекеттік қызметте: "Сауда - саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу" және "жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" сыбайлас жемқорлық тәуекелі-көрсетілетін қызметті алушы мен көрсетілетін қызметті берушінің тікелей байланысы анықталды.
«Федоров ауданы Вишневый ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ қызметкерлеріне қатысты бұқаралық ақпарат құралдарында теріс жариялау фактілері жоқ.
Талдау кезеңінде заңды тұлғаның 1 өтініші болды (басқалары).
«Федоров ауданы Вишневый ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ басшысының жеке қабылдауына өтініш (өтініш) келіп түсті. Өтініштерді қарау нәтижелері: 1 түсіндірілді. Талданып отырған кезеңде шағымдар түскен жоқ
Талданып отырған кезеңде прокурорлық ден қою актілері түскен жоқ.
Талданып отырған кезеңде «Федоров ауданы Вишневый ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ шағым-талап қызметіне қатысқан жоқ.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша «Федоров ауданы Вишневый ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ қызметінде 2 мемлекеттік қызметте сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды: «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» және «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» - көрсетілетін қызметті алушы мен көрсетілетін қызметті берушінің тікелей байланысы.
Вишневый ауылдық
округінің әкімі Андреев Александр Валерьевич
2022 ж. 10.06.