|
1. Жалпы ережелер.
|
||
|
1) Қызмет беруші туралы мәліметтер |
1. «Федоров ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (мәтін бойынша бұдан әрі - Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі) жұмыспен қамту, әлеуметтік әріптестік және халықты әлеуметтік қорғау саласында жергілікті мемлекеттік басқару қызметін орындауға жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. 2. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ведомстволық бағынысты Федоров ауданы әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бар, өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 3. Федоров ауданының әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің құрылтайшысы болып табылады 4. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ұйымдық–құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, қазынашылық органдарында шоттары болады. 5. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі азаматтық–құқықтық қатынастарға өз атынан түседі. 6. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар. 7. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды. 8. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі. 10. Мемлекеттік органының толық атауы - «Федоров ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі. 11. Ереже Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің құрылтай құжаты болып табылады. 12. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметін қаржыландыру Республикалық және жергілікті (аудандық) бюджеттен жүзеге асырылады. 13. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі кәсіпкерлік субъектілерімен Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. |
|
|
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат: |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің саны |
1964
|
|
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны |
149 |
|
|
тегін және (немесе) ақылы негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны |
1964 – тегін; 0– ақылы; 0 – ақылы/тегін |
|
|
қағаз және (немесе) электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны |
16– электрондық/қағаз, 2– қағаз, 1- электрондық |
|
|
бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтерстандарттары және регламенттері |
15 – стандарттар |
|
|
3) Ең көп көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат: |
2020 жылмен салыстырғанда 2021 жылдың 12 айында Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі барлығы 1964 (ЭҮП арқылы –697) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсетті, (2020 ж.-1487 мемлекеттік көрсетілетін қызметтер (ЭҮП арқылы -75)
- Мүгедектерге протездiк - ортопедиялық көмек ұсыну үшiн оларға құжаттарды ресiмдеу – 54 (2020г – 39), - Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету – 101 (2020г – 62), - Мүгедектерге кресло-арбалар беру – 16 (2020г - 8), - Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету – 17 (2020г – 17), - Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу– 26 (2020г -16), - Медициналық-әлеуметтiк мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсетуге құжаттар ресiмдеу - 23 (2020г -28), - тұрғын үй көмегін тағайындау – 7 (2020г -19), - Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәліктер беру – 0 (2020г -0), - Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды ресімдеу- 2 (2020г -10), - Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу - 21 (2020г -21). - өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру-0, - жұмыс іздеп жүрген адамдарға және жұмыссыздарға көмек көрсету (мемлекеттік қызмет мамырға дейін) - 491 (ЭҮП арқылы - 122), - Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу (мемлекеттік қызмет маусым айынан бастап) - 400 (ЭҮП арқылы-245) - Жұмыссыздарды тіркеу -189 (ЭҮП арқылы - 97),
- Жұмыс іздеп жүрген адамдарға және жұмыссыздарға қызмет көрсету (Жұмыспен қамту орталығы арқылы) -1075 (ЭҮП арқылы-459), - Жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы анықтама беру-1, - жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдама беру – 525 (ЭҮП арқылы-126), - Жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек тағайындау - 48, - Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау-40. Ең көп көрсетілетін мемлекеттік қызметтер Жұмыс іздеп жүрген адамдарға және жұмыссыздарға қызмет көрсету (Жұмыспен қамту орталығы арқылы) -1075 (ЭҮП арқылы-459) |
|
|
2. Қызмет алушылармен жұмыс
|
||
|
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету туралы ақпаратқа қол жеткізу орындары мен көздері туралы мәліметтер:
|
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қол жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында Федоров ауданы әкімдігінің интернет-ресурсының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сілтемелер орналастырылғын, жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетінмемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі, Федоров ауданы әкімдігінің мемлекеттік мекемелерімен көрсетілетінмемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізбесі, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттері мен стандарттары, Федоров ауданы әкімдігінің мемлекеттік қызметтер беруші мемлекеттік органдардың байланыс телефондары оналастырылған. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жөнінде нормативтік құқықтық актілер, ақпараттық-анықтамалық материалдар орналастырылған стендтер ресімделген, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына жауапты лауазымдық тұлғалар анықталған. |
|
|
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары жобаларын жария талқылау туралы ақпарат:
|
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларына жария талқылаулар өткізу облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің құзыретіне кірмейді. |
