«Федоров ауданы Баннов ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі талдамалық анықтама

«Федоров ауданы Баннов ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі талдамалық анықтама

«Федоров ауданы Баннов ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ басшысынын 2021 жылғы 07 сәуіргі № 15-ө «Сыбайлас жемқорлық қауіп-қатеріне ішкі талдау жүргізу туралы» әкім өкімі негізінде 2021 жылғы    07 сәуірден бастап 2021 жылғы 09 сәуір дейін Баннов ауылдық округі әкімінің аппаратында сыбайлас жемқорлық қауіп-қатеріне ішкі талдау жүргізілді.

  1. Мемлекеттік мекеменің қызметін қозғайтын, нормативтік құқықтық актілер

«Федоров ауданы Баннов ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ өз қызметін Федоров ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 25 желтоқсандағы қаулысымен бекітілген мемлекеттік мекеме туралы Ереже негізінде жүзеге асырады. Ережеде белгіленген Баннов ауылдық округі әкімі аппаратының функциялары нормативтік құқықтық актілерге сәйкес келеді.

Нормативтік-құқықтық актілердің тізбесі, мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің еңбек қызметіне басшылық жасау: «Қазақстан Республикасының Конституциясы»,  «Әдеп кодексі», «Еңбек кодексі», «Бюджет кодексі», Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы,  «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңы,  «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу қағидалары», Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі.

Баннов ауылдық округі әкімінің аппараты қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерге талдау жүргізу қорытындысы бойынша қайшылықтар, кемшіліктер, дискрециялық нормалар айқындалмады. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет белгілері бар функциялар айқындалмады.

  1. Персоналды басқару

Штат саны 5 бірлікті құрайды (әкім, 4 бас маман).

Талдау жүргізу кезеңіне Баннов ауылдық округі әкімінің аппараты толық жинақталған. Жұмысқа қабылданған қызметкерлердің үлестестігі, сондай-ақ мүдделер қақтығысы айқындалмады.

Мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық нұсқаулықтарында олардың лауазымдық құқықтары мен міндеттері толығымен көрсетілген, қызметкерлердің міндеттерін қайталау фактілері жоқ.

Бөлім қызметкерлеріне демалыс беру бекітілген кестеге сәйкес және Мемлекеттік қызмет туралы Заңға және Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.

Қызметкерлерге сыйлық Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес беріледі. Талданып отырған кезеңде қызметкерлерге сыйақы төленген жоқ.

 

Алынбаған тәртіптік жазасы бар қызметкерлерге сыйақы беру фактілері болмады.

Талданып жатқан кезеңде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің беделін түсіретін теріс қылық жасағаны үшін қызметкерлерді жазаға тарту фактілері болмады.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету

Бөліммен 14 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі:

  1. «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою»;             
    2. «Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру»;                        
    3. «Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу»;                          
    5. «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау»;
    6. «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау»;
    7. «Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру»;
    8. «Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу»;
    9. «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»;
  2. «Мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) сатып алу»;
    11. «Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру»;    
    12. «Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу»;  
    13. «Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу»;
    Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы халықты хабардар ету үшін,Баннов ауылдық округі әкімінің аппараты көрсететін мемлекеттік қызметтердің қолданыстағы Стандарттары мен Регламенттері, сенім телефонының нөмірі, әкімнің және оның орынбасарының азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының бекітілген кестесі орналасқан ақпараттық стенд безендірілген.

         Ауыл әкімінің аппаратымен халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған іс-шаралар өткізіледі, бұл материалды зерделеу, Федоров ауданы әкімінің аппаратымен өткізілетін семинар-кеңестер.

Екі мемлекеттік көрсетілетін қызметте: «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» және «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» қызмет алушы мен қызмет беруші тікелей байланыста болады.

        

  1. «Федоров ауданы Баннов ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ қатысты мемлекеттік органдар өткізген тексеру нәтижелері

Талданып жатқан кезеңде тексерулер болған жоқ.

  1. Прокурорлық ден қою актілері

     Талданып жатқан кезеңде прокурорлық ден қою актілері келіп түспеді.

  1. Наразылық-талап қою қызметі

     Талданып жатқан кезеңде болған жоқ.

  1. «Федоров ауданы Баннов ауылдық округі әкімінің  аппараты» ММ келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері

     Талданып жатқан кезеңде келіп түскен өтініштердің жалпы саны – 12. Өтініштердің негізгі мәселелері –тұрғын үй-тұрмыстық мәселелер.

     Өтініштерді қарастыру нәтижелері: қанағаттандырылды – 5, түсіндірілді – 7, қайта жіберілді – 0, қабылданбады – 0.

     Баннов ауылдық округі әкімінің жеке қабылдауына 7 өтініш берілді, 7 өтінішке ауызша түсінік берілді.

     Талданып жатқан кезеңде келіп түспеді.

  1. Бұқаралық ақпарат құралдарындағы жариялымдар

     Баннов ауылдық округі әкімінің аппараты қызметкерлеріне қатысты бұқаралық ақпарат құралдарында теріс жариялау фактілері орын алмады. 

«Федоров ауданы Баннов ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ қызметіне өткізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың нәтижелері бойынша 2 сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды:

Екі мемлекеттік көрсетілетін қызметте: «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» және «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» қызмет алушы мен қызмет беруші тікелей байланыста болады.

Нотариаттық іс-әрекеттер жасауға уәкілетті маман жеке кабинетте отырмайды.

Бас маман иесінің сөзінен жеке қосалқы шаруашылық туралы анықтама береді.

Мемлекеттік қызметшілер мен салық төлеушілер арасындағы байланыс факторын алып тастау

Ұсыныс.

Жеке қосалқы шаруашылық туралы анықтаманы ветеринариялық дәрігерлер беруді ұсынамыз, өйткені оларда малды ауладағы өңдеуге сәйкес нақты деректері бар, дұрыс мәліметтері бар.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде лауазымды тұлғалардың халықпен тікелей байланысына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол бермеу мақсатында бағдарламаны электрондық форматта пысықтау.

Электрондық қосымша арқылы мемлекеттік қызметшілермен және салық төлеушілермен байланыссыз салықтарды төлеу.

 

Баннов ауылдық округі әкімінің

міндеттерін атқарушы                                                       Н. Васильева 

 

«10» маусым  2022 год

 

«Федоров ауданы Баннов ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі талдамалық анықтама
Дата публикации
10 июня 2022