«Федоров ауданы әкімінің аппараты» ММ қызметіндегі
сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін зерделеу
қорытындылары туралы талдамалық анықтама
«Федоров ауданы әкімінің аппараты» ММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес және «Федоров ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» Федоров ауданы әкімі аппаратының 2022 жылғы 10 наурыздағы № 12 бұйрығы негізінде жүргізілді. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 2022 жылғы 1-10 маусым аралығында жүргізілді.
Әкім аппараты өз қызметінде: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Заңдарды, ҚР Президентінің, Үкіметінің актілерін, Қостанай облысы әкімдігінің қаулыларын, Қостанай облысы әкімінің шешімдерін, Федоров ауданы әкімдігінің қаулыларын, Федоров ауданы әкімінің шешімдерін және өзге де нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады.
Әкім аппаратының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді талдау қорытындысы бойынша: коллизиялар, олқылықтар, дискрециялық өкілеттіктер және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормалар анықталған жоқ.
Әкім аппаратында мемлекеттік сатып алуды өткізу баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен және тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден мемлекеттік сатып алу жоспарына толық сәйкестікте жүзеге асырылады. Мемлекеттік сатып алудың дұрыс жүргізілуі қамтамасыз етіледі. Бұзушылықтар анықталған жоқ.
1) 2022 жылғы 8-28 ақпан аралығында – «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министрлігі Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті» мемлекеттік мекемесі - азаматтық қорғаныс жағдайына профилактикалық бақылау және қадағалау жүргізілді.;
2) 2022 жылғы 14 ақпаннан бастап 3 наурызға дейін - «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Қостанай облысының төтенше жағдайлар департаменті Федоров ауданының төтенше жағдайлар бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесінің өртке қарсы қауіпсіздік жағдайын тексеру
Жұмысқа қабылданған қызметкерлердің үлестестігі, сондай-ақ мүдделер қақтығысы анықталған жоқ.
Мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық нұсқаулықтарында олардың лауазымдық құқықтары мен міндеттері толық көрсетілген, қызметкерлердің міндеттерінде қайталау фактілері жоқ.
Бөлім қызметкерлеріне демалыс беру Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет туралы Заңына және Еңбек кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
Қызметкерлерге сыйақы беру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Тәртіптік жазасы алынбаған қызметкерлерге сыйақы беру фактілері жоқ.
Талдау кезеңінде ММ қызметкерлерін сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар, сондай-ақ мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылықтар жасағаны үшін жауапкершілікке тарту фактілері болған жоқ.
Талдау барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелі анықталды: құжаттарды қолма-қол қабылдау кезінде кадр қызметінің мамандары кандидаттардың мемлекеттік мекеменің қызметкерлерімен тікелей байланысын жүзеге асырады.
Мемлекеттік қызметтер «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V ҚР Заңына сәйкес жүргізіледі. Стандарттарға сәйкес «Федоров ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызметтің 8 түрін көрсетеді:
1) «Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу»;
2) «Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу»;
3) «Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру»;
4) «Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер Немесе анықтамалар беру»;
5) «Неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты»;
6) «Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу»;
7) «Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу»;
8) «Азаматтық хал актілері жазбаларының күшін жою»
және 2 әскери есепке алу саласындағы мемлекеттік қызметтер:
1) «әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыруды беру»;
2) «азаматтарды әскери қызметке шақырудан босату».
Талданып отырған кезеңде 487 Мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде: ХҚКО арқылы – 243 қызмет (49,9%), электрондық үкімет веб-порталы арқылы – 226 қызмет (46,4%), жергілікті атқарушы органдар арқылы - 18 Қызмет (3,7%).
Мемлекеттік қызмет көрсету жөнінде шағымдар түскен жоқ.
Федоров ауданы әкімінің жеке қабылдауында 33 адам, аудан әкімінің орынбасарларымен – 11 адам қабылданды. Барлық өтініштер қаралды және олар бойынша тиісті жауаптар берілді.
Қайталанған өтініштер түскен жоқ. Өтініштерді қарау мерзімдерінде бұзушылықтар жоқ.
Жүргізілген талдау нәтижесінде аудан әкімі аппаратымен жүзеге асырылатын 3 «жасырын» функция анықталды:
1) кәмелетке толған, әрекетке қабілетсіз кемтар адамдарға қорғаншылықты (қамқоршылықты) ресімдеу мәселелері бойынша өтініштер;
2) шаруа қожалығын жүргізу үшін аудандық маңызы бар жер учаскесіне жалдау мерзімін ұзарту туралы өтініш;
3) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру.
Азаматтарға Федоров ауданының әкімі барлығы 31 талап арыз жолдады, оның ішінде: жер учаскесін коммуналдық меншікке қайтару туралы – 1, мұраны иесіз деп тану және коммуналдық меншікке беру туралы - 30.
«Федоров ауданы әкімінің аппараты» ММ қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелі анықталды: біреуі қолма-қол құжаттарды қабылдау кезінде кадр қызметінде және мемлекеттік органға өтініштерді қабылдау кезінде үш тәуекел («жасырын» функциялар).
Федоров ауданы әкімі
аппаратының басшысы А. Койшибаева