|
|
3) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тазалығынқамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинары, кездесулер, интервьюлер және басқалар) |
2021 жыл ағымында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мамандарымен «Федоровские новости» газетінде жарияланды: «Федоров ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша 1 мақала 1-бап Жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және халықты жұмыспен қамту орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидалары |
|
|
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процесстерін жетілдіру бойынша қызмет
|
||
|
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыружәне автоматтандыру нәтижелері |
Мемлекеттік қызметтер көрсету процесстерін оңтайландыру және автоматтандырупроцесстерінің нәтижесі оларды сапалы көрсетуге оңтай. Мемлекеттік көрсетілетінқызметтер көрсету процесстері қарапайымдалынады, мемлекеттік қызметтер көрсету процесстерінде мерзімдері қысқартылады және әкімшілік барьерлер қысқартылады. |
|
|
2) Мемлекеттік көрсетілетінқызметтер саласының қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар |
Мемлекеттік көрсетілетінқызметтер саласының қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мақсатында құқықтық жалпы білім беру сабақтары жүргізіледі, онда өзекті тақырыптар қаралады, мамандар халыққа қызмет көрсету орталықтарының ықпалдастырылған ақпараттық жүйесімен жұмыс жасау семинарларына қатысады. |
|
|
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына бақылау |
||
|
1) Мемлекеттік көрсетілетінқызметтер мәселелері бойынша қызмет алушының арыздары туралы ақпарат |
Есепті кезеңде көрсетілетін қызметті алушыдан бөлімге мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдар түскен жоқ және қаралған жоқ. |
|
|
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына ішкі бақылау нәтижелері |
2021 жылға арналған мемлекеттік қызмет көрсету сапасын ішкі мемлекеттік бақылаудың бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес Федоров ауданы әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшесі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде бір ішкі бақылау іс-шарасы жоспарланып, өткізілді. Бақылау іс-шараларының нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жоқ, ұсыныстар берілді. Келесі ұсыныстар берілді: - бекітілген стандарттар мен регламенттерге сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету; - Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде оларды көрсету мерзімдері мен тәртібін бұзу фактілеріне жол бермеу, оларды алуға шағымдарға жол бермеу; - ұсынылуы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартымен регламенттелген құжаттар топтамасы толық болмаған жағдайда Мемлекеттік қызмет көрсету фактілеріне жол бермеу, ұсынылуы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартымен регламенттелмеген құжаттарды талап ету фактілеріне жол бермеу, мемлекеттік қызмет көрсетуден заңнамада көзделмеген бас тарту фактілеріне жол бермеу; - ұсынылатын есептік ақпараттардың сапасы мен уақтылығын ерекше бақылауға алу. Жоғарыда көрсетілген ұсынымдарды орындау бойынша жұмыс толық көлемде жүргізілді. |
|
|
3) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету сапасына бақылау және бағалау бойынша уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету сапасына бақылау және бағалаудың нәтижелері |
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 08 желтоқсандағы № 78 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларының және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді, профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы 2019 жылғы 01.03. № 26-Э актісімен бекітілген Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларының 46-тармағына сәйкес, «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті» РММ жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде. Бақылау іс-шарасының қорытындысы бойынша мынадай ұсынымдар берілді: - Бөлім басшысы мен бас маманды оқыту кестесіне сәйкес біліктілікті арттыру курстарына жіберу; - ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін артық құжаттарды талап ету фактілерін жою; - Мемлекеттік қызмет көрсетуден негізсіз бас тарту фактілерін болдырмау. Бөлім қызметкерлерінің қатысуымен семинар-кеңес өткізу; - Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде мерзімдерді сақтау мақсатында Федоров ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметіне аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарының лауазымдық нұсқаулығына оларды көрсету мерзімдерін бақылау жөніндегі функцияларды енгізу қажеттілігі туралы хат жолдасын. Жоғарыда көрсетілген ұсынымдарды орындау бойынша жұмыс толық көлемде жүргізілді. |
|
|
4) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету сапасына қоғамдықмониторингтің нәтижелері |
Федоров ауданы әкімдігінің қызмет көрсетуші мемлекеттік органдарында және олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингі жүргізілген жоқ. |
|
|
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына қызмет алушылардың қанағаттандығын арттыру және әрі қарай тиімділігінің келешегі
|
||
|
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттырудың негізгі бағыттары оларды автоматтандыру және Мемлекеттік корпорацияға аудару болып табылады. Жалпы, мемлекеттік қызмет көрсету саласында мемлекеттік корпорация және «электрондық үкімет порталы» арқылы көрсетілген қызметтер санының өсуі бойынша оң үрдіс байқалады. Мемлекеттік қызметтерді тұтынушы ретінде халықтың сұрау салуларына толығымен бағдарлана отырып, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған жұмыс жалғастырылатын болады. |
||